Пәтер сатып алу үшін несиені қалай алуға болады? Және қарызды қайтарудың ауыртпалығын арқаламау үшін не істеу керек? Егер “Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне” хабарлассаңыз, бұл – шешілмейтін мәселе емес.
“Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі” АҚ өз клиенттеріне қарайласу мақсатында несиелеу талаптарын барынша ыңғайлы да қолжетімді етуде. 2010 жылдың 31 желтоқсанына дейін үйлі болғысы немесе баспанасын жақсартқысы келетін кез келген қазақстандық банктің жаңа да тиімді ұсыныстарын пайдалана алады. Ал 1 қарашадан бастап банк тарифтік бағдарламалар бойынша тұрғын үй заемдарын қайтару мерзімін қысқартқан жағдайда, алдын ала тұрғын үй заемдары бойынша сыйақы үстемесі 14 пайыздан 12 пайызға дейін төмендейтіні (жылдық тиімді ставка 16,65 пайызға дейін) туралы хабарлайды. Алдын ала берілетін тұрғын үй заемы – баспаналы болудың ең оңтайлы әдісі. Ол клиенттерге алдын ала қаражат жинақтамаған жағдайда да беріледі. Банк салымшысы заемын алып, пәтер сатып алған соң, сол пәтерінде өмір сүре отырып, несиені де қайтарады және қаражат та жинақтайды. Бұл банктен толыққанды заем алуға, тұрғын үй мәселесін шешуге мүмкіндік береді. Салымшы үшін ыңғайлы әрі тиімді, ол алдын ала келісім-шарттағы соманың жартысын жинақтауға уақытын кетірмейді.
Заемшылардың түрлі санаттары бойынша алдын ала тұрғын үй заемын беруді барынша қолжетімді ету үшін банк сыйақы үстемесін төмендетіп отыр. Өйткені, үстемелік пайызды азайту банк алдындағы міндеттемелерін өтеудің ай сайынғы жарнасын да азайтып, клиентке өз қарыздарын жабу арзанға түседі. Алайда, клиент үшін бұл жалғыз тиімді ұсыныс емес. Заемшы банкпен есептесу үшін өзі таңдап алған тарифтік бағдарламаға сәйкес, заемды пайдаланудың бүкіл кезеңінде қаражат жинақтаумен болады. Жинақ мерзімі аяқталған кезде заемшыға ең төмен пайызбен (4-тен 5 пайызға дейін) негізгі тұрғын үй заемы беріледі. Бұл алдын ала алынған тұрғын үй заемын жабуға жұмсалады. Несиелеу мерзімі тым ұзаққа созылмас үшін, ТҚЖБ тұрғын үй заемдарының мерзімін қысқартты. “Бастау” тарифтік бағдарламасы бойынша – 6 жылдан 4 жылға дейін, “Өркен” тарифтік бағдарламасы бойынша – 10 жылдан 6 жылға дейін, “Кемел” тарифтік бағдарламасы бойынша 15 жылдан 10 жылға дейін.
Несиелеу талаптарына өзгерістердің енгізілуі – ТҚЖБ жұмысының клиент жағдайына бейімделгіштігімен және әлеуметтік қарайласу тұрғысынан түсіндіріледі. Қазақстандықтардың тұрғын үй жағдайын жақсарту – банктің ең басты мақсаты делінсе, бұл кездейсоқ айтыла салған сөз емес. Аралық заемдарға сұранысты күшейтіп, қаржыландырудың осы түріне қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін ТҚЖБ “Жеңіл” несиелік бағдарламасы бойынша аралық тұрғын үй заемын беруді де жаңғыртып отыр. “Жеңіл” бағдарламасының айрықша тұсы – негізгі қарызды төлеуді 3 жылға дейін кейінге шегере алады. Осы аралықта заемшы тек қана заем бойынша сыйақыны ғана жабады. Бұл клиентке шығындарын жоспарлауға мүмкіндік беріп, ертеңге деген сенімін арттырады. “Жеңіл” бағдарламасы оның өзектілігі мен қажеттілігін ғана емес, банктің бәсекеге қабілеттілігін айқын көрсетіп отыр. Дегенмен, банк төлем қабілеті жоқ клиенттерге өз қаражатын жоғалтпау үшін несиелік тәуекелдерді азайтуға өте мұқият қарайды. Өйткені, “Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі” – мемлекеттік банк. Сондықтан банк міндетті түрде клиенттерден табысы туралы ақпараттарды талап етеді. Егер заемшының несие алуға табысы жеткіліксіз болса, онда банк клиентке бір немесе бірнеше адамды бірігіп заемшы етіп алуға рұқсат береді. Олар негізгі заемшыны одан әрі заеммен қамтамасыз етуде біріккен түрде жауапты болады.
ТҚЖБ заемдарына сұранысты арттырудың қосымша шарасы – алдын ала және аралық тұрғын үй заемдарын алу үшін банкке хабарласқан клиенттер үшін күту мерзімінің жойылуы. Ендігі жерде, клиент баспанасын кеңейтуге, яки, пәтер алуға қажетті тұрғын үй құрылыс жинақтары туралы келісім-шартты жасап немесе қажетті соманың 50 пайызын жинақтаған жағдайда, 1 айдан бастап 3 айға дейінгі мерзімді құрайтын күту уақытын күтпей-ақ, бірден жоғарыдағы несиелерді ала алады. Осылайша, ТҚЖБ бастамаларының арқасында көптеген қазақстандықтар ертең-ақ жаңа пәтерлеріне қоныстанатын болады. Өз кезегінде құрылыс саласы да қарқындап, ел экономикасы да тұрақты дамуға қадам баса бермек.
Айнаш ЕСАЛИ.
----------------------------------
Қосымша ақпараттарды “Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі” АҚ төмендегі телефондар бойынша білуге болады:
Алматы қ. – 279-25-55, 377-18-45, Қызылорда қ. – 26-26-64, Көкшетау қ. –25-63-04, Талдықорған қ. – 24-79- 72, Тараз қ. – 42-58-60, Шымкент қ. – 21-33-62, Павлодар қ. – 34-08-99, Өскемен қ. – 47-54-72, Қарағанды қ. – 43-62-52, Қостанай қ. – 53-38-20, Орал қ. – 54-36-36, Атырау қ. – 32-04-00, Актау қ. – 43-96-91, Астана қ. – 40-72-77, 36-19-07, Ақтөбе қ. – 55-72-21, Петропавл қ. 42-79-94, Семей қ. 52-22-90, немесе www.hcsbk.kz сайтында