23 Қазан, 2010

Төрағалыққа толайым табыспен

536 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін
Көп кешікпей елімізде Еуро­па­дағы қауіпсіздік және ынтымақ­тас­тық ұйымының мемлекет бас­шылары деңгейіндегі саммиті өте­ді. Оған әлемнің 55 мемлекетінің құрметті қонақтары атбасын бұ­ра­ды десек, оның маңызы мен мәні қандай екендігі айтпаса да түсі­нік­ті болмақ. Осы жер жаhанды жаң­ғыртқан саммиттің біздің елімізде қалай ұйымдастырылып жатқаны, жалпы ЕҚЫҰ-ға төрағалық ету тізгіні бізге қандай жетістіктермен келгені туралы және Еуропадағы ең беделді Ұйымға Қазақстанның төр­ағалық етудегі рөлі атты тақы­рып­тар кімді болса да қызық­ты­ра­ры сөзсіз. Ендеше, осы мәселе­лер­ді арқау еткен “Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалығы: саммит қарсаңында” атты конференция кеше Қаржы академиясында бо­лып өтті. Академия басшысы пол­ковник Марат Бәшімов еліміздің мына биік асуларға көтерілген тарихи кезеңі ел есінде мәңгіге қалып, сара жолымызды айқындап тұрар бағытқа айналатынын айтты. Академияның тыңдаушылары мен профессорлық-оқытушылар құрамы мен Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жем­қорлыққа қарсы күрес агенттігінің қызметкерлері алдында ЕҚЫҰ Іс ба­сындағы төрағасының Мұсыл­ман құқығы жөніндегі жеке өкілі, Парламент Сенатының депутаты Әділ Ахметов, ЕҚЫҰ Іс басын­да­ғы төрағасының Сайлау жөніндегі жеке өкілі, Орталық сайлау комис­сия­сының мүшесі, з.ғ.д. Марат Сәр­сенбаев, Сыртқы істер ми­нис­трлігі халықаралық ақпарат коми­тетінің төрағасы Роман Василенко және т.б. аталған тақырыпқа бай­ла­нысты беделді Ұйым туралы баян­дама жасап, саммитке дайын­дық жөнінде өз пікірлерімен бөлісті. Олар ЕҚЫҰ-ға еліміздің дайын­дығы барысында қыруар іс тындырылғанын, әлі де тынды­рыла беретінін айтты. Осы өткен жылдарды саралап байқар болсақ, деді тыңдаушылар алдында сөз сөйлеген ғалымдар, 2010 жылға дейін ЕҚЫҰ-ға төрағалық етушіні тек Батыс елдерінен ғана таң­дау­шы еді. Бірақ, соған қарамастан, азиялық біздің еліміз тұңғыш рет тарихта Еуропа төріндегі төраға­лық­ты қолына ала білді. Қалайша? Бұған көптеген орынды себептер бар. Алдымен Қазақстан тәуел­сіздігін алған жас әрі мұсылман мемлекеті, әрі жасыратыны жоқ, түркі тілдес елдер арасындағы ең белсенді, беделді ел, яғни оның әлеуеті өзгелерден жоғары тұр. Сонау кеңестік заманда да шет­елдіктер Қазақстанды Кеңес Ода­ғының “нан себеті” деп есеп­тейтін. Өйткені, ол сол кезде де барлық сала бойынша Ресей мен Украинадан кейінгі орынды иеле­нетін. Оның үстіне сонау сталин­дік қырғын кезінде осында талай жер ауған жандардың қазақтармен жарты нанды бөлісіп жеп аман қалғанын да жақсы біледі. Ал то­ле­ранттылық – біздің халықтың қа­нында ежелден бар қасиет. Қа­ны­мыздың тазалығында сөз жоқ, жеті атаға дейін қыз алыспайды. Генофон күшті. Ешкімді шет­тетпейді, қонақжайлы, мейірбан, ашықтық, ізеттілік секілді мәдени дәстүр әбден қалыптасқан. Бірақ Қазақстанның осындай табыстары мен дәстүрлерін шет­ел­діктер Елбасының орасан еңбегі арқасында танып білді. Президент тәуелсіздік алған алғашқы жыл­дардан бастап, сындарлы ішкі және көп векторлы сыртқы саясат арқы­лы Қазақстанды бүкіл әлемге та­нытты. Елбасы шетелдерге жаса­ған әр сапарында өзімен бірге жас­тарды, кәсіпкерлерді, түрлі саланың мамандарын ертіп жүрді. Оларды көрсін, жақсыдан үйрен­сін, жаманнан жиренсін деді. Со­ның арқасында еліміз есін тез жиып, ерте есейді. Сол сияқ­ты біздің еліміздің энергетика саласында да, яғни мұнайы, газы, көмірі бар дегендей, әлеуеті өте зор. Ядролық отын да бізде бар. Адами әлеуетіміз де жоғары. Де­мек, біздің тереземіз Батыстың өркениетті деген елдерімен тең, тіпті артық тұстарымыздың да бар екені шындық. Өзіңді өзің жаттай сыйла, жат жанынан түңілсін де­гендей, иық түйістіре сөйлеп, жөн сілтеп отырғанымыз сондықтан. Осыған орай, шетелдіктер ЕҚЫҰ-ға төрағалыққа осынша­лық­ты үлкен дайындықпен келген әзірге Қазақстаннан басқа елді атау қиын деген баға беріп отыр. Елбасының “Еуропаға жол” атты ұлттық бағдарламасына сәйкес көп­теген салалар бойынша қазақ­стандық стандарттарды еуропалық стандарттармен сәйкестендіру жол­ға қойылды. Соның арқасында Еуропамен көптеген сала бой­ын­ша іс жүзінде теңеліп қалдық. Пре­зиденттің “Болашақ” стипен­дия­сы арқасында көптеген жастар шетелдерде білім алып келді. Елі­мізде Елбасының бастамасымен көптеген маңызды халықаралық кон­ференциялар, бейресми кез­десу­лер, үлкен жиындар, самиттер, кеңестер, бүкіләлемдік форумдар, т.б. мәні мен маңызы зор шаралар ұйымдастырылды. Мұның бәрі Президентіміздің беделі, Елбасы жеткізген ел жетістігі Ұйым Сам­митін 2010 жылдың желтоқса­нын­да Астанада өткізу жөніндегі ЕҚЫҰ-ға мүше елдердің бірауыз­дан шешімге келуіне түрткі болғаны деп білеміз. Александр ТАСБОЛАТОВ.