02 Қараша, 2010

Нақты іс нәтижесі

436 рет
көрсетілді
7 мин
оқу үшін
Денсаулық сақтау министрлігінің тоғыз айдағы жұмысы туралы толғам Үстіміздегі жылдың тоғыз айы­ның қорытындысы бойынша Қа­зақстан Республикасы халқының денсаулық жағ­дайы, санитарлық-эпидемиология­лық ахуалы жалпы жағымды көрсет­кіш­термен сипат­талады. Ағымдағы жыл­ды өткен кезеңмен салыстырғанда, ана және бала өлімінің көрсеткіші рес­пуб­ли­када төмендегені байқалды. Ол 100 мың туған нәрестеге шаққанда – 25,3 (2009 жылғы 9 айында – 32,7) және тиісінше – 17,1 (2010 ж. 9 айы – 18,4) көрсеткіштерін құрады. Туберкулезбен сырқаттану­шы­лық көрсеткіші 8,9 %-ға кеміді. Бұл 100 мың адамға шаққанда 2009 жылғы осы кезеңде 110,7 болса, қазір 100,8 пайыз­ды құрады. Туберкулезден болатын өлім көрсеткіші есепті кезеңде 100 мың адамға шаққанда 2009 жылы 12,4-пен салыстырғанда, 10,3 пайызға азайды. 2010 жылдың басынан бері бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесінің не­гіз­гі қағидаттары енгізілуде. Оны іске асы­ру 2010 жылдың 9 айында оң нәтиже берді. 2010 жылға дейін жоғары мамандан­ды­­рылған медициналық көмек (ЖММК) тек ғылыми-зерттеу институттарында және Қарағанды, Тараз қалаларында өңірлік кардиология орталықтары көрсетіп келді. Бүгінде өңірлер нейрохирургия, кар­диологиялық хирургия, отоларинго­ло­гия, травматология, онкология, басқа са­лалар бойынша сапалы қызметтер ұсы­нуда. Мысалы, ЖММК үстіміздегі жылы 1273 науқас алды, соның ішінде 421 ауыл тұрғыны (33,1%). Бұл 2009 жыл­дың көрсеткіштерінен жоғары (тиісінше – 814 және 239 (30%). 2010 жылы республикалық клини­ка­ларда 43 жаңа халықаралық технология­лар трансферті енгізіліп, ол өңірлерге  емдеу жұмыстарын жүзеге асырды. Облыстар стационарды алмастыра­тын технологияларды дамыту бойынша да қарқынды істер атқаруда. Соның нәтижесінде күндізгі стационарларда емделгендердің саны 60 %-ға ұлғайды. Ағымдағы жылдың бірінші шілдесі­нен бастап, медицина ұйымдарында жос­парлы емделуге жатқызу порталы ен­гі­зілді. Бұл науқастардың стацио­нарда ала­тын ем-домын реттеуге мүмкіндік береді. Есепті кезеңде жоспарлы емделуді қажет ететін 396,7 мың адамға жолдама бе­рілді. Оның ішінде 139,3 мыңы (35,1%) – ауыл тұрғындары. Олар­дың облыс­тық деңгейде емделуді қала­ғандары – 94,3% болса, өңірде ем алғандар 2,1%-ға жуық. Рес­пуб­ли­калық клиника­ларда ем алғандар 3,6%-ды құрады. Ұлттық теле­ме­дицина желісін енгізу және да­мыту жалғасын та­буда. Осы жылдың сегіз айында 5421 те­лемеди­ци­налық кеңес беру және 432 бейне­кон­фе­ренц­байланыс сеансы өткізілді. Ол жекелеген аудан­­дарда нау­қас­тарға көмек көр­сету сапасын және жеделдігін арт­ты­руға мүмкіндік берді. Басым бағыттардың бірі ретінде са­ла­матты өмір салтын насихаттау жөнін­дегі жұмыс жалғасын тауып келеді. Он­кологиялық ауру­лардың, туберкулездің, ішек инфек­ция­ларының, темекі шегу­шіліктің, есірт­кіқұмарлықтың және жара­­қат­тану­лардың алдын алу шаралары бойынша айлықтар, созылмалы инфек­циялық емес аурулар, вирустық гепатит­тердің ал­дын алу бойынша онкүндіктер өт­кізілді. Медицина және педагогика са­ла­ларының қызметкерлері үшін 280 семи­нар, оның ішінде көшпелі республи­ка­лық алқалы жиындар ұйымдас­тырылды. Елде тұрақты эпидемиологиялық жағдай байқалады. Оған дифтерия, қы­зыл­ша, тырысқақ, оба, туляремия, трихи­неллез, паратиф және сіреспемен сырқаттанушылық жағдайы халық арасында тіркелмеуі дәлел. Іш сүзегі, лептоспироз, қызамық, құтырма, по­лио­миелит ауруларының бірлі-жарым жағдайы кездесті. 