21 Қазан, 2010

Футбол

404 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Күтпеген нәтижелер көп Өткен аптаның соңында футболдан Қазақстан премьер-лигасы ойындарының кезекті туры өтті. Бұл турда болған бір күтпеген нәтиже, турнир кес­­тесі­­нің басында келе жатқан Қос­та­найдың “Тобыл” командасы Павлодарда “Ер­тіс­тен” жеңіліп қалды. Есеп ­– 1:2. Осы сәтсіздікті қостанай­лық­тардың өкшесін басып келе жатқан “Ақтөбе” лайық­ты пайдалана ал­ма­ды. Олар Ас­танада “Локомотив” клубымен 1:1 есебімен тең тарқасты. Ал “Шахтер” (Қара­ғанды) “Аты­рау­дан” 0:1 есебімен жеңілсе, Шым­кентте “Орда­басы” Талдықорғанның “Жеті­су” командасымен 1:1 есебімен тең түсті. Сонымен бірге Ал­матыда “Қайрат” Оралдың “Ақжайық” коман­дасын 2:1, “Тараз” өз алаңын­д­а Көкшетаудың “Оқжетпес” клубын 3:1 есебімен ұтты. Қазір турнир кестесінің көш басында 55 ұпаймен “Тобыл” келеді. Екінші орында – “Ақтөбе”. Ал үшінші орынды “Ертіс” иеленіп отырса, төртінші орында “Локомотив” тұр. Мергендер тізімін “Тобылдың” ойыншы­лары Ұлықбек Бақаев (14 доп) пен Нұрбол Жұмасқалиев (12 доп) бастап келеді.