РУХАНИ-МӘДЕНИ ҚҰНДЫЛЫҚТАР — АДАМЗАТТЫҢ БАСТЫ БАЙЛЫҒЫ
Кеше Бүкіләлемдік рухани мәдениет форумы секцияларда жалғасты. Олардың тақырыптары да сан алуан болды. Солардың бірқатарына біздің тілшілеріміз де барып қатысқан болатын Үндестік үйлесімге шақырады “RІXOS” қонақүйінің “Жерұйық” залында алғашқы секция “Рухани мәдениет: бүгінгі қөзқарас, өркениеттің даму жолына әсері” деген тақырыпта өтті. Форумның І секциясына кімдер келмеген. Мұсылмандар, христиандар, буддалықтар, тіпті атеистер де бар. Барлығын ойландырған рухани мәдениеттің өркениет дамуына әсері. Алғашқы болып мінберге көтерілген Новосибирь қаласынан келген Ирина Арефьева рухани даму үйлесіммен өрбу үшін алдымен жаратылыс заңдылықтары бұзылмауы шарт, Жаратушы бізді түрлі етіп жаратты, біз түрлі мәдениет пен өркениетті таратушылармыз, бірақ осының барлығы қатар жүргенде эволюциялық даму жолынан, Жаратушы иенің сілтеген бағытынан ауытқымауы тиіс. Сонда барлығының табиғи үйлесімі орнына келеді, деді. Өткен ғасырда жер бетіндегі мемлекеттер ұғыныстыққа жетеміз деп Ұлттар Лигасын, онан кейін Біріккен Ұлттар Ұйымын құрды. Бірақ әлі діттеген жерге жеткен жоқ, деп жалғады сөзін шешен. Сондықтан, адамзат өркениетінің дамуына жаңа вектор қажет. 1992 жылы қазанда Қазақстанның сол кездегі астанасы Алматы қаласында Бүкіләлемдік рухани келісім конгресінің 1-ші сессиясында конгреске қатысушылар 18 қазанды әлем бойынша Рухани келісім күні деп бекіту жайын көтерді. Бұл – өте орынды бастама. Ресейлік ақын, философ Эдуард Балашов сөзінің негізгі желісі адамзат өркениетінің болашағы үшін жас ұрпақ тәрбиесінен маңызды ештеңе жоқ дегенге сайды. Адамгершілігі мықты адам ғана биік рухты отбасын құрады, сондай рухтағы балалар тәрбиелейді, осындай мемлекет құрады. Мемлекеттің өзі негізге алатын конституцияның өзі сол мемлекеттегі халықтың ділімен санасуы қажет. Ал тәртіп дегеніміз – ардың бұйрығын орындаушы болуы тиіс. Өзінің ары алдында тайсалмай тура қарайтын жан тәртіпсіздікке, қиянатқа, әділетсіздікке бармайды, деді ол. Бүгінгі күні адамзат атаулы жер бетіндегі барлық баланы өз балам деп қарауы тиіс, деген шешен осы орайда Мадагаскар аралын мысал ете кетті. Онда балалардың әкесі кім екеніне қарамастан, егер олардың шешесі жаңадан тұрмыс құрса, өгей әке үшін бұрынғы күйеуден туған балалар өз баласы болып саналады екен. Әрине, мен елдің барлығы мадагаскарлықтарша ойлап кетеді демеймін, алайда, жер бетіндегі барлық балаларға өз балаңдай қарасаң, әділетсіздікке жол жоқ. Кедейшілік пен сауатсыздық та болмайды, деп ой қорытты Э.Балашов. Белгілі ресейлік продюсер Бари Алибасов атеист көрінеді. Өз сөзінде ол адам баласының биосфераға туған баласы тәрізді емес, өгей шешедей қарайтынын айтып мәселе көтерді. Продюсерден соң мінберге көтерілген жапондық мейман Масами Саянджи сөзі Б.Алибасовтың материалистік көзқарасынан өзгеше шықты. Масами ханым сөз құдіретінің күшіне баса мән берді. Сөз – билік, сөз – дін, сөз – шындық, сөз соғысқа да, бейбітшілікке де әкеледі. Сөз құдіреті қоғам дамуына, мемлекет дамуына әсер етеді. Сондықтан адам баласы сөз құдіретіне қалай болса солай қарамай, оның құдіретін жасампаздыққа жұмсағаны абзал. Егер жер бетіндегі әр адам айтқан сөзіне толық жауап берсе рухани биіктікке көтеріле түсер еді, деді жапондық қайраткер әйел. Ол–Әлемдік Гоя бейбітшілік қорының төрайымы екен. Секция жұмысында қазақстандықтар да өз үндерін жеткізді. Орыс тілі пәнінің мұғалімі Ләззат Жәутікованы қоғамдағы кедейшілік пен асқан байлық арасындағы арасалмақ толғантса, Әуезхан Қодар үнқатысу үшін тек өзіңе ғана емес, сенімен үнқатысу орнатар жаққа да өзіңдей қарауың маңызды. Бұл дегеніміздің өзі – таным кеңістігін байыту. Мысал үшін, қазақ ұлттық мәдениетіне модернизм, постмодернизм ұғымдары сәйкес емес деп алайық. Дегенмен, оның барлығын түйсінудің өзі ұлттық мәдениеттегі көптеген үдерістерді дамытуға катализатордай әсер ететіні айқын. Ал ұлттық мәдениет көкжиегінің кеңеюі өзгелерде жүріп жатқан үдерістерді теріске шығармағанда шын мәнінде жүзеге асырылады. Егер өзіңді танығың келсе, алдымен қарама-қарсы жақты зертте. Қазақстан рухани дамуында әлемге есігін ашып, өзінің рухани мұрасының өткені мен бүгінгісіне сын көзімен қарай алуы тиіс, деді. Ресейлік Лев Семашко өз сөзін соңғы төрт ғасыр бойына адамзат баласы индустриялық өркениетте өмір сүріп келеді деп бастады. Оның басты құндылығы – материалдық байлық, экономиканы дамыту үшін пайданы қайтсем көбейтемін деп экономиканы алдыңғы орынға шығару. Оның ойынша, осы үдеріс әлі солай жалғасып келеді. Индустриализм, экономизм, технократизм, материализм, империализм атты көп “измдер” өркениеттің синониміне айналып кеткендей. Бұл – шарықтау емес, түптің түбінде шектелуге, мүжілуге әкелетін қатер. Осындай ортада рухани мәдениеттің өзі жоғарыда айтқан “измдерге” қызмет жасап жүр. Ал ол, керісінше, адамзаттың негізгі құндылығы – адамдардың рухани және әлеуметтік баюына жұмыс атқаруы тиіс-тін. Әрине, бұл қоғамда да осы үдерістің зиянды екенін айтып дабыл қағушылар, түрлі мақалалар мен шығармалар жазып, адамдарды оятқысы келетін жандар бар. Алайда, осы ғасырлар жүзінде тұтастай ойлау жүйесіне өзгеріс енген жоқ. Бұл ғасырлар өзінің тарихи миссиясын атқарып болды, қажетті материалдық базалар жасалды, енді бетті дұрыс бағытқа бұрып, рухани мәдениет алдыңғы орынға шығатын өркениет құратын уақыт жетті. Рухани дүние екінші қатарға ысырылған заманда жоғарыдағы “измдер” өздерінің күшінің әлсіздігін мойындап отыр. Олар қылмыс, террор, нашақорлық, т.с.с. паталогиялармен күресе алмайтынын білді. Ендеше, жаңа мыңжылдықтың алғашқы ғасырында адамзат баласына құндылықтардың мәнін ашатын жаңа көзқарас керек. Секция жұмысы cан түрлі ой айтқан шешендер сөзімен тұздықталып аяқталды. Алаңдатқан түйткілдер түйіні қандай? Кеше ғалам ғалымдарының басқосуында егжей-тегжейлі талқыланып, рухани ортақ мәселелерді шешуде өзара ынтымақтастық пен мәдени байланыстардың орны қашанда биік болып қала беретіні айтылды. Адам баласы табиғаттан тыс жеке өз алдына томаға-тұйық өмір сүре алмайтыны сияқты әлемдегі бірде-бір ел де, халық та дербес өз алдарына мемлекет ретінде өмір сүргенімен, рухани-мәдени құндылықтарға келгенде бәрібір бірінсіз бірі күн кеше алмайтыны, себебі, түрлі табиғат апаттары жер бетіндегі бүкіл адам баласына қаншалық қасірет шектіріп жатса, басқа да тосын қауіп-қатерлерге қарсы “бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығара” жұмылуы соншалық олардың бірлігі мен тірлігіне әсер ететіні белгілі. Жұдырықша жұмылу идеясы тек елдік тұрғыда айтылып қойылатын, өзіңнің жаның мен рухыңа ғана тән құндылықтарды көз қарашығындай қорғау, мәңгі құрмет тұта сүйіп өтумен шектелмейді, адамзат баласы алдында ғаламдық, жаһандық мұнан да ауқымды мәселелер менмұндалайды. Елордада ғалам ғалымдарын бір мақсатқа ұйыстырып, бастарын қосып жатқан Бүкіләлемдік рухани мәдениет форумы сол қордаланған ортақ түйткілдерді бірлесе шешуге үндеген бірден-бір халықаралық шара саналуда. Парламент Сенатының депутаты, әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрағасы Ақан Бижановтың төрағалық етуімен өткен басқосуда төрт тақырып бір арнада түйінделіп, ғаламдық мәселелер әңгіме өзегіне айналды. Кіріспе сөзді ашқан Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің әлеуметтану профессоры, үндітанушы, мәдениеттанушы Ким Шилин адамдардың үйлесімді қарым-қатынастары, саяси, рухани еркіндігі, қоршаған ортаға, балаларға деген сүйіспеншілік туралы айта келіп, рухани салада атқарылып жатқан жұмыстарға оң бағасын берді. Бұл ретте Ресей Қазақстаннан үлгі алуы керек, деп атап өтті ғалым. Тарихи отаны Ресей болып саналса да Мәскеу мен Санкт-Петербургте Лев Гумилев сынды ғұламаның атында әлі күнге дейін бірде-бір оқу орны жоқ, ал елорда түрколог ғалымға ілтипат білдіруден біздерді басып озып кетті. Ресейден бұрын осынау тұлғаға Қазақстанның айрықша құрмет көрсетіп, елордадағы ең ірі оқу орнына оның есімін беріп отырғаны “бұл шаһар шын мәнінде дүние жүзінің рухани орталығы болуға лайықты” деген көкірегімдегі сенімді бұрынғыдан да нықтай түсті, деген ол. Бұл ретте ғалым сөзін патриоттық екпінде сабақтады. “Ресей үшін жан-тәніммен жұмыс істеймін, мен оны мәңгі сүйіп өтемін. Бірақ менің Ресейдің шынайы патриоты бола тұра, Қазақстанға да осындай адамзаттық ұлы еңбектерге асқан құрметі үшін сүйіспеншілігім шексіз” деген ойшыл пайымынан жоғары парасат иесі екені аңғарылған. Рас, елорда соңғы жылдары көптеген халықаралық шараларға ұйытқы болған алып алаңға айналып келеді. Бірақ, әрине, бұлай болуы үшін алда әлі көп іс күтіп тұрғаны тағы аян. Ал ол жұмыс қалай атқарылуы керек, келешекте кімнің еншісінде қандай жұмыстар бар, мұның бәрі өзара келісім арқылы, тұрақты мәдени байланыстар барысында тиянақталатыны