16 Қазан, 2010

Депутаттар оң баға берді

503 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Бүгінгі қоғамдағы халықтың көзі ашық, көкірегі ояу. Сон­дық­танда олар болып жатқан істерге нақты бағасын береді. Ақ пен қараның ара жігін ашады. Десек те халықтың әлеуметтік-тұрмыс­тық жағдайын барынша жақсар­туға жол ашатын өндірісті дамы­ту, орта және шағын кәсіпкер­лік­ті қолдау мен көрсетілетін қыз­мет түрле­рі­нің сапасын арт­тыру бағытындағы істің деңгейі облыс басшысының біліктілігі мен байыпты ұйымдас­ты­руына байланысты екендігі де белгілі. Осы орайда халық сай­ла­ған мәслихат депутаттары оны нақ­ты бағалауы заңды. Елбасының тапсырмасымен мәслихат депу­тат­тары биліктің есебін тыңдауы жалғасын тауып келеді. Облыстық мәслихаттың ке­ңей­­тілген сессиясында облыс әкі­мі Серік Үмбетов өткен тоғыз айдағы өңірдің әлеуметтік-эко­номикалық дамуы және алда тұр­ған міндеттер туралы есеп берді. Қалай десек те есептің аты есеп. Сондықтан да облыс басшы­сы нақты дерек пен дәйекті кел­тіре отырып, өңірдегі өнеркәсіп, индустрияландыру картасы, ауыл шаруашылығы, шағын және орта кәсіпкерлік, білім мен денсаулық сақтау, мәдениет және саламатты өмір салтын қалыптастыру бағы­тын­дағы атқарылған жұмыстарды жүйелеп жеткізді. Өткен тоғыз айдың қоры­тын­ды­сы бойынша өнеркәсіп сала­сын­да 245 млрд. теңгенің, ауыл ша­руа­шылығында 161 млрд. тең­ге­нің өнімі өндірілсе, өңір эко­но­ми­­касына 235,3 млрд. теңге инвес­ти­ция тартылған. Сонымен қатар, тұрғын үй құрылысы, сумен, элек­тр­мен, табиғи газбен жабдықтау, “Жол картасы” аясындағы қолға алынған жұмыстар да кеңінен ай­тылды. Өткен жылмен салыстыр­ғанда жұмыссыздық деңгейі тө­мен­деп, жастарды мамандығы бой­ынша орналастыру, тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселелері шешімін тауыпты. Есепті кезеңде білім беру, ден­саулық сақтау саласындағы халық­тың сұранысы өтеліп, жаңа білім шаңырақтары мен ауруханалар ел игілігіне айналған. Аталған сала қызметкерлерінің коммуналдық төлемдерін қаржыландыру, кәсіби шеберліктерін арттыру бағытын­дағы жұмыстар да жүйелене түс­кен. Облыс әкімі халық қалаулы­ла­ры алдындағы есебінде жер­гілікті атқарушы органдардың ал­дына халықтың сұранысына орай балабақшамен қамту деңгейін, білім сапасын көтеруді, ауыз су, жол жөндеуді, күнделікті азық-түліктің бағасын тұрақтандыруды, қыраулы қысқа дайындықты жақ­сарту қажеттігін міндеттеді. Бұл біздің жұмысымыздың негізі екен­дігін ұмытпауымыз керек, деді. Сессияда Жамбыл, Қарасай, Ақсу аудандары мәслихат хатшы­лары мен депутаттары облыс әкімінің есебіне жақсы баға берді. Күмісжан БАЙЖАН. Алматы облысы.