27 Қараша, 2010

Қазақстан төрағалығының тағылымы

640 рет
көрсетілді
14 мин
оқу үшін
Тәуелсіз еліміздің ең биік жетістігі – Қазақстанның Еуро­па­да­ғы қауіпсіздік және ынты­мақтастық ұйымына төр­аға­лығы. Қазақ халқы өзінің көп ға­сырлық тарихында дүниежүзілік қау­ым­­­дастықтың назарын дәл мұндай жо­ғары деңгейде аудартқан емес. Бұл – біздің ұлы жетістігіміз. Бұл – біздің жас мемлекеттілігіміздің айқын табысы. ТМД, тіпті Азия ел­дері ішінен Қазақстан мәр­тебесі мен абыройы биік халық­аралық ұйымға ең алғашқы бо­­лып төр­аға­лық міндетін абыройлы атқа­рып келеді. Еліміздің ЕҚЫҰ-ның төрағалығына сай­­лануына оған мү­ше­лері – әлемдегі 55 мемлекеттің бір­ауыздан дауыс бергені – бірін­ші­ден, Қазақстанның Тұң­ғыш Пре­­­­­зиденті Нұрсұлтан Назар­баев­­­­­тың бейбітсүйгіш, адам құн­­дылықтарын жо­ғары қоятын аза­маттық қоғам құруға ба­ғытталған саясатын мой­ын­дағаны. Екін­ші­ден, Қа­зақстандағы саяси тұрақ­ты­лық пен ұлтаралық татулыққа, эко­номи­калық өрлеуге сенім біл­діруі деп түсінуіміз қа­жет. Өйт­кені, ЕҚЫҰ секілді мәр­тебелі ха­­­лықаралық ұйымға төрағалық ету­ші елдің әлемдік қоғамдастық та­ғы­лым аларлықтай үлгі-өне­ге­сі болуы керек. Мәселеге осы­ тұрғыдан ой жүгірткенде Қазақ­станда өзге елдердің басшылары үйренетіндей үрдістер молынан кездеседі. Бұған басқа мысалдарды айтпағанда, әлдебір елдер адам­зат үшін өте қауіпті атом қаруын жеделдете дамытуға емеурін біл­ді­ріп жүргенде, біздің Елбасы­мыз Нұрсұлтан Назарбаев 90-жылдардың басында осындай жойқын қару сақталған Семей полигонын жабуға шешім алуының өзі-ақ жетіп жатыр емес пе!? 0Қазақстан ЕҚЫҰ-ға төрағалық барысында жаңа да биік белесті бағындырды. Яғни, тәуелсіз еліміз ендігі жерде әлемдік саясаттың бұрынғы сырттай бақылаушысы қа­тарынан оны айқындаушы мем­лекет­тер қатарына қосылды. Еуро­падағы қауіпсіздік және ын­тымақтастық ұйымына мүше ел­дердің арасында бұрыннан жа­һан жұртына кеңінен танымал мемлекеттер бар. Олар да осы ұйымға төрағалық міндетті ат­қарды. Бірақ олар үшін ЕҚЫҰ-ға төрағалық кезекті міндет, күнде­лікті атқарылуға тиіс шаруа сияқ­ты. Ал Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев дәл солар секілді ойлаған жоқ. Еліміз осы ұйымға төрағалық міндетін атқара бастағанда-ақ ЕҚЫҰ-ның беделі мен мәртебесін биіктетудің, сөйтіп, халықаралық ұйымның жаңа төр­аға­сы – Қазақстанның төрт “Т”-дан тұратын қағидаттарын жария етті. Және осы ұйымға төрағалық ке­зінде міндетін адал атқарудың, адам­зат тыныштығына қауіп кез келген жанжалды реттеудің түйі­нін тарқатудың жолын табуға болатынын дәлелдеген тың қа­дам­дар жасады. Міне, осылайша, Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төр­ағалығы кезінде еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев елімізге көз тіге қараған жаһан жұр­тына жаңаша бір қырынан танылды. Бұл – Нұрсұлтан Назар­баевтың тек бір мемлекетті өр­кениетті жолға бастаушы ұлт көш­басшысы ғана емес, адамзатты дау-жанжалдардан құтқарушы, бір-бірімен арбасқан мемлекеттер басшыларын татуластыра алатын мәмілегер, саясатты әлемдік