мәлімделді. Қазір мұндай өнегелі үлгілерде бәсекелестіктен гөрі, өзара сыйластық сезімдердің маңызды екені атап өтілді. Израильдің тәнтанушы ғалымы, “Өркениет жарығы” қоғамдық ассоциациясының директоры Борис Элькон қозғаған ой тереңіне бойласаң, түпсіз құдықтай тартатын ауқымды әңгіме болып шықты. Ол жаһандық сәулет өнері жауһарларын мысалға келтіре отырып, қоғамды үш ұрпаққа бөліп талдау жасады. Соның бәрінен де осы кезеңнің арқалар жүгі басқаларға қарағанда салмақтырақ сезіледі. Себебі, адам баласының қазір сана-сезімі мейлінше шарықтап, дамудың биік сатысына табан тірегенін ешкім жоққа шығара алмайды. Солай бола тұра, әлемде өркениет жарығына көлеңкесін үйірер түйткілдер де азаймай отыр. Соғыс пен ашаршылық, есірткі мен терроризм секілді есте жоқ ескі замандар еншісіне әлдеқашан өтіп, ұмытылар ұғымдар әлі күнге дейін өткір күйіндегі өзекті мәселе болып өркениеттің өңменіне қадалуда. Әлемдік рухани мәдениет мәселесін талқылаған жандарды осындай ортақ дерттер қатты мазалады. Германиядан келген медицина ғылымдарының докторы Бернард Швайгер қазіргі болып жатқан оқиғалар және оның адам денсаулығына әсері туралы ойларымен бөлісті. Бүгінгі сәт сайын кезігіп отыратын оқиғалар адамның бірінші кезекте сана-сезіміне әсер етпей қоймайды. Жақсы жаңалық та, керісінше жат көрініс болсын, бәрі де ең әуелі адам психикасына белгілі бір мөлшерде өзгеріс алып келетіні әлдеқашан дәлелденген бұлтартпас ақиқат. Бүгінде әлем жаңалықтарына құлақ түрсеңіз жан түршігерлік оқиғаларды естисіз. Соңғы жылдарғы табиғат апаттарынан зардап шегіп, тағдыр тәлкегіне ұшыраған сандаған жандардың мұңына алаңдаушылық білдірмеуге болмайды. Мұның бәрі бір адамның, бір отбасының немесе бір елдің басындағы ауыртпалық емес, жалпы жер бетіндегі бүкіл адамзат баласының ортақ қасірет-қайғысындай қабылдана бастауы сана-сезімнің жоғары деңгейге өсуінің бір ғана көрінісі. Өзімшілдік қасиет рухани құндылықтарды бірте-бірте биіктетумен азая береді деген сенім алға озды. Халықаралық өнер фестивальдерінің лауреаты, “Келешек толқыны” ғаламдық жобасының авторы әрі жетекшісі, ресейлік Леонид Тимошенко аймақтардағы таланттардың тағдырын талқылады. Біреуді талантты деп қарау, ал енді бір адамдар мұндай қасиеттен мүлде құралақан деп бөле-жару дұрыс емес, деп есептейді ол. Адамдардың бәрінің бойында белгілі бір шамада қабілет болатынын ескеру керек. Ғаламдық жоба иесі өзінің ғажайып ізденісінде сол ойын жүзеге асыруға талпынбақ. Бұл бір елдің аумағынан шықпай қалмаса екен деп үміттенеді. Автордың жобасы қазірдің өзінде көптеген елдерден қолдау таба бастапты. Қытайлық Хоу Цзинлинь көкейкесті ойларын осы жиынға әбден түйіндеп келіпті. Ол мәдениеттің руханилығы мен өркениеттің қарама-қайшылығы, рухани экологиялық өркениет және оның тұрақты дамуы, таралуы, оқу-ағарту шаралары жайында өте қызықты мағлұматтарды алға тартса, Еуропа жастары ісі жөніндегі халықаралық бөлімнің жетекшісі Гарсия Сицилия Инес бостандық, теңдік, бауырмалдық жайындағы тұшымды әңгімесімен жұртты иіріп әкетті. Өзі және “Мир через культуру” халықаралық ассоциациясын басқаратындықтан, сөзін негізінен жастар проблемасымен сабақтастыра өрбітті. Адамдардың арасындағы бауырмалдық сезімді күшейтсе, барлық жұрт бір-бірімен туыстай, бауыр жандардай жақындаса түсер еді, келешекте осындай біртұтас мемлекет құруымыз керек, деп үмітпен аяқтады сөзін. Ресей жоғары шығармашылық жазушылар кеңесі одағының мүшесі Ямиль Мұстафин Ресейде қазақтың хас батыры Бауыржан Момышұлына, шығыстың қос жұлдызы Мәншүк Мәметова мен Әлия Молдағұловаға қалай құрмет көрсетіп отырғандарын тебірене жеткізді: “Мен үйдің тоғызыншы баласымын. Анам марқұм тоғызың тоғыз түрлісің, бірақ бәріңді жүрегіммен бірдей көремін деп отырушы еді. Сол айтқандай, бес саусақ бірдей болмағанмен, әрқайсысының өз орны бар емес пе? Кеңестік кезеңнің кейбір жарқын беттерін көңілден сызып тастай алмаймын. Қазақстан мен Ресей арасындағы өзара достық қарым-қатынастың мұнан да басқа шынайы үлгілерін көптеп кездестіруге болады”, деді. Бірнеше секция бойынша рухани мәдениеттің өзекжарды өткір мәселелерін баяндап, ұсыныс-тілектерімен, тың жобаларымен бөліскен сала мамандарының түптеп келгендегі байламы – ХХІ ғасырдың сәулеттік жауһары осы күндерде өзін өркениетке ілескен әлемдегі ең жас қала ретінде танытып қана қоймай, дүние жүзіндегі айтулы тұлғаларды, құрметті есімдерді молынан тоғыстырған мәдени оқиғаға куә шаһар болып тарих парағына қатталуда. Өзара ой бөлісіп, іштегі шерін толғана бір тарқатуға себепші болған елордаға олардың сезімі селдей, көңіл-күйі көлдей болып көрінді. Қатысушылар лебізі Ежелгі дәстүр жалғастығы Ақай КЕНЕ, “Алтай” рухани орталығының президенті: – Ұлы Дала әрқашан да халықтардың басын қоса білгені тарихтан белгілі. Астанада өтіп жатқан Бүкіләлемдік рухани мәдениет форумы – соның заңды жалғасы іспеттес, өте құптарлық әрі мақтанарлық оқиға. