Қаржы нарығының баспалдақтарында нық қадаммен жоғары қарай көтеріліп, сенім мен тұрақтылықты басшылыққа ала отырып халық сенімінен шығуға талпынып қана қоймай, шын мәнісінде сенуге тұрарлық істерді атқарып келе жатқан банктердің бірі – ЦентрКредит Банкі. Жуырда ғана аталған банк “MAN” деп аталатын қызмет көрсету орталығының құрылысына өз қаражатын құйып, оның тез арада әрі сапалы түрде аяқталуына жәрдем көрсетті.
Әлем елдері бойынша жүк көліктері мен автобустарды шығаратын аса ірі компаниялардың қатарына “MAN”-ның да кіретінін былайғы жұрт жақсы біледі. Осы компаниямен қызмет көрсету жөнінде ресми әріптестік орнатқан, болашақта тығыз байланыс жасасу арқылы сандық көрсеткіштермен қатар сапаның да артуына ықпал ететін “Евротехсервис К” компаниясы тұрақты барыс-келістерінің арнасын кеңейткен болатын. Соның нәтижесінде Қарағанды қаласында “MAN” қызмет көрсету орталығы ашылып, көптеген көлік иелерінің қиындықтарын оңтайлы шешіп беруіне кәдімгідей үлес қосып үлгерді. “Әр күн сайын тасымалдау барысында жүк көліктері өздерінің жүргізушілеріне талай тауқыметтер әкелетіндіктерін біліп, тез арада олардың қиындықтарын шешіп, ақаулы жерлерін жөндеп беруге тырысамыз. Бұл аралықта барлық жұмыстарды мейлінше жоғары деңгейде сапалы орындауды өз жауапкершіліктерімізде деп түсінеміз”, – деп жазылған еді компанияның ғаламдық тор сайтында.
Қызмет көрсету орталығының құрылысына келер болсақ, бұл жобаны жүзеге асыру шаралары 2007 жылы басталған болатын. Ал енді арада біраз уақыт өтіп, дәлірек айтар болсақ, мінеки көзді ашып жұмғанша ағымдағы жылдың 19 қарашасы күні су жаңа орталықтың салтанатты ашылу рәсімі болады. Бұл орталықтың құрылыс жұмыстары біраз жылдардан бері әлемдік экономика эшелонындағы айтарлықтай ауыр кезеңі болып табылатын ғаламдық дағдарыс кезінен өткендігін ескеретін болсақ, онда компанияның қоржынына түскен жауапкершілікті саралай келе бұл жобаның маңыздылығы дегенмен де өзекті екендігі көрініп тұрады. “Евротехсервис К”-ның бұл жобадағы қаржылық әріптестігіне “Банк ЦентрКредит” АҚ-тың жомарттық танытқандығын ерекше атап өткіміз келеді. Несиелеу секторындағы тарылған кейбір үрдіске қарамастан мұндай өжеттілікке келіп, салмақты қадамдар жасаудың өзі оңай емес екендігін айтып жатудың өзі артықтау болар. Қызмет көрсету орталығының құрылысы өзінің қарқынды жұмыстарын 2007 жылдың желтоқсан айынан бастағаннан бері аталған банктің Жезқазған қаласындағы филиалы бүгінгі таңға дейін 446 млн.теңге көлемінде қаржылық қолдау көрсетіп келді.
