16 Қазан, 2010

Бағдарлама жобасы талқыланды

534 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
14 қазанда “Нұр Отан” ХДП 2011-2020 жылдарға арналған “Ақ­бұлақ” салалық бағдарламасының жобасын талқылау бойынша оты­рыс өткізді. Халықты ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесі “Нұр Отан” партиясының ерекше наза­рын­да. Партия Халықтық тұғыр­намасының мониторингісі көрсетіп отырғандай, ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесі, әсіресе, ауылды елді мекендерде  бірнеше жылдан бері проблемалы болып келеді. 2002-2010 жылдары халықты ауыз сумен қамтамасыз етуге  335 миллиард теңге бөлінген, оның ішінде “Ауыз су” бағдарламасы шеңберінде ауылды елді мекендер  үшін 195  миллиард теңге және басқа да бюджеттік бағдарламалар бойынша қалалар проблемаларын шешуге  140 миллиард теңге бөлінген. Қазіргі таңда Елбасы, партия көшбасшысы Н.Ә. Назарбаевтың тапсырмасына сәйкес Экономи­калық даму және сауда министрлігі бұрын болған бағдарламаның көптеген ескерілмеген мәселелерін ретке келтіретін 2011-2020 жыл­дарға арналған “Ақбұлақ” салалық жаңа бағдарламасын әзірлеуде. “Егемен-ақпарат”.