ауқымда ойластыра алатын кемең­гер тұлға екендігі. Қазақстан халықаралық деңгей­де әлемдегі бейбітшілікті сақтауда ұтымды бастамаларымен танылып отыр. Әрине, осындай беделді халықаралық ұйымға төрағалық ету елімізге зор жауапкершілік жүк­­теді. Сондықтан Қазақстан төр­­­аға­лық­тың алғашқы күнінен бас­тап жауапты қызметіне үлкен дайындықпен кірісті. Қазақстан ұйымға төрағалығы қарсаңында ал­­дына айтарлықтай күрделі мін­дет­тер қойып, соның ішінде ЕҚЫҰ мен оның институттарының ұсы­ныстары үнемі ескеріліп отырды. Көптеген заңға тиісті өзгерістер мен түзетулер енгізілді. Ұйымның Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бю­росының ұсынысына сәйкес саяси партиялар қызметіне жол ашылды. Жергілікті атқарушы органдардың өкілеттіктері ұлғая түсті. Ең бастысы – елімізде этносаралық, кон­фессияаралық үнқатысулар бойынша үлкен тәжірибе жинақталды. Қазақстан халқы Ассамблеясы ел тұр­ғындарының татулығы­на үлкен үлес қосып келе жат­­­қан әлемде баламасы жоқ қо­­­ғам­­­­дық институт болып табылады. Мұндай институтты дүние жү­зінде алғаш рет Қазақстан құр­ды деп мақтанышпен айта аламыз. Сондай-ақ, өз аумағында Әлем­дік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының қатарынан үш мәрте съезін өткізіп, дінаралық келісімге халықаралық деңгейде атсалысып отыр­ған бірден-бір ел. Қазақстан ЕҚЫҰ-ға төрағалығы аясында елімізді және тұтастай ал­ғанда, Орталық Азия өңірінде ел­дерді кешенді жаңғыртуға ұм­тылыс танытуда. Және ұйымды оған мүше мемлекеттер игілігі үшін реформалауға бастама көтерді. Мемлекетіміз бұрынғы Кеңес Ода­ғы құрамындағы елдер ішінен ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуші тұңғыш мемлекет болғанымен, ұйымға мүше мемлекеттер біздің елдің кикілжіңдерді шешуге деген ықыласына, ұмтылысына оң баға беруде. Атап айтсақ, Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы Пан Ги Мун: “Қазақстан – ядролық сынақ алаңының жұмысын тоқта­ту, қолында бар ядролық қару-жарақтан бас тарту, Орталық Азиядан ядролық қарусыз аймақ құру секілді маңызды мәселелерді толық шешіп, өз ісімен әлемге үлгі болған мемлекет. Мұн­дай ма­ңызды істердің ақиқатқа айналуына Президент Нұрсұлтан На­зарбаевтың бейбітшіл, сындарлы сая­са­ты қозғаушы күш болғанын біле­міз. Сондықтан да мүше мемле­кеттер Еуропадағы қауіп­сіздік және ынтымақтастық ұйым төр­аға­­лы­ғына ұсынылған Қазақстан кандидатурасын қолдады. Қазіргі таңда Қа­зақстан Респубикасы Еуро­па­дағы қа­уіп­сіздік және ын­тымақтастық ұй­ымы­ның төр­ағасы ретінде аймақтық те­кетірес­терді бәсеңдету, Ауғанстан, Таяу Шығыс, Қырғызстан, Днес­тр жа­ға­лауы, Кавказ елдері мәселелерін шешуде іскерлік танытуда. Сондай-ақ, дү­ние жүзінің қиыншылықты бастан ке­шіп жатқан аймақтарына гу­манитарлық көмек ұйымдас­тыру­­да да Қазақстанның бел­сенді жұмыс істейтініне сенемін. Адам құқықтары, демократияны дамыту, есірткі саудасы, жаппай қы­ры­п-жоятын қару-жарақтарды та­­ратпау, лаңкестік, экс­тремис­тік­ әрекеттердің алдын алу се­кілді бүгінгі күннің өзекті мә­се­лелерін шешуде Еуро­падағы қауіп­­сіздік