19 Қараша, 2010

Басқосу оңай, баспаналы болу қиын

412 рет
көрсетілді
6 мин
оқу үшін
Қай ата-ананың баласының келешегі үшін жүрегі сыздамайды дейсіз? Қайтсем баламды денін сау етіп өсіремін, қандай білім беремін, қалай баспаналы етемін деген сауалдар бізді жиі маза­лайды. Бала есейген сайын бұл мәселелер әке-шешенің алдынан жиі көлденеңдейді. “Әр адам өз жолын өзі табуы керек” дейтін қа­ғи­даны жиі қайталасақ та, бәріміз де өзімізге қарағанда балала­ры­мыздың бақытты, дәулетті, қай жағынан болса да үлкен дәрежеде бақуатты болғанын қалаймыз. Дегенмен, балалардың келеше­гін қамтамасыз етуде әр кезең өз дегенін ұсынады. Бір кездері кә­мелеттік жасқа, үйлену тойына дейін жасалынатын сақтанды­ру­лар кеңінен танымал еді. Ұл не­месе қыз 18-ге толғанда оның есеп-шотында қомақты қаражат жинақталып тұратын. Бұл сома кооперативтік пәтер сатып алу үшін бастапқы жарнаны төлеуге әбден жететін. Қазір де белгілі бір соманы балалар үшін депозитте жинақтауға болады. Бірақ, ең дұрысы ниетті жүзеге асыру үшін “Тұрғын үй құрылыс жинақ бан­кі” АҚ ұсынып отырған жолды таңдаған дұрыс: балаға арнап тұр­ғын үй құрылыс жинағы келісім-шартын жасау керек. Егер қажет деп тапсаңыз – барлық балала­ры­ңызға есеп-шот ашуға болады. Бұл үйінде бүлдіршін баласы жетіліп келе жатқан жандар үшін ең қолайлы жол, тұрғын үй алуға арналған ақша баламен қосылып өсе береді. Оның үстіне банк тұрғын үй құрылыс жинағы туралы бірнеше келісім-шарт жасалған жағдайда оны ынталандыруды көздеп отыр, яғни, 1 қазан мен 31 желтоқсан аралығында ТҚЖБ “Отбасы” акциясын жүргізбек. Акцияның мақсаты – клиент­тердің барлық отбасындағылар үшін жасайтын келісім-шарт­тарына кететін шығынын азайту. “Көптеген клиенттер үшін от­ба­сындағы бірнеше адамға тұрғын үй құрылыс жинағы туралы ке­лі­сім-шарт жасағанда белгілі бір қа­ражат кететіндіктен, әсіресе, ау­ыл­дық жерлер үшін “Отбасы” ак­ция­сы жасалып отыр. Үшінші ке­лісім-шартты отбасындағы келесі мүше үшін мүлде тегін жасауға мүмкіндік береді. Бірақ, үшінші келісім-шарттағы сома алдыңғы екі тұрғын үй құрылыс жинағы туралы келісім-шарттағы келісім-шарт сомасынан аспауы керек” дейді акцияның жай-жапсары жайлы банк қызметкерлері. Және бұл акцияның бұрын жасалған келісім-шарттарға, сондай-ақ, мемлекеттік бағдарлама аясында баспана алу үшін заем алуды көз­­деп тұрғын үй құрылыс жинағы туралы келісім-шартқа отырған 2005-2007 және 2008-2010 жы­л­дар­дағы тұрғын үй құрылысын да­мыту мемлекеттік бағдарламасына қатысушыларға қатысы жоқ екен­дігін атап өткен жөн. Акцияға қатысу үшін барлық ТҚЖ туралы келісім-шарт жасасуға қажетті құжаттарға қоса, неке туралы куә­лікті және баланың туу куәлігін ұмытпау қажет – мұның бәрі бір отбасынан екендігін дәлелдеу үшін қажет. Тағы да ескерте кететін жәйт: “Отбасы” акциясының аясында келісім-шартты “Тұрғын үй құ­рылыс жинағы банкінің” барлық филиалдарында, “Қазпошта” бө­лім­шелерінде, сондай-ақ Банктің агенттерінде жасауға болады. Атал­мыш акция бойынша тегін ке­лісім-шартты тек баланың аты­на ғана емес, отбасының басқа да мүшелеріне – әйеліне, еріне, ата-анасына да жасауға болады. Айналып келгенде, барлығы жа­бы­лып үйді кеңейтуге бірігіп қа­ра­жат жинауға мүмкіндік туады. Мә­селен, үлкен жеке меншік үйді не­месе коттеджді осылайша бі­рігіп сатып алуға, салуға әбден мүм­кіндік бар. Бірақ, бәрінен де бұрын жұрт балаларының келе­ше­гі үшін алаңдайтыны белгілі. Сондықтан да бұл акция әсіресе, әке-шешелер үшін көкейкесті. Және ең бастысы – балаңыз үшін келісім-шарт жасау арқылы оның келешегін ғана қамтамасыз етіп қоймайсыз, осы арқылы сіз тұр­ғын үй заемына қол жеткізе отырып, мемлекет тарапынан кө­мек ретінде салықтық жеңілдік­терге де ие бола аласыз. Дәл қазіргі таңда ТҚЖ жүйесі табысы орташа жандар үшін бас­пана мәселесін шешудің ең оң­тай­лы жол екендігін тағы да қа­пер­ге сала кетсек артық бол­май­ды. Нарықтық ставка бойынша коммерциялық банктер ұсынатын ипотекалық несиелер негізінен табысы орташадан жоғары және бастапқы жарнаны төлеуге жағ­дайы бар клиенттерге бағытталған. Оның үстіне тұрғын үй құрылыс жинағы жүйесі еліміздегі банктік қызмет рыногында бір де бір несиелік мекеме бере алмайтын төмен пайызбен заем алу мүм­кіндігін ұсынып келеді. Атап айт­қанда: тұрғын үй заемы бойынша ең төменгі сыйақылар, таңдап алынған тарифтік бағдар­ламаға байланысты 3,5-нан бастап 5 пайызға дейін жылдық үстеме, 25 жылға дейінгі несиелеудің қо­лайлы жүйесі, сыйақы үстемесінің өзгермеуі, салықтық жеңілдіктер, мемлекет тарапынан клиенттерге арналған жыл сайынғы ынта­лан­дыру сыйақысы. Әлде де болса акцияны пайда­ланып қалуға уақыт бар, ал тұр­ғын үй құрылыс жинағы ту­ра­лы келісім-шарт отбасын­да­ғы­лар­дың баршасы үшін ең жақсы Жа­ңа­ жылдық сыйлық болар еді. Қосымша ақпараттарды “Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі” АҚ-тан төмендегі телефондар бойынша білуге болады: Алматы қ. – 279-25-55, 377-18-45, Қызылорда қ. – 26-26-64, Көкшетау қ. –25-63-04, Талдықорған қ. – 24-79- 72, Тараз қ. – 42-58-60, Шымкент қ. – 21-33-62, Павлодар қ. – 34-08-99, Өскемен қ. – 47-54-72, Қарағанды қ. – 43-62-52, Қостанай қ. – 53-38-20, Орал қ. – 54-36-36, Атырау қ. – 32-04-00, Актау қ. – 43-96-91, Астана қ. – 40-72-77, 36-19-07, Ақтөбе қ. – 55-72-21, Петропавл қ. 42-79-94, Семей қ. 52-22-90, немесе www.hcsbk.kz сайтында Айнаш ЕСАЛИ.