26 Қараша, 2010

Қазақстан – ЕҚЫҰ: Экономикалық басымдықтардың жаңашылдықтары

463 рет
көрсетілді
7 мин
оқу үшін
Халықта айтатындай, тойдың бол­ғанынан боладысы қызық. Ас­танадағы ЕҚЫҰ Саммитін өт­кізу­де Қазақстанның төрағалығының ойға қонымды нәтижесі бар екен­дігі күмәнсіз. Оның ең басты же­тістігі – ел Президентінің, сон­дай-ақ біз­дің қоғамның осындай ерекше жә­не жауапты миссияны мойынға алып, орындауы. Осыған бай­ла­ныс­ты Euronews телеарна­сы­ның жур­налисіне берген сұх­ба­тында Нұрсұлтан Әбішұлы нық сеніммен “төрағалық және аралық қызметті орындау үшін ең алды­мен үрдіске қа­тысушылардың сал­ғырт қара­май­тын­дығына көзі жет­кенде ғана таңдайды”, дегенді айтты. 11 жыл кезеңнен кейін ЕҚЫҰ Сам­митін өткізу ол әлемдік дең­гей­де де, сондай-ақ біздің еліміз үшін де тарихи оқиға болып табы­лады. Оны ұйымдастыру үшін өз қыз­ме­тін өткір түрде ой-елегінен өткізу­дің және жаңа даму парадиг­ма­сын құрудың мүмкіндігі бар. Ал ел үшін мұны әлемдік биік та­лаптарды ес­ке­ретін қоғамды да­мы­тудың мем­ле­кет­тік стратегиясын тү­зеу мүм­кін­ді­гі деп қарастырған жөн. Кез келген ұйымдастырылған ша­раның жетістігі ұйымдық ең­бек­тен туады, бірақ ол бәрібір со­ңын­да­ғы нәтижеге жауапкершілік арта­тын оның басты ұйымдас­ты­ру­­шы­сы мен негізгі идеясын шы­ға­ру­шы­ға байланысты болады. Төрағалық­тың жетістігі жүргізілген істің бар­лық жиынтығынан, көп­теген ұйым­дар мен адамдардың ынта-жіге­рі­нен қалыптасады, ал басты шара ол Астанада өтетін Саммит болып отыр. Экономикалық ғылымда ха­лық шаруашылығы аясындағы сол не­ме­се басқа да салаларды ба­ғалау нақты бір жетістіктің деңгейін анық­тайтын фак­тор­лардан баста­ла­ды. Саммит қар­саңында біздің елі­міз­дің ЕҚЫҰ төрағалығында оның жетістік­теріне үлесін қос­қан­дығы ту­ралы қорытынды жа­сауға көп­теген негіздер бар. Біріншіден, халықаралық қо­ғам­дас­тық біздің еліміздегі барлық реформаларға өз бағаларын берді, яғни біз қол жеткізген тұрақтылық баға­сы, ең бастысы, қоғамдық өмір көр­сеткіштерінің бағасы. Мұндағы бағалау үрдісіндегі бас­тысы – Қазақстан ЕҚЫҰ төраға­лы­ғына лайықты деген оң баға. Мұндай бағалаудың қазірде және бо­лашақта да құндылығы өте жо­ғары болмақ. Екіншіден, Ұйым дамуының көптеген күрделі мәселелері ара­сы­нан басымдарын таңдап алу қабі­лет­тілігі, осы Ұйымның түрлі сала­ла­ры арасынан саналы түрде серік­тестік құрастыру және жан-жақты кері көзқарастарды орынды шешу. Бұ­лар біздің еліміздің Президен­тінің ғана қолынан келді деуіміз керек. Үшіншіден, ЕҚЫҰ тарапынан толықтай қолдау тапқан Қазақстан ұлттық және дінаралық қатынас­тарды реттеудің өзіндік ерекше тә­жі­рибесін иеленеді. Бұл түрлі ел­дердің 12 президенті құжатқа қол қойып, біздің өтінішімізді қабыл­даған төрағалықтың айтарлықтай маңызды факторы және ол нығая түсуде. Төртіншіден, төрағалықтың жетістігі Қазақстан Президентінің идеялары мен тапсырмаларын іске асыруда нақты жауапкершілік арт­қандардың белсенді қызметіне, қо­ғамда тұрақтылықты қамтамасыз ет­кендерге, сондай-ақ ұлттық эко­но­ми­каны нығайтуға жұмыс істе­ген­дерге байланысты анық­та­лып отыр. Қазақстанның ЕҚЫҰ төрағасы ретіндегі жетістігі сыртқы, сондай-ақ ішкі әсерін иеленеді. Қазақ­стан­ның жетістігі – ол бүкіл Орталық Азияның, ТМД-ның жетістігі. Қазақ­стан – бұл ЕҚЫҰ төрағасы бол­ған тұңғыш азиялық ел, бірінші