22 Қазан, 2010

Қамауға алу қапысыз болуы үшін

706 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
Кеше “Соттың қамауға алуға санк­ция беруі: заңнаманы және құ­қық қолдану практикасын же­тіл­діру” тақырыбында халықара­лық конференция болып өтті. Оның жұ­мы­сына Парламент депу­таттары, Пре­зидент Әкімшілігінің, Прокуратураның, Жоғарғы Сот­тың, мүд­де­лі министрлік­тердің, үкімет­тік емес ұйымдардың және басқа да мем­ле­кет­тік мекеме­лердің өкіл­дері қатыс­ты. Аталған халықаралық кон­фе­рен­­цияны Қазақстан Республи­касы Парламентінің Сенаты заң­нама және құқықтық мәселелер коми­теті, Адам құқықтары мен заңды­лық­ты сақтау жөніндегі Қазақстан халықаралық бюросы мен Нидер­ланды Корольдігінің Қазақстан Рес­публикасындағы елшілігі ұйым­дастырды. Кон­ферен­цияны ұйым­дас­тырудағы негізгі мақсат соттың қамауға алуға санкция беруіне бай­ланысты туындаған көкейтесті мәсе­ле­лерді талқылау болып табы­ла­ды. Бұрын адамды тұтқындау тек прокура­тураның санкциясымен ғана жүзеге асырылатын еді. Ал сот болса шешім шығарумен шекте­летін. Енді Конституцияға 2007 жылы жаңа енгізілген өзгерістерге сай, адамды заңда көзделген рет­тер­де ғана және тек соттың санк­ция­сымен тұтқын­дауға және қа­мау­да ұстауға болады, тұтқын­дал­ған адамға шағымдану құқығы бері­леді және соттың санк­ция­сын­сыз адамды жетпіс екі сағаттан аспайтын мер­зімге ұстауға бола­тыны атап көрсетілді. Жалпы, тұтқындау ауыр жаза екендігі белгілі. Оның үстіне кінәсі әлі айыптау органдарының және сот талқылауының шешімі­мен нақ­­ты дәлелденбей тұрып, кү­дік­тіні бе­лгілі бір уақытқа қамау­ға алу адам­ды екіұдай күйге қал­дырады. Сондықтан да көптеген елдерде күдікті деп табылған адам­ды ал­дын-ала қамауға алудың тетіктері жан-жақты қарасты­рылған. Соның бірі соттардың қамауға алуға санк­ция беруі бо­лып табылады. Мұн­дағы түпкі мақсат адамның конс­ти­туциялық құқын сақтау. Осыған орай конференцияда сөз алғандар қазіргі уақытта Қазақ­станда қамауға алуға соттың санк­ция беруі – азаматтардың құқық­тарын қорғау кепілдіктерін нығайту барысындағы жаңа бір кезеңге аяқ басуды біл­діретіндігін атап өтті. Бұл жоғарыда айтыл­ғандай, кінәлі адамдардың ғана қамауға алуына жол береді. Бұл тұрғыда баяндама­шылар бұлтарт­пау шараларын санк­циялау бары­сында адам құқық­тары мен бостандық­тары­ның сақ­талуын қорғау кепіл­дік­тері және халық­аралық сатан­дарт­тар туралы айтып өтті. Сол сияқты сотқа де­йін­гі ұс­тау және әділ сот талқы­лауы сала­сындағы қылмыстық іс жүргізу құқығына адам құқықтары жөнін­дегі еуропалық соттың пре­цедент­тік құқығының әсері, соттар­дың қамауға алуға санкция беруі кезін­дегі адам құқықтары мен бос­тан­дықтарының сақталуы, қамауға алуға соттың санкция беруі кезін­де туындайтын проблемалық мәсе­лелер мен оларды шешу жолдары жан-жақты талқыға салынды. Александр ТАСБОЛАТОВ.