03 Қараша, 2010

Маңғыстау жастары – елбасымен бірге!

450 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
“Нұр Отан” ХДП облыстық филиалының, облыстық ішкі саясат басқармасы мен   жас­тар саясаты орталығының ұйымдас­ты­руы­мен өткен жастар слеті осылай аталды. Қазыналы түбектің барлық елді мекенде­рі­нің 600-ден астам өкілдері қатысқан облыс­тық жастар слетінің бағдарламасы сан алуан­ды­ғымен қатар терең мәнділігімен де мәнер­ленді. Слетке қатысушылар өздерінің тәуел­сіз­діктің арайлы ақ таңын аңсаған ата-бабалар­дың арманына қол жеткізген бақытты ұрпақ екендіктерін мақтан етіп, Тәуелсіз Қазақстан­ның тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев­тың сындарлы саясаты арқасында толағай табыстарды тасқындатып, тәуелсіздігіміздің тұғы­рын биіктете түсуге аянбай жұмыс жасай­тындықтарын білдірді. Егемендік жолында еңбек сіңірген қайраткерлер ескерткіштеріне гүл шоқтарын қойып, біраз қайырымдылық шараларын жасады. Жастарды игі шаралармен құттықтаған облыс әкімі Қ.Көшербаев Ұлт Көшбасшысы  Н.Назарбаевтың күш-жігерімен Қазақстанның әлем мойындаған әлеуетті ел болғандығын тілге тиек етті. Одан соң осы слет аясында “Жас тұлпар” жастар байқауының осы жылғы жеңімпаздарын марапаттады. Салтанатты шерулерін “Елбасымен біргеміз, берік болсын іргеміз”, “Бізді біріктіретін бір Отан, бір тағдыр, бір Көшбасшы” деген ұрандармен бастаған жастардың басқосуы желтоқсанның 1-2 күндері Астанада өтетін ЕҚЫҰ-ға мүше елдер мемлекет басшыларының саммиті қарсаңында ел мен Елбасының мерейін үстемелеп, жастарды бірлікке, татулыққа, жасампаздыққа шақырған игі шара болды. Жоламан БОШАЛАҚ. Ақтау.
Соңғы жаңалықтар