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бұл бастамасы сол жасампаз ізгі дәстүрдің жалғасы. Біздер әрқашан қонақтарды жайымен қарсы ала білдік, сол қонақжайлылығымыз осындай ірі шараны өткізуден көрініс табады. Менің пайымымша, мұның артында үлкен болашақ бар, ата-бабаларымыздан қалған дәстүр бар. Бізде, Алтайда “адам адаммен бай” деген қанатты сөз бар. Көшпелілердегі бұл қағидатты ұғымға сайсақ, дос таба білудегі, қонағын күте білудегі әрекеттердің барлығы да байлық деп саналса керек. Аталған форумға қатыса отырып, өзімнің бір саты болса да байи түскенімді сезінемін деген ойдамын. Алтайда біз де қарап қалмай, өзіміздің түркілік дәстүрлеріміз бен мәдениетімізді сақтап қалуға әрекеттеніп келеміз. Әсіресе, соңғы жылдары бұл үрдіс белсенді түрде жалғасын тауып, қазіргі заманға лайық орнын алуда. Сондықтан болашақ осындай дәстүрлерді жаңғырту арқылы өміршеңдігін дәлелдей алмақ. Бір кездері ата-бабаларымыз, Бумын қаған, Шыңғыс хан түркілік миссияны орындап келсе, қазір ол Н.Назарбаевқа жүктеліп отырғандай. Жылылық жетіспей жатады Фарух ЗАКИРОВ, “Ялла” ансамблінің жетекшісі: – Біз Бүкіләлемдік рухани мәдениет форумынан тек жақсылық қана күтеміз. Бұл жерде көптеген әлемге әйгілі тұлғалармен бетпе-бет көрісіп, тіпті қол алысудың өзі неге тұрады. Рухани құндылықтардың сөз болуы, мәдениеттің тереңіне бойлау қазіргі кезде қажет әрі маңызды екендігін көрсетіп отыр. Астананы өзінің мәртебесін алмай тұрған кезінен білемін. Өңір эволюциялық жолмен дамып келе жатқанына көзім жете түсті. Бір кездері кент сияқты болған қала қазір мегаполиске айналған. Осыны көріп, көңілде қуаныш ұялағанын несіне жасырайын. Жақында ғана осы Тәуелсіздік сарайында концертіміз өтіп, оған өнерсүйер қауымның көп келуі халықтың мәдениетке, өнерге деген сүйіспеншілігін көрсетті. Біз, әрине, бейбітшілікті дәріптеп, бақытты, достықты және адами сезімдерді әнге қостық. Міне, бетпе-бет өзіңнің тыңдармандарыңмен кездескенде сезінген жылылық осы форумнан да көрініс табуда. Егер әркім осы форумнан бір жылылық алып кетсе, онда оның өзін өзі ақтағаны деп білемін. Рухани азық алудың артында адамдардың бір-бірімен араласуы жатыр. Қазіргі заманда әлемдегі орын алған әр түрлі қақтығыстардан құлақ тұнады. Соның орнына “Ассалаумағалейкум” деп амандасқанымыздың өзі неге татиды. Бұл амандасудың артында “мен саған бейбітшілік тілеймін” деген жылы сезімнің жатқаны және де соған жауап беріп жатудың өзі рухани байлық болып есептеледі. Егер мен сахнада тұрып ән айтсам, оны тыңдарман ерекше зейінмен тыңдаса, мұндайда бір ғанибет, яғни рухани байланыс бар деген сөз. Әмбебап құндылықтар қажет Бокан ЮРИЙ, Жаһандық бейбіт мәдени зерттеулер орталығының президенті: – Аталған шара маңызды әрі кең ауқымда өтіп жатыр. Қазір әлемдік қоғамдастық, өкінішке қарай, тұрақтылық жолымен дамымай келеді. Әр түрлі деструктивті жәйттердің көбейіп кеткені байқалады. Осы ретте Қазақстан және оның басшылығы қазіргі таңдағы қауіптерге қарсы әрекеттерге көшіп, көптеген түйткілдердің шешімін табуына қолұшын беруде. Мен үшін бұл өте маңызды. Адамзат басына төнген осындай жағдайдан шығу үшін әмбебап рухани құндылықтардың жүйесі қажет екені де белгілі. Бағыт-бағдардың өзі форумның атауында жатса керек, ол, сонымен қатар, рухани құндылықтардың иерархиясын құрайды. Жаһандану дәуірінде осындай үлкен ауқымдағы шараны өткізу өте маңызды. Осы ретте аталған халықаралық форумды өткізуге мұрындық болған ел басшылығына, әсіресе, Президент Нұрсұлтан Назарбаевқа ізгі рахметімізді айтқымыз келеді. Көптеген шығындар болғаны анық, соған қарамай, жақсы жағдайлар жасалынды. Бұл шығындардың барлығын адамзат болашағы үшін, ертеңге деген сенім ұялату үшін жасалған қадамдар деп қарастыру қажет. Олимпизм қазіргі әлемнің әмбебап рухани құндылықтарды іздестіру жүйесіне айналып отыр. Барлығының басын қосатын құндылықтар қажет