05 Қараша, 2010

Жаңару жолында

401 рет
көрсетілді
7 мин
оқу үшін
Ұзақ мерзімді жоспарлауды бағалау, қазіргі талапқа сәйкес бизнесті қайта құру — дағдарыс салдарынан туындаған жаңа, жағымды тренд. Осы орайда отандық рыноктағы мықты әрі қайта түлеген ойыншы қазақстандық Жинақ банкі қызметіндегі табыстың кепілі ең алдымен банкті жасақтап-жаңартуға белсенді қатысуында деп есептейді. Соңғы бір жарым жыл ішінде экономиканың нақты секторын қаржыландыру ба­рысында тәуекелділіктің жо­ғары болуы себебінен банк­тер ешкімге несие бере ал­майды деген пікір қалып­тасып қалды. Алайда “Жи­нақ банкі” АҚ ЕБ корпо­ративтік клиенттер департа­ментінің директоры Нұр­сұлтан Тасқа­ранов банктерде қалыптасып отырған жағ­дай­дың объек­тив­ті себепте­ріне тоқтала ке­ліп, 2007 жыл­дан бастап не­сиелеу кө­лемі жалпы жүйе бойынша төмендегеніне қа­ра­мас­тан “Жинақ банкі” АҚ ЕБ жұмысында несиелеу үдерісі тоқтаған емес, оның үстіне жылдың басынан бастап шағын және орта бизнесті несиелеу жоғары қар­қынмен өсуде екендігін атап өтті. Ал не­сие алуға өті­ніштер саны өткен жылғы ке­зең­мен салыс­тыр­ғанда бірнеше есе асып түс­кен. Бұл жағ­дайға дағдарыс әсер етпей қой­ған жоқ. Дағ­дарыс басталғаннан кейінгі 2-3 жыл биз­несті қайта құруға жеткілікті уақыт, ендігі жерде банктер де тепе-теңдік есеппен қар­жыландыруға көшуге тырысуы қажет. Бүгінгі таңда ұзақ мерзімді жоспарлар қай­та қаралып, соның нәтижесінде кәсіпкерлер шығындарын есептей бастады. Сондай-ақ үдерістерді оңтайландырып, өнімділікті жоғарылатуға күш салды. Сайып келгенде, бұл шаралардың барлығы тиімділікке маңыз бен айқын басымдықты бере бастауды аңғартты. Оған қоса бұл банктер арасындағы бәсеке­лес­тіктің біршама өсуіне әкеледі, өйткені, тә­уекелділікке байланысты өңделген жаңа банк саясаты дағдарыс аяқталған күнде де сапалы заем алушылар қатары сирейтінін көрсетіп отыр. Қазақстандық Жинақ банкі клиент қата­рын көбейту үшін күрестегі жеңіс кілті олар­мен ұзақ мерзімді, сапалы әріптестік қарым-қатынас құру деп санайды. “Түсімділікті дамыту саясатын жүргізе отырып, банк өз кли­енттеріне көрсететін қызметтерінің сапа­сын жақсартуға ұдайы көңіл бөліп отыруға тырысады. Бұл стратегиялық маңызы бар мақ­сатты шешу барысында банк арнайы “бей­тарап” бағдарлама жасап шығарды. Бағдарла­маны клиенттің қайда орналасқандығына қарамастан, өте қысқа уақыт ішінде оның барлық тілегін орындай алатын, кәсіби ше­берлігі жоғары менеджерлер командасы жүзеге асырады. Клиент қажеттілігінің ұсақ-түйегіне дейін назар аудару, қызмет көрсетудің сапасы мен жылдамдығы, бұлардың барлығы бізге алға сеніммен ұмтылуымызға, жылжуымызға көмектеседі”, деп түйіндейді ойын Нұрсұлтан Тасқаранов. Өнімділікті толтыру, бәсекелестік артықшылықтарын тиімді пайдалану және салалық, сондай-ақ жекелеген ерекшеліктерді есепке ала отырып, әрбір мақсатты клиент топтарына жеке дайындалған қызмет көрсету жобаларын таңдап алу банк алдындағы таяу болашақтағы үш жылдың басым бағыттары болып табылады. Қазақстандық банктер арасында “Жинақ банкі” АҚ ЕБ-нің интернет арқылы көрсе­тетін қызмет тізбегі басқа банктермен салыс­тырғанда анағұрлым толық. Мұндай техно­логиялық өнімдер