“Евротехсервис К” компаниясының қаржылық мәселелеріне байланысты шешім қабылдау барысында бірнеше факторлардың болғанына тоқталғым келеді”, – дейді “ЦентрКредит Банкінің” Жезқазған қаласындағы бөлімшесінің директоры Рақыш Мусина. “Біріншіден, бұл жобаның өзінде тұрған маңыздылығы мен өзектілігі бізді елең еткізе қоймады. Екіншіден, кәсіптік жоба қатарына жатқызылады. Сонымен қатар, ең маңыздысы – “Евротехсервис К” ЖШС құрылғаннан бері арамызда орнатылған көпжылдық серіктестігіміздің жемісі деп білемін. Бұл компанияның негізгі қызметі “Қазақмыс” корпорациясына қызметтер көрсету болып табылады. Істен шыққан материалдарды саралау және мониторинг жасау, арнайы техникаларды орнату мен олардың жұмыстарын қадағалау, жер асты шахта жолдарын күту, олардың техникалық ақауларын саралау сынды басқа да жұмыстармен ерекшеленетін компанияның жетістіктері де айтарлықтай көңілге қуаныш ұялатады. “Евротехсервис К” компаниясына көрсетілген біздің банкіміздің алғашқы заемы 2004 жығы кен рудалы компаниялардың кендерді тасымалдау барысындағы қызметтерін көрсететін ауқымды жүктерге арналған техникаларды қамтамасыз ету жұмысы болып табылады. Сондықтан да стратегиялық жоспарлары болып табылатын шарттарымен етене танысуға тура келді. Құрылыс жобасын қаржыландырудан бұрын бізге аталған компанияның даму жолдарындағы осыған дейін және болашақта атқарылатын істерінің жетістіктерімен де таныстық. Әрине, мұндай ауқымды жетістікке жетудің ар жағында, компанияның басшылығында отырған өз жұмысына шын берілген басшының да еңбегін ерекше атап өту керек. Ол – экономика ғылымдарының кандидаты Вальдемар Подлих. Тәжірибелі жетекші ретінде мен оны ширек ғасырдан да көп білемін десем әбден болады. Вальдемар – біздің Жезқазғанда туған жерлесіміз. Алайда ол қазір Германияның азаматы, “Евротехсервис К”-дан бөлек, құрамына тағы Eurotex, “Sunray”, GRP-Азия мен өзбекстандық “Средазцветметэнерго” фирмасынан басқа да нәтижелі құрылымдарды біріктірген “GRP Group” консорциумының президенті. Оңтүстіктен солтүстікке, яғни Алматы – Екатеринбург пен Алматы – Астана бағыттарындағы автокөлік жолағының бойында “MAN” қызмет көрсету орталығының құрылысы жайында хабар естігенімізде, біз бұл жобаға оң көзқараспен қарауға дағдыландық. Аталмыш жобаның ерекшелігі мен өзектілігін жүзеге асыру барысында көптеген нәрселерді атап өтуге болады. Еліміздің орталық аймақтарында жүк таситын көліктерді жөндейтін немесе оларға техникалық қызмет көрсететін орталықтар жоқтың қасы екені бәрімізге белгілі ғой. Дегенмен де, Қазақстанда бұл бағыттағы заманауи орталықтардың саны да некен-саяқ екені жанымызға батады. Бұл салынған орталықта ауқымды жүк тасымалдайтын көліктерді жөндейтін барлық керек құрал-саймандарды да, жөндеу жұмыстары мен техникалық ақауларды тексеруді жеңілдететін автобөлшектерді де осы жерден таба аласыз. “MAN” қызмет көрсету орталығында жөндеу құрылымдарымен қатар қойма, ыңғайлы әрі жайлы қонақ үй де қарастырылған. Жүк таситын көліктерге арналған тұрақтар да бұл жерде жетерлік. Бұл жобаны іске асырудағы едәуір салмақты тұстары қызмет көрсету орталығы “MAN Nutzfahrzeuge Group” фирмасының үйлесімі мен келісіміне сәйкес келеді. Бұл аталған көңілге қонымды ерекшеліктер ЦентрКредит Банкінің бұл жобаны қаржыландыруға түрткі болған негізгі себептері болып табылады. Әлемдік қаржы дағдарысы кезінде салынған құрылыс болғандықтан, қиындықтар болмады емес, болды әрине. Алайда дүниежүзілік қаржы жүйесіндегі дағдарысқа қарамастан, нысанның белгіленген өз мерзімі кезінде ашылуына септігімізді тигізу үшін барлық кедергілерді жеңіп шықтық”, – деп өз қуанышымен бөлісті филиал директоры.
