23 Қазан, 2010

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми хабары

437 рет
көрсетілді
6 мин
оқу үшін

Алматы    2010 жылғы   23 қазан

Ескерткіш монеталарды айналысқа шығару туралы

“Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы” 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының № 2155 Заңына сәйкес, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 2010 жылғы 23 қазанда номиналы 100 теңгелік, “proof” сапасымен жасалған “Еркін күрес. Олимпиада ойындары-2012” ескерткіш күміс монетасын және номиналы 500 теңгелік, “рroоf” сапасымен жасалған Еуразия экономикалық қоғамдастығының құрылғанына 10 жыл толуына арналған ескерткіш күміс монетаны айналысқа шығарады. “Еркін күрес. Олимпиада ойындары-2012” монетасының сипаттамасы: Монетаның бет жағында (аверсінде) төменгі бөлігінде стадионның стильдендірілген бейнесімен көмкерілген Қазақстан Республикасының елтаңбасы бейнеленген, монета дайындалған металды, оның сынамын және массасын білдіретін “Ag 925 31,1g” деген жазу және монетаның соғылған жылын білдіретін “2010” деген сан жазылған. Сол жақ бөлігінде монетаның номиналын білдіретін “100 ТЕҢГЕ” деген жазу екі жолға орналастырылған. Жоғары бөлігінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің логотипі орналасқан. Айналдыра мемлекеттік тілде “ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ” деген жазу бар. Монетаның сырт жағында (реверсінде) орталық бөлігінде еркін күрестен сайыс кезіндегі екі палуанның бейнесі. Төменгі бөлігінде Олимпиада ойындары өткізілетін жылды білдіретін “2012” деген сан орналасқан. Жоғары бөлігінде айналдыра ағылшын тілінде “OLYMPІC GAMES” деген жазу орналастырылған. Монетаның бет және сырт жағындағы бейнелер мен жазулар бедерленген. Қыры (гурты) бедерлі. Монета 925 сынамды күмістен жасалған, массасы – 31,1 грамм, диаметрі – 38,61мм, “proof” сапасымен дайындалған, ең көп таралымы – 12 мың дана. “ЕурАзЭҚ 10 жыл” монетасының сипаттамасы: Монетаның бет жағында (аверсінде) жоғары бөлігінде бес қабаттап бұралған сегіз бұрышты өрнекті розеткамен көмкерілген Қазақстан Республикасының елтаңбасы бейнеленген және мемлекеттік тілде “ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ” деген жазу бар. Төменгі бөлігінде – монетаның номиналын білдіретін “500 ТЕҢГЕ” деген жазу. Номиналдың сол жағында Қазақстан теңге сарайының тауар белгісі және монетаның массасын білдіретін “31,1 gr.” деген жазу, оң жағында монета дайындалған металды, оның сынамын білдіретін “Ag 925” деген жазу бар. Монетаны айналдыра моншақ тәріздес жиек жүргізілген. Монетаның сырт жағында (реверсінде) орталық бөлігінде “10 лет ЕврАзЭС” деген жазу орналасқан. Жоғары бөлігінде айналдыра Еуразия экономикалық қоғамдастығына мүше елдердің елтаңбаларының бейнесі орналасқан. Төменгі бөлігінде – Еуразия экономикалық қоғамдастығы елдерінің ресми эмблемасы және монетаның соғылған жылын білдіретін “2010” деген сан. Монетаның бет және сырт жағындағы бейнелер мен жазулар бедерленген. Қыры (гурты) бедерлі. Монета 925 сынамды күмістен жасалған, массасы – 31,1 грамм, диаметрі – 38,61мм, “proof” сапасымен дайындалған, таралымы – 5 мың дана. Номиналдары 100 теңгелік және 500 теңгелік ескерткіш күміс монеталар Қа­­зақстан Республикасының бүкіл аумағында көрсетілген құнымен төлемнің барлық түрлері бойынша, сондай-ақ шоттарға, салымдарға, аккредитивтерге есептеу үшін және аударым жасау үшін қабылдануға міндетті, Қазақстан Республикасының барлық банктерінде шектеусіз ұсақталады және айырбасталады. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің осы ресми хабарға түсініктемесі “Еркін күрес. Олимпиада ойындары-2012” ескерткіш күміс монетасы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі, MDM munzhandelsgesellschaft mbh deutscНe munze компаниясы және “Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан теңге сарайы” шаруашылық жүр­­­гізу құқығы бар республикалық мем­лекеттік кәсіпорны арасындағы Монеталар шығаруға және сатуға арналған келісімге сәйкес дайындалды. Осы Келісім бойынша: - MDM munzhandelsgesel­ls­ch­­aft mbh deutscНe munze ком­паниясы Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тарату немесе сату үшін Ұлттық Банктен тиісті монеталарды сатып алады; - Қазақстан теңге сарайы монеталарды дайындайды және жеткізеді; - Ұлттық Банк дайындалған монета­­­лар­дың бір бөлігін (3000 дана) коллек­циялық құны бойынша Қазақстанның ішкі нарығында сату үшін резервтейді. Монета 2012 жылы болатын Олимпиа­­да ойындарына арналған, спортты дәріп­тей­ді және ұлттық валютаны шетелге таныстырады. “ЕурАзЭҚ 10 жыл” ескерткіш күміс мо­­нетасы ЕурАзЭҚ Мемлекетаралық ке­ңесінің (мемлекет басшылары деңгейінде) 2009 жылғы 27 қарашадағы № 450 ше­шімімен бекітілген Еуразия экономикалық қауымдастығы құрылуының онжылдығына арналған іс-шаралар жоспары шеңберінде шығарылады. Ескерткіш монеталарды “Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан теңге сарайы” шаруашылық жүргізу құқығы бар республикалық мемлекеттік кәсіпорны дайындаған. Монеталардың дизайны Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 25 қыркүйектегі № 1193 Жарлығымен бе­­кітілген Қазақстан теңгесі – ұлттық валюта банкноттары мен монеталары дизайнының тұжырымдамасына сәйкес әзірленген. “Proof” сапасымен жасалған ескерткіш күміс монеталар коллекциялық құны бой­ынша сатуға арналған. Олар кәдесыйлық ораумен шығарылады және Қазақстан Рес­публикасы Ұлттық Банкінің мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдеріндегі нөмірлік сапа сертификатымен жабдықталған. Монеталарды Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің барлық филиалдарында, Алматы қаласында мына мекен-жай бой­ын­ша сатып алуға болады: Панфилов кө­шесі, 98. Анықтама үшін телефоны (727) 273-83-98.