02 Қараша, 2010

Конкурс басталды

481 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Спорт комитеті еліміздің БАҚ өкілдері арасында спорт журналисі, публицист және қоғам қайраткері Сейдахмет Бердіқұлов атындағы жыл сайын өтетін конкурстың басталғанын хабарлайды. Конкурсқа бұрын жеңімпаз атанбаған және 2005 жылдан кейінгі уақыттағы осы жүлдені сарапқа салудың өткен кезеңінің жеңімпазы болған журналистер қатыса алады, яғни конкурста жеңіске жеткеннен кейінгі өткен уақыт 5 жылдан кем болмауы тиіс. Сыйлық жылына бір рет үш жеңімпазға тапсырылады. Оның ішінде екі сыйлық – мемлекеттік тіл­дің мәртебесін көтеру мақ­са­тында қазақ тілінде жариялан­ған, бір сыйлық – орыс тілінде шық­қан материалдарға белгіленген. Өтінімдер мен мақалалар мына мекенжай бойыша қабылданады: Астана қаласы, Сығанақ көшесі, 25 (11-қабат) “Аңсар” бизнес – ор­та­лығы, ҚР Туризм және спорт министрлігі Спорт комитетінің ҰШК және СРД баспасөз қызметі (“2010 жылғы С.Бердіқұл атын­дағы конкурсқа” деген белгімен). Үміткерлер 2010 жылдағы жұ­мыс­тарын мына тақырыптар бойынша тапсыруы тиіс: 1. Әлем және Азия чемпио­на­тында, Олимпиада, Азия ойын­дарын­да (жасөспірімдердің, т.б.) және Ванкувер қаласындағы (Кана­да) 2010 жылғы Қысқы Олим­пиада ойындарына арналған шолу жасау (очерктер, мақалалар, талдау, телетрансляциялар, теле­көпірлер және т.б.) 2. Қазақстандық БАҚ-та бұ­қаралық спортты (спартакиадалар, турнирлер және т.б.) мүгедектер арасындағы жә­не ұлттық спорт түрлерінен спорт ойындарын, па­ра­олимпиялық ойындарын, мү­гедектер жарыс­тарын, ұлттық ат спорты түр­лері­нің фести­валін, т.б. наси­хаттау. 3.Алдағы Ал­­­маты және Ас­тана қала­ларын­да өтетін 2011 жылғы VІІ Қысқы Азия ойын­дарына ар­нал­ған мақалалар, материалдар, хабарлар, очерктер. Конкурстың жеңім­паздары, “Сейдахмет Бер­діқұлов атын­дағы сый­лықтың лауреаты” де­ген арнайы белгімен мара­пат­талып, диплом мен ақшалай сыйлыққа ие болады. Берілген ақпаратты ҚР Туризм және спорт Ми­нистрлігінің (www.mts.­­gov.kz) және ҰШКжСР Дирек­ция­сының (www.kazsports.kz) сайт­тарынан табасыз. Лауреат­тардың есімдері ҚР БАҚ-тарында және жоғарыда көрсетілген сайттарда орналасады. Қосымша сұрақтар бойынша мына телефондарға хабарласуға болады: 8 (7172) 91 15 29, немесе 8 7 701 367 18 34
Соңғы жаңалықтар