23 Қазан, 2010

Прокурорлар ынтымақтастығы

419 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Қытай Халық Республикасының Сямэнь қаласында (Фуцзянь провинциясы) Шанхай ынтымақтастық ұйымына (ШЫҰ) мүше мемлекеттер бас прокурорларының сегізінші отырысы болып өтті. Отырыстың жұмысына Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстанның бас прокурорлары, сондай-ақ ШЫҰ жанындағы қадағалаушы мемлекеттердің – Моң­ғолия, Үндістан, Пәкстан, Иран,  Ауғанстан және Түр­кі­менстан бас прокурорларының өкілдері қатысты. Қазақ­стан­дық делегацияға Бас Прокурор Қайрат Мәми басшылық жасады. Форумда ынтымақтастықты одан әрі нығайту, қазіргі замандағы әлемдегі кауіп-қатерлерге қарсы әрекет ету бой­ынша прокурорлар күштерінің тиімділігін арттыру мәселелері талқыланды. Отырыстың қорытындысы бойынша қатысушылар хаттамаға қол қойды, мұнда ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер ара­сын­да терроризмге, сепаратизм мен экстремизмге, тран­с­ұлт­тық экономикалық қылмысқа, есірткі заттарының заңсыз айналымына, адам саудасына, заңсыз көші-қон және қыл­мыс­тың басқа да түрлеріне қарсы күрес бойынша прак­ти­калық ынтымақтастыққа әзірліктері бекітіледі, осы тетіктерді құру үшін ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің прокуратура қызметкерлерінің жиі кездесіп тұруы ұсынылды. Қатысушылар кадрларды оқыту бойынша прокура­тура­лардың мүмкіндіктерін тиімді пайдалануға, соның ішінде, қа­жет болған жағдайда қылмыстық істер және қылмыскерлерді беру бойынша құқықтық көмек көрсетумен айналысатын прокуратура қызметкерлерінің біліктілігі мен мамандануын арттыру үшін оқу бағдарламаларын құру туралы мәселелерді қарауға келісім жасады. ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер бас прокурорларының келесі отырысы Астана қаласында өтеді. “Егемен-ақпарат”.