Талғат ЖҰМАҒҰЛОВ – Лиссабоннан.
Альянсқа мүше мемлекеттер бұл шараға үлкен үмітпен қарайды. Саммиттен соң НАТО-да жаңа стратегиялық тұжырымдама пайда болуы тиіс, деп пайымдайды олар. Бұл ұзаққа созылып бара жатқан экономикалық дағдарыс пен өсе түсіп отырған қауіпсіздік қатерлері жағдайында НАТО-ға көмек қолын созатын жаңа әріптестер ретінде көрініс беруі керек. Мұндай жаңа әріптестер қатарында Қазақстан тарапының болатыны да түсінікті. Өйткені, біздің еліміз әлем картасында тәуелсіз мемлекет ретінде пайда болған 20 жылға жетер-жетпес уақытта өзін халықаралық қоғамдастықтың толыққанды мүшесі ретінде танытып қана қоймай, дүниежүзілік саясатта өзіндік алар орны бар орда екенін айғақтап үлгерді. Отанымыздың әлемдегі аса беделді халықаралық ұйымдардың бірі – Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалық тізгініне қол жеткізуі мен ЕҚЫҰ-ның Саммитін өткізуі де дүниежүзілік деңгейде танылғандығының дәлелі екені анық. НАТО-ның жаңа стратегиялық тұжырымдамасының басты дем берушісі – Америка Құрама Штаттары. АҚШ делегациясының Лиссабонға ең қомақты бағдарлама әкелгені де байқалады. Екі күндік саммит қарсаңында Американың НАТО-дағы миссиясының басшысы Иво Даалдер Құрама Штаттар үшін Еуропадағы әріптестерімен кездесу тығыз ынтымақтастық жолындағы тамаша мүмкіндік екенін атап көрсеткен болатын. Тұтастай алғанда, саммиттің мақсаты НАТО үшін XXІ ғасырдағы жаңа стратегияны ұсыну және сол бойынша келісімге келу болып табылады. НАТО алдында тұрған қазіргі кездегі қыр көрсетулердің бірі Иран болып есептелсе, ал басқосудың басты тақырыбы Ауғанстан болғалы тұр. Альянс елдерінің көшбасшылары саммитке арнайы шақырылған Ауғанстан президенті Х.Карзаймен бірге елді басқару тізгінін жергілікті билікке беру мәселесін талқылайды деп күтілуде. Сөйтіп, бүгінде 150 мың адамды құрайтын бітімгершілер күші 4 жылдың ішінде бірте-бірте ел аумағынан толық шығарылуы тиіс. Саммитте сондай-ақ НАТО мен Ресей қарым-қатынасы мәселесі қаралатыны да белгілі болып отыр.Нұрсұлтан Назарбаев Владимир Путинмен кездесті
Саясат • Бүгін, 11:50
Доллардың бүгінгі бағамы белгілі болды
Қаржы • Бүгін, 11:18
Президент 2024-2026 жылдарға арналған бюджетке түзету енгізді
Президент • Бүгін, 10:45
Түркістан облысында 10 жыл бойы іздеуде жүрген күдікті ұсталды
Қылмыс • Бүгін, 09:23
Бурабайдағы Мультимедиалық интерактивті кешенге келушілер көп
Аймақтар • Бүгін, 01:26