30 Қазан, 2010

“Алтын жүректі” атанған компанияның ісі көңіл қуантады

417 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін
Қайырымдылық, қамқорлық жасау үшін ең алдымен ниет керек. “Алтын жүректің” жыл ұйымы аталымында өзге компа­ния­лардан оқ бойы озып тұрған “ҚазМұнай­Газ” Барлау Өндіру” АҚ марапатқа ие болды. Өйткені, компанияның тың жұмыс аймағы орналасқан ай­мақтарда жергілікті халықтың әлеу­меттік тұрмысын жақсарту үшін оларды жүйелі материалдық және өзгелей түрде қолдау көрсетуін көпшілік жақсы біледі. “ҚазМұнайГаз” Барлау Өндіру” АҚ кез келген жақсы бастаманы қолдап отыратыны бір бұл емес. Сондай-ақ жақсылықтың са­ны­­нан гөрі сапасының да маңызын ескер­сек, компания бүгінгі күнді ғана емес, бо­лашағы бар жобаларды шы­найы жүзеге асы­рады. Маң­ғыс­тау облысында жаңаөзендік­тер­дің әлеуметтік тұрмысын жақсарту мақ­са­т­ында 6,6 млн. АҚШ дол­ларын бөлді. Бұл қомақты қаржыға 1000 әлеуметтік жұмыс орны, спорт алаңдары салынды. Сондай ақ Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне комму­налдық қызметтерді төлеуге көмек көрсетті. Компания үнемі мүгедек балаларға, көп балалы және тұр­мысы төмен, аз қамтылған отба­сы­ларына, жалғыз басты егде адам­дарға, көмекке мұқтаж жандарға әркез қолұшын созып отырады. “ҚазМұнайГаз” Барлау Өндіру” АҚ 2010-2012 жылдар аралығында Жа­­ңаөзен қаласында 250 орындық сау­ық­тыру лагерін және 300 ор­ын­дық меди­ци­налық сауықтыру орталығын салуды жос­пар­лап отыр. Бұл бір жағынан мемлекетке де пайдалы. Өйткені, мұндай қамқор­лықты еліміздің барлық компания­лары атқарса, нұр үстіне нұр болар еді. Әрі мұның жергілікті халыққа тигізер пайдасы зор. Атырау облы­сын­дағы Гран ауылында 220 ор­ын­дық мек­тептің салынуына ком­па­ния тарапынан ма­териалдық көмек көрсетілді. Исатай ауда­нын­дағы Аққыстау-­Балғымбаев автожолын жөндеуге демеуші болып қана қой­май, Қы­зыл­қоға ауданына қарасты Сағыз ауылында 140 орындық ба­ла­бақша мен Мұқыр ауылында мә­де­ниет үйін салып берді. “Қаз­Мұ­най­Газ” Барлау Өндіру” АҚ жыл сайын “Ақ Бота” ба­ла­лар үйіне, за­ғип жандар қо­ғамына, Атырау қа­ласының аз қамтылған от­басы­ла­ры­на көмек көр­се­туді дәстүрге ай­­налдырған. Жақсының жақ­сылы­ғын айт, нұры та­сы­сын демекші, бұл істердің бәрі көптің игілігіне ба­ғыш­таған іскер азаматтардың ақпейіл ние­ті­нің арқасында жүзеге асы­ры­лып жатқаны көңіл қуан­та­ды. Ізгілік де­ген қасиетті қа­ғидатты ұс­тан­ған “Қаз­Мұ­найГаз” Бар­лау Өн­діру” АҚ-тың елі­міз­де қызмет етіп жүрген көп компания бас­шы­ларына үлгі боларлық, құптарлық іс. “ҚазМұнайГаз Барлау Өндіру” АҚ Қызметкерлер және әлеуметтік саясат жөніндегі басқарушы дирек­торы Тарас Хитуов компанияның “Алтын жү­ректі” алу мәнін терең­нен толғап түйіндеді. Оның ой­ын­ша, алдағы кезде де игі істер жал­ға­сын та­ба бермек. Бұл орайда өне­гелі іске халық та­ра­пынан риза­шы­лық білдіріліп жатса, онда ол ком­пания бағытының дұрыс жолда екен­дігінің көрінісі. Қалай деген­мен де бүгінгі күн­ді ғана емес, ке­ле­шек ұрпақты тәр­бие­леуге де кө­ңіл бөлінетіні қуанышты жайт. Өйткені, спорттық аулалар мен мек­тептерге көрсетілген қамқор­лық­ты барша жұрт кө­реді. Ал олар­дың арасынан талант­ты жан­дардың шығуына шүбә жоқ. Ең бастысы – саламатты өмір салтын ұстануға бағыт беріп, алған іс абыройымен орын­дал­са, компания мақсатының орындалғаны деп білемін. Тарас Киікбайұлы газетімізге бер­ген сұхбатында өз қызметтері ту­ралы кеңінен баяндады. “Алтын жү­ректі” атанғанымызға ризамыз. Әрине, бұған лайықты компа­ния­лар елімізде көп. Дегенмен “Қаз­Мұ­найГаз” Барлау Өндіру” АҚ көп­­теген игілікті істер атқаруда. Олар ­– қалалардың инфрақұры­лы­мын же­тіл­діруден бастап, жергілікті халық­тың әлеуметтік жағдайын жақсарту тәрізді шаралар. Біздің компания құрамында Жаңаөзенде 8 700 адам жұмыс істесе, Аты­рау облысында 5 мыңнан астам адам еңбек етеді. Өз кезегінде компания жұмыс­кер­лердің отбасыларына кө­мек көрсетуге әр­дай­ым әзір. Әлеу­мет­тік саладағы сұраныстарды қа­на­ғаттандырып спорт алаңдары мен мәдениет үйлері тәрізді нысандар тұрғызып, халық­тың игілігіне бе­реміз. Дағдарыс біз­дің әлеуметтік жағдайды жақсартуға бөліп отыр­ған қаржымызды ортайт­қан жоқ. Табы­сы­мыз молайған са­йын көрсеті­ле­тін қамқор­лық аясы да кеңейе тү­седі. Ал қазіргі жағ­дайымыз жақсы, жоспар ойдағыдай орын­далуда. Сондықтан әлеуметтік салаға бөлетін қаржы да көбейетін болады. “ҚазМұнайГаз” Барлау Өндіру” АҚ-тың мұн­дай қайырымдылық іс­теріне қарап оты­рып, “Жыл ұйы­мы” атауына бекер ие болма­ған­­ды­ғына көз жеткізесіз. Еліміздің өзге ком­па­ния­лары да ізгілікті істен үлгі алып, жергілікті халықты қам­қор­лыққа алып жатса, қанеки! “Егемен-ақпарат”.