25 Қараша, 2010

Көліктерді техникалық байқаудан өткізу қызметі жекеменшікке берілетін болды

437 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
Кеше Парламент Мәжілісінің кезекті жалпы отырысы болып, онда көптеген мәселелер қаралды. Жалпы отырыс жұмысын палата Төрағасының орынбасары Жәнібек Кәрібжанов ашып, жүргізіп отырды. Қазақстан Республикасы мен Палестина автономиясы арасындағы Палестина мемлекеті елшілігінің мұқ­таждықтары үшін Астана қала­сын­дағы офистік үй-жайды өтеусіз пай­далануға беру, 2009 жылғы 11 желтоқсандағы Кеден одағының өсім­діктер карантині туралы келі­сім­ге өзгерістер енгізу және осы Одақ­тың 2009 жылғы 11 желтоқ­сан­дағы санитарлық шаралар жөніндегі келісіміне өзгерістер енгізу туралы хаттаманы, сондай-ақ Қазақстан мен Түрік Республикасы арасындағы Стра­тегиялық әріптестік туралы шарт­ты ратификациялау туралы заң жобалары бойынша қорытынды әзірлеу жөнінде Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік коми­те­тінің хатшысы В.Рогалев баяндап, тиісті шешім қабылданды. “Қазақстан Республикасының білім туралы” Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасымен жұмысты жалғастыру жөнінде Әлеумет­тік-мәдени даму комитетінің төрайымы Д.Нөкетаева баян­дап, заң жобасын қарауға жаңа мерзім белгіленді. Бірінші оқылымда қарауға ұсынылған Қазақстан Респуб­ликасының кейбір заңнамалық актілеріне байланыс мәселелері бойынша толықтырулар енгізу туралы заң жобасы депу­тат­тардың бастамашылдығымен дайындалған еді, сондықтан ол туралы негізгі баяндаманы депутат М.Айсина, ал қосымша баяндаманы Ж.Дүйсебаев жа­сады. Осы заң жобасы екінші оқы­лымда да қарауға ұсыны­лып, отырыстың соңынан ол екінші оқылымда да мақұл­данды. Ал кейбір заңнамалық ак­ті­лерге механикалық көлік құ­рал­дарына және олардың тір­кемелеріне міндетті техникалық байқаудан өткізу мәселелері бой­ынша өзгерістер мен толық­тырулар енгізу туралы заң жо­басы қызу талқыланып, бірінші оқылымда мақұлданды және екінші оқылымда қарау туралы ұсыныс қабылданбады. Нақты­рақ айтқанда, бұл көліктерді техникалық байқаудан өткізу ісін мемлекеттің міндетінен алып, бәсекелестік ортаға, яғни жекеменшік фирмаларға жүк­теуді көздейтін заң жобасы еді. Ол депутаттар арасында әртүрлі көзқарас тудырды. Осы күні қазақстандықтарда 3 млн. 300 мыңнан артық көлік құралдары бар екен, оларды техникалық байқаудан өткізуге кемінде 3 мың теңгеден төленеді, сонда 9 млрд. теңге бюджетке түседі, сон­ша қаражатты неге жеке­мен­шікке жібереміз деушілер де болды. Бірақ соның арқа­сында мыңдаған жаңа жұмыс орын­дары ашылатынын кейбір депутаттар ескермеген секілді. Бірнеше рет ұсынылып қа­былданбаған “Ғылым туралы” заң жобасы осы жолы бірінші оқылымда мақұлданды, ал екінші оқылымда да қарап жіберейік деген ұсыныс мұнда да өтпей қалды. Заң жобасы туралы негізгі баяндаманы Білім және ғылым министрі Б.Жұмағұлов, ал қосымша баяндаманы Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің хатшысы Б.Әлімжанов жасады. Одан әрі дипломатиялық қызмет туралы заңға өзгерістер мен толық­ты­рулар енгізу, 1968 жылы Венада қол қойылған Жол жүрісі ту­ралы конвенцияны толықты­ра­тын Еуропалық келісімді рати­­­фикациялау туралы және т.б. заң жобалары мақұлданды. Жақсыбай САМРАТ.