болса, ежелгі Грекияда туындаған олимпиялық идеялар бүгінгі таңда да маңызды бола бастады. Әмбебап құндылықтар дегеніміз баршаға ортақ әрі қоғамның барлық таптары тарапынан қабылданатын құндылықтар. Әмбебап құндылықтардың астарында тұрақтылық деген кең ұғым жатыр. Тұрақтылық дегеніміз – өмір. Әлем форум арқылы елді таниды Арманд АССАНТЕ, голливудтық актер: – Әр түрлі фильмдер арқылы адамдар көптеген нәрселерді ұға бастайды. Өнер адам қиялын ұштап, белгілі бір жетістіктерге жетуге итермелейді. Бұл саладағы жетістіктер осындай Бүкіләлемдік рухани мәдениет форумының өтуіне мұрындық болса, сол арқылы ол әлемге жайылып жатады. Яғни, әлем форум арқылы елді таниды. Ел имиджі жолындағы серпінді секірістер Кеше Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Бүкіләлемдік рухани мәдениет форумы аясында “ІІІ мыңжылдықтағы білім беру: отбасы, мектеп, қоғам” атты төртінші секциялық мәжіліс өтті. Үш күнге жоспарланған форум шеңберінде бүкіләлемдік рухани мәдениеттің басты мәселелері талқыланды. Ал университетке жиналғандар адамзат өркениетіндегі дағдарыстар жүйесі жайлы озық ойларын ортаға салса, оның кейінгі ұрпақ үшін рухани құндылықтардың жаңғыруына өз септігін тигізері анық. Форумның қазақ жерінде өтуі егеменді еліміздің имиджін қалыптастыруға зор үлес болып қосылмақ. Мақсат – рухани және мәдени құндылықтардың мәртебесін жоғарылату. Еуразия ұлттық университетінің ректоры Бақытжан Әбдірайымов: “Қадірлі зиялы қауым, біз бүгін тәуелсіз Қазақстанның төрінде, жас Астананың оқу ордасы – Еуразия ұлттық университетінің қонақжай ұжымында сіздерді қарсы алғанымызға өте қуаныштымыз. Оқытушылар мен студенттер құрамының атынан қазақ жеріне келулеріңізбен құттықтаймын. Бәріміз білеміз, ата-бабаларымыздың бағзы замандардан бері жаратылыс пен бейбітшілік үшін өмір сүріп, соның жолында күресіп келе жатқандығын. Осы ізгі ойларымызға жетудегі алғашқы қадамдарымыз жемісті болғай!” – деп секция отырысын ашып берді. Форумның қадірлі қонақтарының бірі ретінде отырысқа “Өзіңді-өзің таны” бағдарламасының авторы мен жетекшісі, Қазақстанның бірінші ханымы Сара Назарбаева қатысты. Естеріңізде болса, биылғы жылдың 1 қыркүйегінен бастап Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен еліміздің барлық мектепке дейінгі білім беру ұжымдарында, жалпы білім беретін мектептерде, гуманитарлық колледждер мен педагогикалық жоғары оқу орындарында “Өзіңді-өзің таны” атты жаңа пән енгізілген болатын. Мәжіліс барысында өзіңді-өзің таны түсінігі жайлы көптеген сауалдарға жауап алу мүмкіндігі туды. Сара Алпысқызы: “Осыдан он жыл бұрын осы курсты оқи бастаған едім. Көп ұзамай, оның қоғамдық қажеттілігін тереңдей түсініп, отандық білім беру бағдарламасына енгізуді армандадым. Бүгінгі таңда біздің қоғам аталған пәннің маңыздылығын түсінді. Республикадағы барлық мектептерде ол арнайы оқыту сабағы ретінде енгізіліп отыр. Әрине, осы үшін ел басшылығына, Үкіметке және бұл бағдарламаны насихаттауға атсалысқан барлық азаматтарға шексіз алғысымды айтамын”, деп өз ризашылығын білдірді. Сонымен қатар, жиын барысында, “Бөбек” қоры түсірген бейнефильм тамашаланды. Фильм ата-ана мен бала, оқушы мен мұғалім арасындағы сүйіспеншілік және жылылық, мейірімділік пен даналыққа толы екендігін көрсетті. Тәрбие сағаты тұрғысынан түсірілген фильмді тамашалаған форум қатысушыларының көпшілігі көз жасын сүртіп алды. Ондағы ананың баласына деген махаббаты барынша ашылғандығы көпшілікке сілкініс берді. Ана жүрегінен шыққан ыстық лебізді тыңдаған баланың көз жасы ешкімді бей-жай қалдырмады. Алғашқылардың бірі болып Ресейдегі гуманистік педагогика халықаралық орталығының жетекшісі профессор Шалва Амонашвили баяндама жасады. Оның “Білім беру саласындағы рухани мәдениетіміздің мәні” деген тақырыпта сөйлеген сөзі өте қызықты болды. Шалва Амонашвили: “Бүгінгі кезең – технологияның барынша қарыштап дамыған кезеңі. Оған қарсы ешкім уәж айта алмас. Десек те, инновациялық озық үлгілерге көп көңіл бөлініп, рухани мәдениетімізді шетке ысырып жатқан жайымыз бар. Гуманистік педагогиканы дұрыс түсінуіміз үшін, ең алдымен, бір-бірімізге деген қарым-қатынасымыз жоғары деңгейде болуы шарт. Ол үшін көздегі жас, шаттық, қуаныш, күлкі, жақсы не жаман күйдегі сезімдердің қадірін жете түсінгеніміз абзал. Бұл – бірінші мәселе. Екіншіден, кез келген ғылыми оқулықтарды алып қарасаңыз, онда махаббат, жылылық, сүйіспеншілік