Рақыш Шахмұратқызының пікірінше, Қарағандыда бой көтерген “MAN” қызмет көрсету орталығы барлық заманауи талаптарға толығымен жауап бере алады. Бұл жобаның тиянақты жүзеге асырылуына кадр мәселесінің дер кезінде өте сәтті шешілгендігін де атап өтудің еш артықтығы болмайды. Мұндағы көптеген мамандар Германияға барып арнайы оқудан өткендігі, сонымен қатар олар сол жердегі жоғары технологиялық фирмалық құрал-жабдықтармен жұмыс істеу тәжірибелерімен етене таныс болғандығы да орталық жұмыстарының ілгері басуына өз көмектерін тигізеді. Бұл орталықта қызмет көрсету түрлерінен бөлек “Евротехсервис К” ЖШС-тің сауда-саттық бағытындағы жолды дұрыс шешуге арналған ауқымды қосалқы бөлшектерінің қоймасы да бар. Ең бастысы Қазақстанның басқа орталықтарында кездеспейтін құрал-саймандарды тек осы “MAN” орталығынан табатындықтарыңызды құлақтарыңызға алтын сырға ретінде айтып өтуді жөн көріп отырмыз. Мәселен, бұл орталықтың Bosch өндірісінен шыққан жеңіл және жүк таситын көліктердің инжекторларын жөндейтін және оны тексеретін форсундық стендті атауға болады. Сондай-ақ жанармай мен майланатын материалдарының сапасын анықтайтын, “Евротехсервис К” ЖШС-тің негізінде құрылған бірегей зертхана да жабдықталған. Бұл зертхана ең жаңа жоғары өнімді құрал-жабдықтармен, жедел түрде мотор майына жан-жақты саралау жасайтын құрылғылар, трансмиссияға, гидравликалық жүйеге арналған әртүрлі майлар мен арнайы салқындату құрылымына арналған сұйықтықтармен жабдықталған. Алдағы кезде бұл жерде жеңіл және жүк таситын көліктерге арналған жаңа “Nussbaum” диагностика деп аталатын жүйемен мемлекеттік техникалық тексеру жұмыстарын ұйымдастыру көзделіп отыр. Мемлекеттік техникалық тексеру жұмыстарының негізінде жанар-жағармай мен дизельді қозғалтқыштардағы пайдаланған газ құрамын, тежеуіш күші мен басқа да жабдықтарды тексеру шаралары қамтылады. Компания басшыларының атап көрсеткеніндей, орталыққа келіп қызмет көрсетуге мұқтаж болған жүргізушілерге барлық техникаларды қолдану ережелері мен болашақта көлік құралының кейбір зақымдар мен ақаулардан сақтанатын ақыл-кеңестер молынан айтылады.
“Сенімді, қызмет көрсету құны әлдеқайда арзан, жүргізушілерге ыңғайлы “MAN” жүк таситын мәшинелер тез арада Қазақстанның жүк таситын жүргізушілерінің тірлігіне белсене кірісіп, олардың арасында ерекше танымалдылыққа ие болып үлгерді. Басқа да сенімді көліктер сияқты “MAN” көлігі де сапалы жұмыс тек қана сапалы қызмет көрсетумен өлшенетін қағиданы басшылыққа қояды. “MAN” зауытының конструкторлық бюро инженерлері көліктерді қалай жасайтын болса, қызмет көрсету орталығының тәжірибелі мамандары да дәл сондай жауапкершілікпен, шеберлікпен “MAN” жүк таситын көліктерді тексеріп қарайды. Еуропалық сапа көрсеткішіне қол жеткізу кепілдігін бере отырып, “Евротехсервис К” басқа да орталықтармен өзара әріптестік орнатуға ниетті екендігінің өзіндік мәні бар”, – дейді Рақыш Шахмұратқызы. “Бұл жобаның тек аймақтық экономикаға ғана емес, еліміздің экономикасы үшін де айтарлықтай маңызды. “MAN” концерні арнайы өкілдік орындарының Қазақстанда ашылуы еліміздің жүк тасымалдау