19 Қараша, 2010

Балдырғандарға қамқорлық

458 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Жас ұрпаққа қамқорлық жасау – Елбасымыздың басты талап­та­ры­ның  бірі. Бұл талап әр жер­де өз мүмкіндіктеріне қарай ше­шілуде. Айталық, Бесқарағай ауданы орта­лы­ғындағы Борас орта мектеп жа­нынан 25 балдырғанға арналған ал­ғашқы топ осыдан алты жыл бұрын ашылған еді. Өткен оқу жылында аталған білім ордасында тағы да “Балбөбек” тобы  іске қо­сылды. Оның ағымдағы жөндеу жұ­мы­сына  900 мың теңге жұмсалса, ал 2629,5 мың теңгеге  топқа қа­жетті құрал жабдықтар сатып алыныпты. Биыл да жағымды жаңалық жал­ғасын тауып, “Айналайын” және “Балапан” деп аталатын екі топ ашылып отыр. Онда 45 бал­дырған тәрбиеленуде. Осы екі топты ашуға  аудандық бюджеттен 4639,0 мың теңге қаржы бөлініпті. Дәулет СЕЙСЕНҰЛЫ, Шығыс Қазақстан облысы, Бесқарағай ауданы.