деген рухани мәдениет кездеспейді. Барлығы бірдей стереотипке негізделіп жазылған дүниелер. Бұл – қоғам мен мәдениет үшін өте қауіпті іс. Өмірдегі кез келген үдеріс махаббат арқылы ғана жүзеге асатынын мойындағанымыз дұрыс. Ал оны мойындамау – көптеген олқылықтарға соқтыратыны әмбеге аян. Ал үшінші мәселе – сыйластық. Мұғалімді, ата-ананы, өзін-өзі сыйламау бүгінгі күннің өзекті мәселесіне айналып отыр. Демократияның кең көрініс тапқан тұсында осындай рухани мәдениетімізден жұрдай болып бара жатқандығымыз жасырын емес. Қай ел болмасын, бәрінде бірдей осы қателік кездесетінін аңғардым”, деп Сара Алпысқызының ойын ары қарай сабақтады. Секциялық мәжіліс барысында алыс-жақын шет елдерден келген форум қатысушылары, яғни Германияның білім беру жүйелерінің басшысы Манфред Кюфнер, академик Валерия Ниорадзе, Австрияның жастар ісі жөніндегі өкілі Виктор Эстер, сондай-ақ Украина, Эстония, Грузия, Өзбекстан, Молдова, Латвия елдерінен келген белгілі педагог-мамандар өз ой-пайымдарын ортаға салды. Шара барысында Қазақстанның бірінші ханымы, “Бөбек” қорының төрайымы Сара Назарбаеваға Еуразия ұлттық университетінің ғылыми кеңесі рухани мәдениетті дамыту ісіне қосқан үлесі үшін “Еуразия мақтанышы” медалімен марапаттады. Аталған наградаға Ресей мен АҚШ-тың екі ғалым-профессоры да ие болды. Ізгілік ізденістері Бүкіләлемдік рухани мәдениет форумы барлық өзге де қоғамдық құндылықтардың үстіндегі мәдениет пен руханият басымдықтарының нығаюы жолындағы қазіргі өркениеттің жүйелі дағдарысынан шығуды іздестіруге арналғаны белгілі. Осыған орай Парламент Мәжілісінің отырыс залында да секция жұмысы ұйымдастырылып, онда жаһандық стратегиялық бастамалар тақырыбында талқылаулар болып өтті. Мәжілістің жалпы отырыс залында өткен жаһандық стратегиялық бастамалар тақырыбындағы мәжілісті Мәжіліс депутаты, белгілі ғалым Кенжеғали Сағадиев жүргізіп отырды. Форумның көздеген мақсаты өте жоғары, ол – қазіргі заманның жылдан жылға күрделеніп бара жатқан дағдарысынан шығудың амалын бірлесе іздеу. Адамзаттың болашақ ізгілік жолын рухани мәдениет деп біліп, оны ең жоғары адами құндылық дәрежесіне көтеру уақыт талабына айналып отыр. Аталған секция жұмысына танымал қоғам және мемлекет қайраткерлері, ғалымдар, шығармашылық зиялы қауым өкілдері, қысқасы, көптеген зиялы азаматтар қатысты. Барлығын алаңдатып отырған мәселе адамзаттың тұрағы болып табылатын Жер шарының қазіргі жағдайы. Жер-ана өз тарихында терең дағдарыстық кезеңді басынан кешіріп отыр, деді Кенжеғали Әбенұлы. Бұдан шығатын қорытынды – адамзат өзінің болашағы туралы ойлауы тиіс, турасын айтқанда, өз болашағын өзі таңдауы керек. Секция жұмысы жаһандық стратегиялық бастамалар тақырыбына арналғандықтан, оған қатысушылар назарына Ноосфералық этиканың экологиялық конституциясының тұжырымдама жобасы ұсынылды. Негізінен бұл тақырып бойынша жүзге тарта ғалым баяндамаға жазылыпты. Алайда, мұншама адамға сөз беру де мүмкін емес еді. Сондықтан сөз осы жоба авторларының бірі – ресейлік ғалымдарға берілді. Әлемдік ноосфералық-рухани экологиялық ассамблеясының төрайымы Любовь Гординаның сөзіне қарағанда, жаңа конституция жобасын әзірлеу барысына барлық адамзат бей-жай қарай алмайды. Бұл жобаны жүзеге асыру 1995 жылы Ресей Мемлекеттік Думасының экология жөніндегі комитетінде “Тұрғындарды энерго-ақпаратпен қамтамасыз ету жағдайын жақсарту туралы” заң жобасы талқыға түскен күннен бастау алыпты. Жан-жақты пысықталып, қолдауға ие болған заңдық құжат араға үш жыл салып, парламент ауысқан соң керегі болмай ысырылып қалған. Бірақ жоба авторлары аталған құжатты халықаралық деңгейге шығарып, оны адамзат игілігі үшін жұмыс істеуге икемдеген көрінеді. Барлық заңдық құжаттар адам үшін әзірленсе, аталған құжатта адамның өзіне сипат беріліп, оның құқықтық кеңістіктегі орны белгіленген. Оның үстіне алғаш рет адамды әлеуметтік, ғаламдық және биологиялық тұрғыдан қарастырып, оның құқықтары мен міндеттері нақты көрініс тапқан. Ғалымдар адам ағзасының 95 пайызы ақпараттық энергетикадан тұратындығын анықтапты. Яғни, бұл адам бойындағы рух пен жан дегенді білдірсе керек. Мәжіліс депутаты Зейнолла Алшымбаевтан форум жұмысына қатысты пікірін сұрағанымызда ол былай деді: “Өтіп жатқан дүниежүзілік форумның маңызы ерекше. Парламент Мәжілісіндегі пікір алысулардан көпшілікті әлемде өмір сүріп жатқан халықтардың келешегі, жалпы