24 Қараша, 2010

Алғыстың түрі әр алуан

609 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Кеше алдағы саммитке орай Қазақстанның Азаматтық альянсы еліміздің үкіметтік емес секторының іс-әрекеттері туралы “Азаматтық қоғам: әркімнің үлесі” атты фотожұмыстар мен материалдардың көрмесін ашты. Сондай-ақ, шетелдік ҮЕҰ-лар және БАҚ-тармен өзара әрекеттесу бойынша штаб ашылды. Көрмеде бүкіл елімізден жинал­ған жұмыстар назарға ұсынылды. Бұл – ҮЕҰ-лар жүзеге асырған әлеу­меттік пайдасы бар жобалар мен қарапайым қазақстандық­тар­дың қоғамның дамуына қосып жүр­ген үлестерін растайтын фото­суреттер. “Баршамызға белгілі болғандай, елімізде ҮЕҰ-лар көбінесе адам­дар­мен және адамдар үшін жұмыс іс­тей­ді, демек, сіз бен біз – қара­пайым қазақстандықтар үшін әре­кет етеді. Күн сайын үкіметтік емес ұйымдар адамдар өмірінің, тұр­ғын­дар­дың осал жіктерінің өмірінің са­пасын жақсарту бойынша және басқа да жобаларды жүзеге асырып келеді. Сол уақытта, қазақстан­дық­тардың өздері ерліктері мен еңбегі арқылы еліміздің әл-ауқатының дамуы мен жоғарылауы үшін ай­тар­лықтай үлес қосуда, бұл – волон­терлер мен кез келген уақытта көмекке келуге дайын адамдар”, – дейді Азаматтық альянстың ҮЕҰ-ларды дамыту бағдарламасының директоры Андрей Емелин. Көрме адамдар ажарын, ҮЕҰ-лардың жұмысының сәттерін, мақ­сат­ты топтармен өзара әрекет­тес­тікті және т.б. көрсету мақсатымен ұйымдастырылған. Бұл көрме коммерциялық емес ұйым­дар­дың әлеуметтік мәселелерді ше­шудегі мүмкіндіктері мен жетіс­тік­терін паш етіп қана қоймай, аза­маттық қоғамның әрі оның инс­титут­тарының дамуы мен күшеюіне әрекеттеседі. Сонымен қатар, бұл – Қазақстан үшін маңызды имид­жді шара, ол азаматтық қоғамның дамуы тұрғысынан халықаралық қоғамдастықтың еліміздің табыста­рын танып, жетістіктерді мойын­дауына әкеледі. “Енді астаналықтар мен қала қонақтары үкіметтік емес ұйымдар­дың іс-әрекеттері жайлы, елімізде әлеуметтік маңызды жобалардың іске асырылуы туралы кеңінен біле­тін болады. Және атап өту керек, бұл көрме еліміздің тағы үш айма­ғында өтеді. Біздің көрмеміз – қо­ғамның қамы үшін азаматтық амал-әрекеттер жасап жүрген адам­дарға алғыс білдіру мүмкіндігі”,– дейді Азаматтық альянстың ат­қа­рушы директоры Алина Хамат­динова. Көрме 28 қарашаға дейін жал­ғасады. Үздік жұмыстардан тұратын тіз­бе (каталог) шығарылатын болады.