20 Қараша, 2010

Мәжіліс бюросының кезекті отырысы

316 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Кеше Парламент Мәжілісінің Төрағасы Орал Мұхамеджановтың жетекшілігімен палата бюросының кезекті отырысы өтті. Алдағы аптада болатын Мәжілістің жалпы отырысында бірқатар заң жобалары талқыға түскелі тұр. Олар палатаның талқысына ұсынылды. Заңнама және сот-құқықтық реформа комитеті құқық қорғауға қатысты бір топ заң жобаларын көлденең тартты. Олардың ішінде “Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадаға­лау туралы”, “Қазақстан Респуб­ли­касының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік бақылау және қадағалау мәселелері бой­ын­ша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы”, “Қазақстан Рес­пуб­ликасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық заңнаманы одан әрі ізгілендіру және қыл­мыс­тық процестегі заңдылықтың ке­піл­діктерін күшейту мәселелері бо­й­ынша өзгерістер мен толық­ты­рулар енгізу туралы”, “Қазақстан Рес­публикасының кейбір заң­на­малық актілеріне әр түрлі заңна­малық актілердің құқық норма­ла­ры арасындағы қайшылықтарды, олқылықтарды, коллизияларды және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ете­тін нормаларды жою мәселелері бой­ынша өзгерістер мен толық­тырулар енгізу туралы”, т.б. заң жобалары бар. Сонымен қатар, Мәжілістің Эко­номикалық реформа және өңір­лік даму комитетінің ұсынуы­мен “Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне байланыс мәселелері бойынша толықтырулар енгізу туралы” және “Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне меха­никалық көлік құралдарын және олардың тіркемелерін мін­детті техникалық байқаудан өткізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” заң жобалары да бірінші оқылым­да талқылауға шығарылатын болды. “Егемен-ақпарат”.