адамзаттың келешегі алаңдататынын байқадым”. Сондықтан да Жер шарында өмір сүріп жатқан халықтардың басындағы жағдай баршаға ортақ мәселе болса керек. Жер беті халықтарының саны жыл санап өсіп келеді. Оған табиғи ресурстар жетіспейтіндігін тілге тиек еткен депутат жер асты қазба байлықтарын шамадан тыс өндіру етек алғандығын, сондықтан бұл жағдай адамзатты мазаламай қоймайтынын алға тартты. Жер-ананың қойнауын қопарып, өзіне қажеттісін алып жатқан адамзатқа табиғат барынша қарсы әрекет жасауда. Қазір әлемде экологиялық проблемалар туындай бастауы соның бір айғағы екені анық. Экологиялық жағдай жекелеген бір мемлекеттерде ғана емес, жер бетіне үлкен өзгерістер алып келуде. Соның себеп-салдары да секциялық отырыс барысында әңгіме өзегіне айналды. Әсіресе соңғы кезде табиғи апаттардың саны артып келе жатқаны байқалуда. Бұл да секция жұмысына қатысушылар тарапынан айтылмай қалмады. Оның үстіне адамның өз қолымен жасап жатқан табиғатқа деген қысастығы, технологияларды сақтамауы үлкен апаттарға ұрындыруда. Оған АҚШ-тың Мексика шығанағындағы соңғы “БритишПетролеум” компаниясы тарапынан жіберілген қателіктер мысал бола алады. Секция отырысында аштық мәселесі де назардан тыс қалған жоқ. Дүние жүзіндегі халықтың белгілі бір бөлігі қажетті азық-түлікпен қамтылмаған. Мысалы, ең алып деген Америка Құрама Штаттары халқы азшылықты құраса да ресурстардың 40 пайызын тұтынып отыр. Міне, осындайда адамзат нендей бағыт ұстануы керек, деген түйінді мәселе ортаға салынуда. Бүкіләлемдік рухани мәдениет форумының маңызы өте жоғары екенін талқылаулар барысы көрсетіп берді. Ұйымдастырушылар ортаға салынған ғалымдар пікірін топтастырып, кітапша етіп шығаруды жоспарлап отыр. Қатысушылар лебізі Тың идеялар мен бағыт-бағдар бастауы Гаджи МАХАЧЕВ, РФ Президенті жанындағы Дағыстан Республикасының тұрақты өкілі: – Менің айтарым, Бүкіләлемдік рухани мәдениет форумының өткізілуі маңызды әрі қажет екендігін уақыттың өзі көрсетіп отыр. Экономикалық форумдар жеткілікті, ал рухани азық болатын жиындардың аз өтіп жатқаны көңілді қобалжытып келе жатқан-ды. Бұл шара соның орнын толтырып тұр. Егер рухани мәдениетке деген көңілімізді көбірек бөлсек, онда елдер арасындағы түсініспеушіліктер орын алмаған болар еді. Сондықтан демократия жолына қадам басқан Қазақстанда форумның өтіп жатуын құптарлық санаймын. Біз көрікті, қазіргі заманға сай Қазақстан Астанасында болғанымыз үшін ғана өзімізді бақытты санаймыз. Баяндамаларда рухани құндылықтарды барынша дамыту қажеттігі тұрғысында көптеген ойлар айтылды. Өкінішке қарай, жастар жағы салт-дәстүрлерді онша түсіне бермейді. Сондықтан қазіргі әлемде рухани мәдениет құндылықтары өте қажет. Елдің тұтқасы болатын азаматтар көп, бірақ түсініктің жоқ болуынан Дағыстанға тән емес көптеген лаңкестіктер орын алып жатқаны өкінішті. Осының барлығының астарында рухани мәдениеттің біртіндеп жойылуы, жастарды адамгершілікке тәрбиелеудің жоқтығы жатыр дер едім. Мұсылмандарда адам өміріне қол салу – үлкен күнә. Біз Дағыстанда бірдеңені жіберіп алған сияқтымыз. Жастарымызды мәдениетті дәріптеуге, әдет-ғұрыптарымызды сақтауға және рухани құндылықтарды дамытуға үйретпегендіктен, олар тыйым салынған ағымдарға кетіп қалып жатыр. Осындай форум тың идеялар мен бағыт-бағдарлар береріне сенім мол. Үлгі етудің ұтымды мінбері Эркам Туфан АЙТАВ, “Еуразия диалогы” Платформасының бас хатшысы: – Әлемдегі рухани мәдениеттің мәселелерін талқыға салып, оны ары қарай дамыту жолдарын қарастыруымыз аса қажет. Бірақ ол мәселелер аса көп көтерілген жоқ. Есесіне әлем халықтарының бір-бірімен қалай тату-тәтті өмір сүруіне болады деген жәйттер кеңінен әңгімеленді. Және де мені Қазақстанның, соның ішінде Астана қаласының дамығаны өте қызықтырды. Соңғы он жылдан бері Қазақстанды бақылап келе жатырмын. Сонда байқағаным, Қазақстан әлемдік саясат сахнасында айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізді. Ел Президентінің қолға алған саяси қадамдары әлемдегі көптеген елдер тарапынан қолдау тауып келеді. ЕҚЫҰ-ға биылғы төрағалық, келесі жылы Ислам Конференциясы Ұйымына төрағалық Нұрсұлтан Назарбаевтың беделінің арқасы деп білемін. Рухани мәдениет туралы айтқанда, оны этика құралы десек, жарасатын шығар. Әр мәдениеттің өзіндік өзгешеліктері бар, бірақ бірінші мақсат – қалай бірлесе өмір сүре аламыз деген мәселені шешіп алу. Бұл орайда Қазақстан тамаша