2010 жылдың 9 айының қорытынды­лары бойынша Денсаулық сақтау ми­нистрлігінің атына келіп түскен өтініш­тердің саны 100 мың адамға шаққанда 2010 жылдың 9 айы ішіндегі 10,4% өткен жылы бұл көрсеткіш 11,7% болатын. Тәуелсіз сарапшылар институтын енгізу арқылы медициналық қызметтің сапасы жетілдірілуде. Қазіргі уақытта тәуел­сіз сарапшылар мәліметтерінің банкі құрылды. Оның құрамына 250-ден аса аккредиттелген сарапшы және 16 қауымдастық енгізілді. Ағымдағы жыл­дың 9 айы ішінде тәуелсіз сарап­шы­лар 631 сараптама жүргізді (бұл жыл­дық жоспардың 75,7%-ын құрады). Оның ішінде тиісті орындарға барып 227 (53,5%) көшпелі сараптама жүргізілді. Өткен тоғыз ай ішінде дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйым­дар­дың сапасына, тиімділігіне, қауіп­сіз­дігіне жете мән беріліп, қауіпсізділігіне ба­ғалау жүргізілді. Фармацевтикалық өнім­нің 1450 түріне медициналық ме­кемеде қолдануға болады деген рұқсат берілді. Атап айтар болсақ, оның ішінде 800 дәрілік зат, 650 медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техника бар. Дәрілік заттар дистрибуциясының бірыңғай жүйесін бұдан әрі де жетілдіру жұмыстары жалғасын табуда. Шартты үнемдеу көлемі жоспарланған сомадан 4,5 млрд. теңгені немесе 13 % құрады. Отандық өндірушілердің үлесі 52% десек, ақшаға шаққанда 23% құрады. Қазір денсаулық сақтау ұйымдарын дә­рімен қамтамасыз ету 99% болып отыр. 2010 жылы денсаулық сақтаудың республикалық бюджетінің шығыстары 378,0 млрд. теңге (2009 жылы 183,3 млрд. теңге) болса, оның 149,2 млрд. тең­гесі жергілікті бюджетке тиесілі трансферттер (2009 жылы – 112,9 млрд. теңге). 2010 жылғы 1 қазанға дейінгі ахуал бой­ынша республикалық бюджеттің орындалуы 268,5 млрд. теңгені немесе 99,6% құрады. 2010-2011 оқу жылдарына бекітілген мемлекеттік тапсырыс шеңберінде республикалық деңгейде медициналық жоғары оқу орындары мен орта оқу орындарында жаңа қабылдау жүзеге асырылды. Ол тиісінше 4940 грант, қосымша 500 адамды құрады. Ағымдағы жылдың бірінші қыр­күйе­гінен бастап еліміздің медицина кол­ледж­дерінде Денсаулық сақтау ми­нистрлігінің 2010 жылғы 24 мамырдағы №378 бұйрығымен бекітілген жоғары медициналық және фармацевтикалық білім беру стандарттарымен үйлестіріл­ген медициналық және фармацевти­калық мамандықтар бойынша техни­ка­лық және кәсіптік жаңа мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарттары енгізілді. 4 медициналық жоғары оқу орнында өзін-өзі бағалау жұмысы жалғастырылуда. Жақын арада министрлік мынадай міндеттерді шешуді жоспарлап отыр: бірінші — денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арнал­ған “Саламатты Қазақстан” мемлекеттік бағдарламасының жобасын пысықтау және бекіту; екінші — Денсаулық сақтау министрлігінің 2011-2015 жылдарға ар­налған стратегиялық даму жоспарының жобасын жетілдіріп, бекіту; үшінші — “Ха­лық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы” Қазақстан Рес­пуб­ликасы кодексін және денсаулық сақ­тау саласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған “Саламатты Қазақ­стан” мемле­кет­тік бағдарламасын іске асыру мақса­тында нормативтік-құқық­тық базаны тия­нақтау; төртінші — Дүние­жүзілік банктің “Қазақстан Республи­касының денсаулық сақтау секторына технологияларды беру және институционалдық реформасын жүргізу” жобасын іске асыру; бесінші — Қазақстан Республикасының 2008-2012 жылдарға арналған медициналық ғы­лымды реформалау тұжырымдамасын одан әрі іске асыру, тағы басқалар. Салидат ҚАЙЫРБЕКОВА, Денсаулық сақтау министрі.