26 Қараша, 2010

Мүгедектердің тең құқықтары мен тең мүмкіндіктері

585 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Кеше Астана қаласында алдағы ЕҚЫҰ Саммитінің қарсаңында ҚР-дағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл, Астана қаласындағы ЕҚЫҰ орталығы және Адам құқықтары жөніндегі Дания институты арасындағы үш жақты жоба шеңберінде ұйымдастырылған “Мүгедек­тердің қазіргі қоғамға бірігуі: тең құқықтар – тең мүмкіндіктер” тақырыбында семинар өтті. Семинар барысында Мүгедек­тер­дің құқықтары туралы БҰҰ Конвенциясын бекітуге әзірлік, білім алуға, денсаулық сақтауға, еңбекке бөгетсіз қолжетімділік арқылы әлеуметтік оңалту мен қоғамға бірігу, сондай-ақ дамуын­да проблемалары бар балалардың әлеуметтік-педагогикалық бірігуі мәселелерінде мүгедектердің құ­қықтарын қамтамасыз ету шең­берінде өткізілетін жұмыс мәселе­лері талқыланды. Семинар жұмысына уәкілетті мемлекеттік органдардың, бей­үкі­меттік ұйымдардың, бұқара­лық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Қатысушы­лардың ал­дын­да халықаралық сарапшы – Даниядағы Зағиптар қауымдас­тығының вице-төрағасы Джон Дэвид Хайльбрун сөз сөйледі. Қорытындыда семинарға қатысушылар осындай іс-шара­ны өткізу өзекті және уақытылы екендігі және алдағы уақытта мүгедектердің қазіргі қоғамға бірігуі бойынша нақты ұсыныс­тар мен шаралар әзірлеуге мүмкіндік беретіні жөнінде ортақ пікірге келді, деп хабарлады ҚР-дағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл аппаратының баспасөз қызметі.