табысқа қол жеткізіп отыр. Қазақстанда 140-қа тарта ұлт өкілдері тұрғанымен, мәдениеттері мен салт-дәстүрлерінің өзгешелігіне қарамай, бірлесе өмір сүрудің өзіндік тәжірибесін қалыптастыра алған. Міне, осындай форумдар сондай артықшылықтарды ортаға шығарып, үлгі етуге жақсы мінбер. Форумнан жылылықты сезінемін Арнальдо Тамаио МЕНДЕЗ, Кубаның тұңғыш ғарышкері: – Бүкіләлемдік рухани мәдениет форумының өтуі адамзат үшін өте маңызды деп ойлаймын. Бұл жерде көптеген мәселелер талқыланып, көптеген халықтардың рухани құндылықтары хақында ойлар ортаға салынуда. Соның ішінде адамзат тіршілігі үшін қажет саяси-экономикалық, сонымен қатар, әлеуметтік мәселелердің көтеріліп жатуы да орынды дер едім. Форумды ұйымдастырушылар жақсы бір ауан қалыптасуы үшін жұмыстанғанына көз жеткіздік. Кубалықтар үшін Қазақстанмен қарым-қатынастар орнату ерекше маңызды. Сондықтан да біз осында келіп отырмыз. Мен өзім осыдан отыз жыл бұрын “Байқоңыр” ғарыш айлағынан ғарышқа самғаған едім. Сол кездермен салыстырғанда осынау бір шағын қаланың осыншама өркен жайғанына таңданысымды жасыра алмай тұрмын. Мұнда тұратын халықтың қонақжайлылығын, ашық та ақжарқын екендігін жақсы білемін. Мына форумнан да сол жылылықты сезініп отырмын. Барлығы да жоғары деңгейде ұйымдастырылған. Рухани мәдениет дегеніміз – саяси жүйе барысын қаперге алмағанда, біз, адамдар өз қолымызбен жасайтын ережелер. Таза адамдар әрқашанда ынтымақтастыққа, бейбітшілікке, татулыққа ұмтылып тұрады. Біз үшін бейбітшілік, достық және жасампаздықтан асқан ештеңе жоқ. Жақындасуға бастайтын қадам Анар РЗАЕВ, Әзірбайжанның халық жазушысы: – Форум – өз уақытында өткізіліп отырған өзекті де маңызды шара. Бүгінде әлемдегі халықтар мен діндер толеранттылық пен өзара түсіністікті қажет етіп отырған шақ. Қазақстан осы ретте әлемдік қоғамдастық тарапынан толеранттылық сипатта танылып қалған ел ретінде белгілі. Осы жерде әр түрлі этностық топтар, діндер мен дәстүрлер бейбітқатар өмір сүріп жатыр. Бұл көптеген әлем елдері үшін үлгі тұтарлық үдеріс. Ал мәдениетке келсек, ол халықтарды жақындата түсетіні белгілі. Егер саясат халықтар арасын алшақтата бастаса, мәдениет соларды қайта жақындатады. Мен мұнда айтылған ойлардың барлығы сөз жүзінде қалып қоймаса екен деймін. Осының аясында көптеген бірлескен жобалар, соның ішінде бірлесе фильмдер түсіру, кітаптар шығару және сол сияқты шаралар қолға алынса деген тілегім бар. Сол сияқты театр гастрольдерін ұйымдастыру да мәдениеттерді жақындата түсуге өзіндік ықпалын тигізеді. Жалпы, форум жақсысы жақсы ғой, әйтсе де жақындасудың өзге де жолдарын қарастыруымыз қажет. Астанада өтіп жатқан форум елдерді ғана емес, әлемге әйгілі адамдарды да жақындататын ерекше шара екені даусыз. Ақпарат кеңістігін реттеу келешегіміз үшін керек Елімізде болып жатқан Бүкіләлемдік рухани мәдениет форумының “Рухани мәдениет және БАҚ” атты секциясы кеше Парламент Сенатының мәжіліс залында өткізілді. Секция жұмысын Парламент Сенатының депутаты Қуаныш Сұлтанов жүргізіп отырды. Мұнда көтерілген барлық мәселелер бұқаралық ақпарат құралдарындағы рухани мәдениеттің насихатталу деңгейі қандай деген сұрақтың төңірегінде өрбіді. Мәдениеттің өзі адамдардың және мемлекеттердің дамуына зор ықпалын тигізеді. Секцияның ашылуында сөз сөйлеген Қуаныш Сұлтанов әлем үшін рухани мәдениеттіліктің маңыздылығы жайлы әңгімесін осылай бастады. Біздің мемлекетіміз өзінің тәуелсіздігін алған күннен бастап дүниежүзілік қоғамдастыққа, бүкіл әлемге өзінің бейбіт ниетімен, бағытымен, әлемде тек халықтардың арасындағы үндестік пен түсіністік жағдайын қалыптастыруға үлес қосатындығымен ерекшеленіп келеді. Осы тұрғыдан біздің мемлекетіміз көп жетістіктерге жетті деп ойлаймыз. Тәуелсіздік алғалы бері біздің ешқандай мемлекетпен саяси қайшылығымыз жоқ, керісінше, түсіністік орнаған. Сондықтан да еПрезидент Қаратал ауданының қорғаныс істері бөліміне барды
Президент • Бүгін, 14:09
Қызылордада 504 отбасы баспаналы болды
Аймақтар • Бүгін, 13:24
Президент Үштөбе қаласында орналасқан Кемел Тоқаев атындағы орта мектепке барды
Президент • Бүгін, 13:01
Мемлекет басшысы Қаратал ауданындағы әлеуметтік нысандармен танысты
Президент • Бүгін, 12:41
Биыл Алматы облысында 57 мың жұмыс орны ашылды - Марат Сұлтанғазиев
Аймақтар • Бүгін, 12:14
Мемлекет басшысы: «Жазушылар одағы – руханиятымыздың алтын діңгегі»
Президент • Бүгін, 11:56