19 Қараша, 2010

Журналистер еңбегі еленді

441 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Кеше Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Қа­зақ­стан халқы Ассамблеясы жанын­дағы Этносаралық қаты­настар мәсе­лесі жөніндегі жетекші журна­листер мен сарапшылар клубының Халықара­­­лық төзімділік күніне арналған оты­рысы болып, оның аясында этножур­на­листика саласына елеулі үлес қосқан және этносаралық тақырыпты белсенді жарыққа шығарып жүрген республи­калық және жергілікті БАҚ редак­ция­ларына салтанатты түрде гранттар тапсыру рәсімі өткізілді. Қазақстан халқы Ассамблеясы Төр­­аға­сының орынбасары – Хатшы­лық мең­герушісі Ералы Тоғжанов ша­ра­ны ашып тұрып: “Этно­жур­налис­тиканың өзіндік ерекшелігі бар. Би­лік­тің, қоғам­ның, оның ішінде жур­на­листік қауым­дастықтың, толықтай алғанда, азамат­тық қоғам инс­титут­тары­ның, сондай-ақ Қазақстан халқы Ассамблеясының өзара әрекетте­суінің нәтижесінде ғана біз ортақ түсіністік­ке қол жеткізе аламыз. БҰҰ аясында аталып өтетін толеранттылық күні биыл мұсылман қауымы үшін ұлық мереке– Құрбан айтпен қатар келіп отыр. Ал түрлі этнос өкілдері мен діндер арасындағы түсіністік орнаған біздің елімізде этносаралық саланы жазып көрсету өткен жылдармен салыстырғанда мүмкіндігінше жүйелі си­патқа ие болды”, деп “Самұрық-Қазы­на” ҰӘҚ қолдауымен осы салада қалам тербеп жүрген журналистерге арнайы гранттар табыс етілетінін жариялады. Сонымен, этножурналистика тақыры­бын қозғап, оқырмандары мен көрермен­деріне, тыңдарман­дарына жеткізуші бірнеше редакция марапатталды. Олардың қатарында: “Президенттің Телерадио кеше­ні”, “ҚазАқпарат”, “Қазақ радиосы”, “Ха­бар” агенттігі, “Егемен Қазақ­стан”, “Ка­зах­станская правда”, “Ана тілі”, “Экспресс К” сынды БАҚ-тар болды. Марапаттаудан соң “Этномәде­ниет және БАҚ” тақырыбында семинар өт­кізіліп, оның барысында “Поли­лингвал­ды қоғамдағы тілдік саясат және этномәдени білім беру” ғылыми-қолданбалы жобасы­ның, “Менің елім” және “Родина” (РФ) журналдары редакцияларының бірлескен жобасының тұсаукесері, БАҚ-тарда этнос­аралық қатынастар тақырыбын жарыққа шығарудың өзекті мәселелері және Ассамблея мен БАҚ-тың қарым-қатынасы жөнінде жан-жақты пікір алмасулар мен консультациялар болды. Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ.