05 Қараша, 2010

Жаңа көкөніс қоймасы

770 рет
көрсетілді
6 мин
оқу үшін
Аудан орталығы Ақтоғайда жылына 8500 тонна өнім қабылдай алатын қойма пайдалануға берілді. Жалпы, өндірісті өңір үшін маңызды деп саналатын бұл нысан еліміздің инвестициялық жобалары сана­тына енеді. Ал, негізі, бұл жобаны “Қаз­Агро” ұлттық басқарушы холдингі” АҚ ен­ші­лес компаниясы-“ҚазАгро­Қаржы” же­лісі бойынша қаржылан­ды­рылды. Жо­ба­ның жалпы құны – 311 миллион 680 мың теңге, оның 245 миллион 414 мың теңгесі – “Қаз­Агро­Қаржы” тара­пы­нан бөлінген инвести­ция көзі болып табылады. Ал “Қаз­Агро” ұлттық холдингі” құра­мы­на ене­т­ін “Қаз­Агро­Қаржы” акцио­нер­лік қоға­мы осы­дан он жыл бұрын Үкіметтің қау­лысымен құ­рылған компания екені белгілі. Бұл компа­ния­ны құрудағы басты мақсат – ауыл­ша­руашылық тауар өндіру­ші­­лердің қаржы-қара­жат­тарына, сондай-ақ, лизинг н­е­гізінде ауыл шаруа­шы­лығы тех­ни­ка­лары мен тех­­но­л­о­гия­лық жабд­ық­тарға деген қолжетім­ділікті қам­та­ма­сыз ету арқылы еліміздің аг­рарлық секторын дамытуға қолдау жасау. Елі­міздің Ауыл шаруашылығы ми­нистр­лігінің деректері бойынша бү­гінгі күндері жыл сайын қыс ай­ла­рында көкөніс пен кар­топ сақтауда қи­ын­дықтар кездеседі. Еліміз­дің бас­қа облыс­тары сияқты біздің облыста да түрлі көкөністер, картоптың түрлі сорт­тары өсетіні белгілі. Ауыл­ша­руа­­­­шы­лық сала­сындағы өнім өнді­ру­­де­гі көрсет­кіштерді жыл сайын арт­­тыру да қазір тиісті нәти­же­сін бе­руде. Бұл жөнінде қой­ма­ның ашылуына қатысқан облыс әкімі Ба­қытжан Сағын­таев айтып өтке­нін­дей, Ақто­ғайдағы көкөніс қоймасы ха­лық­қа керек.  Өткен жылы об­лыста 19 қайта өңдеу кәсіп­ор­нының тұсауы кесілді. Осы күндері жалпы бұл салада 48 инвестициялық жоба жұмыс жасауда. Соның арқасында 500-ге жуық жаңа жұмыс орны аш­ылды. Ауылдықтар болса, үнемі өз өнім­дерін облыс орта­лығына әке­ліп, әлеуметтік жәрмең­ке­­лер­де саудалай алады. Бұл екі жаққа да ти­ім­ді. Шаруалар тауарын дел­дал­сыз өт­кізу мүмкіндігіне ие болса, қа­лалықтар қал­тасына салмақ түсір­мейтін азық-тү­лік алуға қол жеткізеді. Бұған қоса об­лыс орталығында қазір 13 әлеу­ме­ттік дүкен қызмет жасайды. Бұдан басқа, об­лыста “Элдар” атты шаруа қожа­лы­ғы 3 мың тонналық көкөніс қой­масын салуды жос­пар­лап отыр. Со­нымен қатар, “Ге­­ли­ос” се­рік­тестігі өз ие­лік­теріндегі көкөніс қой­­ма­ларын та­лап­тар­ға сай жарақ­тандыру жүйе­сінен өт­кі­зеді. Соңғы жылдары күзде жи­на­л­­ған мол өнімнің қыс ортасына жет­пей рәсуа болып бұзыла бастауы сияқты жайлар жиі байқалды. Жинауға, сақтауға қойылған өнімдерді қыстан көктемге дейін жеткізуге қой­ма­лардың жұмысы бүгінгі күн талап­тарына сай келмейтін болды. Сөйтіп, жыл сайын көктем баста­лы­сы­мен-ақ облыста көкөніс өнімдерінің тап­шы­лығы сезіле бастайды. Жоғарыда айтып өт­кеніміз­дей, жал­пы, “Қаз­Агро­Қаржы” АҚ елі­міз­де са­лынатын 10 көкөніс қой­ма­сы­­ның құ­ры­лысын қаржылан­ды­ру­ды қолға алып отырса, оның үшеуі біз­дің облыс аума­ғында орна­ласатын бо­ла­ды. Мұның өзі мол өнімге қол жет­кізген шаруа қожа­лық­тары үшін әрине қуанышты жағдай, енді олар көкөніс сақтауда бұрынғыдай қиын­дық көр­мей­тін болады. Ақтоғай ауда­нында аш­ылған көкөніс өнімдерін сақ­­тау қой­масы облыс бой­ын­ша кар­топ өсіру ісін қолға ал­ған “Ақ­то­ғай-АГРО” се­рік­те­сігіне қа­райды. Серік­тес­тік бөлінген қа­ражатқа картоп сақ­тай­тын қойма салды, көкө­ніс­тер­ді сақ­тап тұра алатын жел­дет­кіш жү­йе­лерді, сонымен қатар, өнімдер сыйым­ды­лығы 500 тонна жә­шік­терде сақт­ауға арналған мұздатқыш жабд­ық­тарды сатып алды. Бұған қоса, ауыл ша­руа­шы­лығына, оның ішінде картоп өсіруге қажет арнайы техни­ка­лар да бар. Қойма­­­ның жоба бойынша жалпы өнімдерді сақтау кезеңі 9-10 ай­ға есеп­тел­ген, яғни қыркүй­ек айынан келесі жылдың маусым айына шы­дай­­ды. Қоймаға керекті барлық жаб­дық­тар мен техникалар Герма­ния­дан, AGROTEC Іnterna­tіonal ком­па­ния­сынан әкелінген. Осы шаруа­шы­лық­тың басшысы Игорь Голо­ва­шов­тың ай­туынша, пайда­ла­ну­ға берілген қа­зіргі заманғы көкөніс қой­масында өз­де­рінің шаруашылықтары өсірген көк­өністері, картоптары ғана сақ­та­лып қоймай, жақын аудан­дар­дың өсірген өнімдері де сақта­латын бо­­ла­ды. Тіпті, мұнда арнаулы ка­­ме­ра­­ларда қыр­ыққабат, сәбіз, пияз сияқ­ты көк­өн­істер де сақталады. Сөй­тіп, алдағы уақытта өн­імдердің келесі жылға дейін бұзылмай, өнбей сақ­таулы тұратынына кепіл бар. Бұл күн­де­рі “Қаз­Агро­Қаржы” АҚ Ұлттық қор­дан бөлінген қаражат есе­бінен ауыл­дағы алты перс­пективалы бағыт бойынша ин­вес­ти­циялық жоба­ларды қаржы­лан­ды­ратыны белгілі, олар еліміз бойынша ірі тауарлы-сүт фер­ма­­­ла­рының, ет бағы­тын­дағы құс фаб­ри­ка­ла­рының, жылыжай ша­руа­шы­лық­та­рының, көкөніс қоймалары­ның, ауыл шаруа­шылығы тех­ни­ка­ларын құрастыру өндірістерінің же­лі­лерін құру және да­мыту, сонымен қатар бұлардың қатарында алқап­тар­дағы өнім­дерден мол өнім алу үшін там­шы­латып суару тех­ноло­­гиясын енгізу де жоспар­ланып отыр. Қой­ма­ның ашылуы кезінде “ҚазАгро­Қар­жы” АҚ басқарма төрағасы Дулат Айт­жанов атап айтқа­ндай, 2009-2011 жылдарға ар­налған бұл бағдар­ла­ма шең­бе­р­інде ком­па­ния жалпы сомасы 57,1 млрд. теңгеге ин­вес­ти­ция­­лық жобаларды қар­жыландыруды жос­пар­лап қойды. Қазір жалпы құны 29 мил­лиардтан астам теңгеге 33 жоба қара­лып, ма­құлданды. Ал біздің облыс бой­ын­ша “ҚазАгро­Қаржы” АҚ 7,5 млрд. теңге инвести­­ция құйды деуге болады. Фарида БЫҚАЙ. Павлодар.