23 Қараша, 2010

Экономикалық өрлеу жолында

548 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
“Нұр Отан” халықтық-демократиялық партиясы аймақтарда белсенді жұмыс жүргізуді жалғастыруда. Басым бағыттардың қатарында – Елбасы Жолдауын жүзеге асыру, партияның Халықтық тұғырнамасын орындау, әлеуметтік маңызы бар мемлекеттік бағдарламалардың, соның ішінде бірінші кезекте, үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының жүзеге асырылуын бақылау мәселелерін атауға болады. Сонымен қатар, “Нұр Отан” партиясы бастауыш партия ұйымдарына айрықша көңіл бөледі, себебі, аталған ұйымдар  бүгінгі күні жергілікті жерлерде барлық саяси оқиғалардың орталығы саналады. Алдағы уақыттағы негізгі мін­дет­терді саралау мақсатында 19 қа­ра­шада, Жамбыл, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстарының партиялық өкілдері Шымкент қа­ла­сына жиналды.  Аймақтық фо­рум­­ның күн тәртібіне  партияның 2020 жылға дейінге жаңа бағдар­ла­масын талқылау, нұротандықтар­дың еліміз тәуелсіздігінің 20 жыл­дық мерейтойына дайындық жұмыстарына қатысуы, әлеуметтік және индустриялық жобалардың орындалуын бақылауды одан әрі жалғастыру, бастауыш партия ұйым­дарының жұмысын жетілдіру, халықпен екі жақты байланыс механизмін нығайту сынды ма­ңызды шаралар енгізілді. Нұротандықтардың айтуынша, Қазақстанның дағдарыстан кейінгі даму жолында атқарылатын ауқым­ды жұмыстар қоғамның Елбасы, пар­тия Төрағасы Нұрсұлтан На­зар­баев бастамаларының айналасында топтасуын қажет етеді. “Елбасымыз, партиямыздың Төр­ағасы Нұрсұлтан Әбішұлы На­зар­баевтың барлық маңызды баста­ма­ларын, оның ішінде 2020 жылға арналған Стратегиялық даму жос­па­рын,  басқа да маңызды мем­ле­кеттік бағдарламаларды қолдау – бұл “Нұр Отан” партиясының ба­сым ба­ғыттарының бірі. Сон­дық­тан біздің ең басты мақсатымыз – мем­ле­ке­ті­міз дамуының мықты әлеуметтік негі­зін қалыптастыру. Осы үлкен жауапты жұмыста пар­тиямыздың аймақтық филиал­да­рының, әсіресе, бастауыш партия ұйымдарының рөлі одан да өсетін болады”, – деп атап өтті партия Төрағасының бірінші орын­ба­са­ры Нұрлан Нығматулин. Сонымен қатар, партия бел­сенділеріне қоғамдық ұйым­дар­мен жұмысты күшейту, халықпен өзара әрекеттің тиімділігін арт­тыру, біліктілікті жоғарылату, осы уақытқа дейін жинақталған білім мен тәжірибені кеңінен пайдалану бойынша тапсырмалар жүктелді. “Нұр Отан” партиясы тәуел­сіз­діктің 20 жылдық мерейтойына ар­налған  дайындық жұмыс­та­ры­на белсене араласуда. Атаулы  күн­ге орай келер жылы 300-ден астам пар­тиялық іс-шаралар өткізу жос­парланған. Қазірдің өзінде нұр­отан­дықтар өздерінің азаматтық белсенділіктерін таны­туға, инно­вациялық Қазақстанды құруға дайын екендіктерін біл­дірді. Еліміздің үдемелі индустрия­лық-инновациялық даму бағдар­ла­масының орындалуы  үнемі “Нұр Отан” партиясының бақы­лауында. Барлық нысандарда пар­­тиялық бақылау бекеттері құ­рылған. Соның бірі Оңтүстік Қа­зақстан облы­сындағы 9 ин­но­вациялық жобаның қатарына  кіретін күркетауық өсіру, сою және етін өңдеу бойынша “Ор­дабасы - Құс” кешенінде ашыл­ған.  Ағымдағы жылдың жел­тоқ­сан айында аталған мекеме іске қосылып, 500 адамды жұмыспен қамтамасыз етеді. Өндірістік қуат­тылығы жылына 4 828 тонна ет өндіруге есептелген құс кешенінің Қазақстанда теңдесі жоқ. Өнді­рісте заманауи технология мен қон­­дырғылар пайдаланылып, өн­дірілетін өнім толықтай халықара­лық стандартпен сәйкестендірі­летін болады. Нұротандықтар әрбір аймақта осындай кәсіпорындардың іске қосылуы тек өңірлердің жағдайын жақсартуға ықпал етіп қана қой­май, жалпы Қазақстанның эко­но­ми­калық өрлеуін қамтамасыз ететініне сенімді. Шымкент.