16 Қазан, 2010

Әріптестікке екіжақты мүдделілік

456 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
11-14 қазан аралығында Сол­түстік Атлантика альянсы (НАТО) бас хатшысының Ор­талық Азия және Кавказ бой­ынша арнаулы өкілі елші Р.Симмонстың жетекшілі­гімен НАТО сарапшыларының сапа­ры болды. Қазақстанға келген күні-ақ Р.Симмонс еліміздің Қор­ғаныс министрі Ә.Жақсы­бековпен кездесіп, ынты­мақтастықтың ағымдағы жай-күйі жөнінде пікір алмасылды. Бұдан соң сұхбат­тас­тар қата­рына Қорғаныс министрі­нің орынбасары генерал-лейтенант Б.Сембинов қосылып, Қазақ­стан Республикасы мен НАТО арасын­дағы әріптестіктің дербес іс-қимыл жоспарын іске асы­рудың негізгі қырлары қарас­тырылды. Тараптар үстіміздегі жылы Қазақстанның НАТО-мен ын­тымақтастығында оң өзгерістер төбе көрсеткенін атап өтіп, өңірлік қауіпсіздік пен тұрақ­тылыққа қол­дау білдіру, Қазақ­станның Қарулы Күштерін модернизациялау мақ­сатында өзара ықпалдастықты одан әрі дамытуға ниет білдірді. Альянс сарапшыларының Қа­зақ­станның 19 мемлекеттік орган­дарының өкілдерімен бірлескен жұмысы барысында Қазақстанның НАТО-мен әріп­тестігінің дербес іс-қимыл жос­парының және “Жос­парлау және талдау үдерісі” бағдар­ламасы аясындағы әріптес­тік мақсаттарын іске асырудың алдын ала бағалануы шыға­рылды. Бағалаудың нәтижелері осы жылдың аяғында “Қазақ­стан+НАТО” тұрғысындағы мә­жіліс барысында талқыла­натын болады. ҚР ҚМ баспасөз қызметі.