инфрақұрылымын анағұрлым дамытуға зор үлес қосуы мүмкін деген ойдамын. Ал жүк көліктерінің ақауларын кәсіби тұрғыда жөндейтін заманауи қызмет көрсету орталықтарының жаппай жұмыс істеуі бір жағынан қосымша жұмыс көздері болып табылып, кәсіби кадрлардың Германияға барып зауыттарда мәшине жасау-жөндеу жұмыстарының дұрыс жолға қойылуына түрткі болары анық. Мысалы, қарағандылық қызмет көрсету орталығының өзінде 140-қа жуық маман қамтылған. Егер ірі өндіріс құрылымдарындағы қызмет инфрақұрылымын ескеретін болсақ, онда синергетикалық әсерлердің ықпалын да айтпасқа болмас. Бұл айтылғандардан бөлек, орталық аймақта осындай сапалы қызмет көрсету орталығының жұмыс істеуі Қарағанды арқылы қатынайтын көлік легінің мөлшерін арттыруға да мұрындық болар еді. Бұл аймақта орналасқан аталмыш қызмет көрсету орталығы географиялық орналасу тұрғысынан тек аймақтық тұрғындарға ғана емес, жақын орналасқан басқа да облыс көлік жүргізушілеріне тиімді қызмет көрсете алады. Жолға шығатын ұтқыр топтың арқасында республика аумағының барлық аймағындағы көлік жүргізушілеріне жәрдемдесуге болады. Мұндай қызмет клиенттер арасында бір жерде шоғырланған ауқымды қызмет түрі ретінде жүргізушілерге өте ыңғайлы екендігін де айтып кеткен жөн. Бұл орталықта әртүрлі өндіріс орындарынан шыққан автокөліктерді, көліктің қосалқы бөлшектерін сату, диагностикалық және жөндеу жұмыстарының түр-түрі қамтылғандығы да қуантады.
Орталықтың қазіргі техникалық мүмкіндіктері бір уақытта 6 жүк таситын автокөлікке қызмет көрсетуге дейін қауқары жетеді. Сонымен қатар қызмет көрсету орталығында “Paus” неміс фирмасының көп функционалды жүк тиеуге арналған құрылғыны құрастыру жұмыстары да жоспарланып отыр. Қазіргі таңда жобаның қайта өңдеу құжаттары талқылану үстінде. Бұл дегеніміз алдағы уақытта тағы қосымша 50-ге жуық жұмыс орнының қамтылуына жағдай жасалады деген сөз. Бұл жолғы ықтималды қызметкерлер де Германияға барып арнайы оқудан өтетін болады.
Нарықтағы бұл қызметтердің бағалану есептері бойынша жобаға кеткен барлық шығындардың көлемі 18 айлық көрсеткішпен есептелінеді.
Тек бұл қызмет көрсету орталығы ЦентрКредит Банкінің Жезқазған бөлімшесінің қаржылық дағдарыс кезіндегі қиыншылықтарға қарамастан қол ұшын берген шаралардың ішіндегі жалғыз ірі жобасы емес. Бүгінгі таңда одан бөлек дәнді дақылдар мен сүт өнімдерін шығаратын орындардың, сауда орталықтарының құрылыстарына да белсенді қаржыландыру жұмыстарын жүргізіп келеді.
“Бұл құрылыстар, нысандар, жобалар – халық игілігі үшін өте маңызды. Олар қаржы дағдарысы кезіндегі біздің жетістікке деген талпынысымыздың, іскерлік жігерлілігіміздің және тұтынушыларымыздың сұраныстарын қанағаттандыратын ізгі нәтижеміз дәлелдеуді қажетсінбейтін айғақ болары анық. Ал біздің банкіміз болса мемлекеттік бағдарламалары аясында еліміздің экономикалық өрлеуіне де, жеке тұлға ретінде кәсіпкерліктің дамуына да қашанда өз үлесін қосатынына мен сенімдімін. Клиенттеріміздің жеткен жетістіктері – біздің де жетістіктеріміз болып саналады”, – деп жігерлі сөздерімен Рақыш Шахмұратқызы өзінің ойын осылайша аяқтады.
Арай ҮЙРЕНІШБЕКҚЫЗЫ.