корпоративтік клиенттердің басты мақсаты болып табылатын тиімділікті жоғарылатуға себін тигізеді. Мысалы “Интер­нет-кеңсе” жүйесі клиенттерге өз банк шот­та­рына ғаламтор арқылы қау­іпсіз кіріп-шығу мүм­кін­дігін береді, сонымен қатар, банк ғи­ма­ратына бармай-ақ шот ар­қылы өзге де төлем түрлерін орындай алады. Серверге ену еToken арқылы жүзеге асы­рылады. Банк қолданатын тағы бір жоғары технологиялық өнім – төлем тапсырысын штрих-кодтау. “Жинақ бан­кі” АҚ ЕБ мәліметтерді штрих-кодтау мүмкіндігіне не­гізделген элек­тронды ска­нерлеу және төлем құжат­тарын тану жүйесін ұсына­ды. Ол сипаттамасы бойын­ша қажетті ақпараттық сый­ымдылық пен мәлімет­терді оқудың тиімділігімен қамта­ма­сыз етеді. Бұл үшін кли­ентке штрих-код қалып­тас­тыру мақсатында оның компью­­теріне тегін орнатылатын бағ­дар­ламалық мо­дуль ғана қажет. Ол үшін қо­сымша, арнайы құ­рылғы­лардың да керегі жоқ. Аталмыш тех­нология­ны қолдану нә­ти­жесінде клиенттің төлем тапсырысын банкте өңдеу бір секөнт­тен артық уақытты алмайды. Банк ұсынған алдыңғы қатарлы техноло­гия­лардың артықшылығы арқасында клиент­тер еңбек, уақыт, қаржы шығындарын ба­рынша төмендетуге мүмкіндік алады. Осын­дай кәсіби шеберлігі жоғары менеджерлерден құралған қоманданың жұмыс нәтижесін банк клиенттері есеп айырысу-кассалық қызмет көрсетуде де сезіне алады. Жинақ банкте шот ашқан заңды тұлғалар банк өнімдері кеше­ніндегі барлық қызметті, артықшылықтарды пайдаланады. Банк клиенттері ағымдағы шо­тындағы қаржысын басқара алатын құрал­дарды қолдануға мүмкіндіктері бар. Яғни, ин­тернет арқылы ақшаларын ағымдағы шоттан оңай алып, орнына кез келген уақытта салады. Банк ұсынатын депозиттер де қайтару мерзімі мен ставкалар ауқымы бойынша кең әрі кірісі мол қаржы құралы болып саналады. Ол клиенттің қаржылық жоспарындағы ба­сым бағыттарын есепке ала отырып, сондай-ақ компания қызметі нәтижесін оңтайлан­дыруға мүмкіндік береді. “Жинақ банкі” АҚ ЕБ – шын мәнінде Қазақстандағы ең сенімді банктердің бірі. Банк маңызды қаржылық институт ретінде барлық деңгейдегі құралдардың абсолютті сақталуына, инкассацияның бүкіл қорғау амалдарымен жүргізілетініне кепілдік береді. Инкассация сақтау мен орналастыру арасын­дағы амалдар қатаң тәртіпті сақтау арқылы жүргізіледі. Мұның бәрі банкке халықаралық рейтингілік агенттіктердің берген жоғары баға­ларынан, мықты акционерлерінің болуы­нан көрініс табуда. “Бейтарап” бағдарламаны жүзеге асыру­дың көрінісі ретіндегі мақсатқа бағытталған. Стратегиялық маңызы және банк қызметінің сапасын арттыруда кәсіби мамандардан ар­найы жасақталған топ құру, жоғарыда сипат­талған банк өнімдері мен қызмет көрсету банк басшылығының басты назарында. Өйткені, қызмет көрсету сапасының артуы банк­тің үшжылдық стратегиясының негізгі өзегі болып отыр. Банкте жұмыс істейтін қыз­меткерлер өз әріптестеріне ілтипатпен назар аударып, атқаратын жұмыстарына жауапты қарауы қалыпқа айналған. Себебі, мұндай мәдени негіз – сапа менеджментінің іргета­сы. Мұны әрбір клиент өз бизнесінің сапасы мен тиімділігін көтеруге көмектесетін банк өнімдерін қолданған кезде ғана атқарылған жұмыстың нәтижесін сезінбек. Венера ТҮГЕЛБАЙ.