посткеңестік ел, бірінші түркі әле­мін­дегі ел және едәуір бөлігі ислам мәдениетінің дәстүрлі аралығында жатқан ел. Біздің ЕҚЫҰ-ға төрағалығы­мыз кезіндегі аймақтарға әсеріміз жайлы айтқанда, мыналарды көрсете кету керек: – Ұйым қызметінің институт­тық-ұйымдастырушылық механиз­міне Қазақстан тәжірибесін енгізу; – демеушілік қаржылардың механизмін жетілдіру; – елдераралық бірлесудің түрлі деңгейдегі мәселелерін шешуге жәр­демдесетін қуатты ақпараттық база құру; – біздің төрағалық әрекетімізді жалғастыру, себебі “үштік” – ағым­дағы, бұрынғы және болашақ бас­шылық деген қағидаға негіз­деледі. Сондықтан 2011 жылы да Қазақстан толық деңгейде ЕҚЫҰ басшылығының бірін атқаратын бо­лады және өзінің 2010 жылғы төрағалық қызметінің жетістігін нығайта түседі. ЕҚЫҰ төрағалығының ішкі әсерін айта отырып, біз сенімді түрде келесілерді айта аламыз: – еліміз индустриялық-инно­ва­циялық даму жолына түсті, өнді­ріс­тік әлеует артып келеді; – Қазақстан жеке ел ретінде 20 жылға жуық уақыт бұрын пайда болды, алайда осындай жоғары дең­­гейде сенім арту болған емес. Бұл – еліміздің саяси-эконо­ми­ка­лық және басқа да жағымды жетістігі; – еліміздің 2030 жылға дейінгі даму стратегиясы саналы, еңбек­сүй­­гіш, толерантты және тәуелсіз Қа­зақстан халқының стратегиясы болды; – еуразиялық ықпалдасу идея­сы тәуелсіздігіміздің алғашқы жыл­да­ры ұсынылса, ол іс жүзіне асы­рылып, Еуразиялық экономи­ка­лық қоғамдастық пен Кеден одағы құрылды; – көлік инфрақұрылымы да­муда, маңызды темір жол бағыт­тары енгізілуде, Батыс Қазақстан -Батыс Қытай мұнай құбыры, “Солтүстік-Оңтүстік” жоғары вольт­ті электр желісі сияқты стра­те­­гиялық объектілер іске қосылды; – мұнай-газ және тау-кен метал­лургиялық кешендерін жаң­ғыр­ту жалғасуда, экономиканың инновациялық саласы кеңеюде; – Батыс Қытай-Батыс Еу­ро­­па көлік жолы жылдам салыну­да және ол Ұлы Жібек жолын жаң­­ғыр­тады, Қазақстан экономи­касы еселеп өседі. Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төр­ағалығындағы сыртқы және ішкі әсердің жиынтығы әлемдік қоғам­дас­тық жетістігінің бір бөлігі, себе­бі Ұйым қызметінің жаңа сапалы түрі байқала түсті. Қазақстанның төр­ағалық кезеңінде жекелей мә­се­­ле­лер бойынша кеңес беруден баян­ды келіссөздерге өту үрдісі жүр­ді. Түпкілікті түрде Ұйымның сөз сайыстыру аумағы өзгертілді жә­не Қазақстан ЕҚЫҰ-ның бар­лық үш себетін толтыру үшін бар­лық күш-жігерін жұмсауға тырыс­ты, сондай-ақ көптеген түсініс­пеу­ші­ліктерді еңсерді. Елімізді Еуропа тани түсті және ЕҚЫҰ қызметі, Қазақстан­ның төр­ағалық құзырындағы жұ­мы­сы ту­ра­лы отандастарымыздың біліктілігі арт­ты. ЕҚЫҰ төрағасы ретінде Қазақстан атқарған бүкіл жұ­мыс ұлт­тық игілік қоржыны мен хал­қы­мыз­дың гүлденуін то­лықтыра түседі және сол арқылы еліміздің әлемдік кеңістіктегі сая­си және эконо­ми­ка­лық қауіп­сіздігін нығайтады. Тоқетері, біздің ЕҚЫҰ-ға төр­аға­лығымыз, саммит өткізуіміз Қа­зақ­­станның дүниежүзілік қоғам­дас­тықтан өз орнын ойып алды де­генді білдіреді. Дүние жүзі бізді біл­ді, көрді, бізге сенді, ал біз сенімді ақ­тау үстіндеміз ғой деп ой­лаймын. Ал мұның Қазақ­стан­ның стра­те­гиялық дамуына үлкен серпіліс бе­ре­тіні де күмәнсіз. Оразалы СӘБДЕН, ҚР БҒМ Экономика институтының директоры, э.ғ.д., профессор, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты.