24 Қараша, 2010

Қолдау және мойындау бағыттарымен

500 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
22-23 қараша күндері М.Әуе­зов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде облыс әкімдігімен бірлесе отырып ұйым­дастырылған “Қазақстан­ның ЕҚЫҰ-мен ынтымақтас­ты­ғы: же­тістіктер және да­мудың келе­шегі” атты халық­ара­лық ғылыми-практикалық конференция өтті. Халықаралық дәрежеде өткі­зілген конференцияның көздегені санаулы күндерден кейін Астана қаласында басталатын ЕҚЫҰ Сам­митінің өтуін қолдау, Елба­сының бейбітшілікті нығайту жо­лындағы ерен еңбегін мойындау болды. Сондай-ақ, М.Әуезов атын­дағы ОҚМУ-де аталмыш конференция қарсаңында Елба­сына арнап мұражай ашылды. Ондағы мақсат Елбасын жастарға үлгі ете отырып, олардың отан­сүйгіштік қасиетін арттыра түсу болып табылды. Конференцияға аталған та­қы­рыптар бойынша ғылыми зерт­теулерде нәтижелі көрсеткіштерге қол жеткізген профессор-оқы­ту­шылар құрамы, барлық жоғары оқу орындары мен Қазақстанның ғылыми зерттеу институттары және ТМД мен алыс шетел ғалымдары, саясаттанушылар мен белгілі журналистер шақырылды. Конференция үш секция бойынша – ЕҚЫҰ және Қазақ­стан: Батыс және Шығыс ара­сындағы үнқатысу; ЕҚЫҰ Қа­зақстан жастарының көзқарасы­мен; ЕҚЫҰ және халықаралық қауіпсіздік секциялары бойынша жұмыс істеді. “Егемен-ақпарат”.