және ын­тымақтастық ұйы­мының Іс ­ба­сындағы төрағасы мемлекеттің қолынан келеді деп ойлаймын”, – деді. Шындығы да солай ғой. Қазір Қа­зақ­станның даулы аймақтардағы қай­шы­лыққа қатысты ұстанымы біреу. Ол – Әзірбайжанның, Гру­зияның, Молдованың аумақтық тұ­тастығының сақталуы. Бұл – Қазақстанның өз тарихына да қатысты мәселе. Біз үшін, ғасыр­лар бойы осынау құтты мекенде өсіп, өркендеп жатқан Қазақ елі үшін аумақтық тұтастық – қа­сиетті ұғым. Жалпы, басты мақсат – дау­ласқан жұрттардың бір-біріне жау ретінде қарамауына қол жеткізу. Проблемалардың ше­шіл­мей қордалана түсуі, қа­рапайым адамдардың аза­мат­тық құқықтарына байланыс­ты қиындықтар көруі екі арадағы түсінбеушілікті ұлғайта түседі. Сондықтан Қазақстан төр­ағалығы тұсында осы кедергіні азайтуға күш салуда. Қазақстан Еуро­падағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымымен ын­ты­мақтастық барысында үлкен жетіс­тіктерге қол жеткізді. Мысалы, Қазақ­станның ЕҚЫҰ-ға төр­ағалығының нақты көрсеткіші “Қыр­ғыз оқиғасы” кезінде айқын көрінді. Қырғызстандағы саяси дағдарыс басталысымен Елбасы­мыз Нұрсұлтан Назарбаев АҚШ президенті Барак Обамамен, Ресей президенті Дмитрий Медведевпен жедел мәмілеге келіп, Қырғызстандағы қанды қақтығыстың одан әрі ушығуын болдырмады. Бұған әлем жұртшылығы куә болды. Елбасымыз Еуропадағы қауіп­сіздік және ынтымақтастық ұйы­мына мүше елдерді 2010 жылы жоғары деңгейдегі кездесуді ша­қыру туралы Қа­зақстанның баста­масын қолдауға ша­қырған бола­тын. Бұл ұсынысты ұй­ымның мүше елдері қолдап, енді, міне, Еуропадағы қауіпсіздік және ын­ты­мақ­тастық ұйымының Саммиті 1-2 жел­тоқсан күндері қазақ сахарасында тұңғыш рет өткізілмек. Бұл шараның мемлекетіміз үшін маңызы өте зор. Осы бағытта Қа­зақ­стан Республикасының Пре­зиденті Әкімшілігі Басшысының орынбасары Мәулен Әшімбаев ал­дағы саммиттің қазақстандық отан­сүйгіштік се­зімін насихаттаудағы үлесін былайша атап көрсетті: “Бұл шараның мем­ле­кетіміздің имид­жі үшін маңызы өте зор. Бұл дегеніңіз, Қазақстанның әлемдегі беделдігінің артуы мен Елбасы абыройының асқақтауының көрі­нісі. Саммиттің біздің елімізде ұйым­дастырылуы – Қазақстанда патриотизмді дамытып, мемлеке­тіміз­дегі әрбір аза­маттың мақта­нышы болуға лайық оқиға екені сөзсіз”. Ел тәуелсіздігіне 20 жыл толуын атап өткелі отырған Қазақстан азаматтары үшін мақтанарлық деректер баршылық. Атап айтсақ, Қазақстан ЕҚЫҰ секілді әлемдік саясаттағы ең беделді, ең мәр­тебелі ұйымға төраға болды. Осы ұй­ым­ның ХХІ ғасырдағы алғашқы саммитін өз жерінде өткізуді қол­ға алған Орталық Азиядағы, кеше­гі Кеңес Одағы кеңістігіндегі тұң­­ғыш мемлекет. Еуропалық са­рап­шылардың Қазақстанды мұсыл­ман мемлекеттері қатарына жат­қы­затынын ескеретін болсақ, бұл төрағалықтың маңызы арта түспек. Сондай-ақ, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы құрылғанына 35 жыл өтсе де, осы кезге дейін мемлекет басшылары деңгейіндегі бас қосуы 6 рет өткізілген екен. Негізінде, “Париж хартиясы” бойынша, мұн­дай жоғары деңгейдегі саммит екі жылда бір рет өткізілуі тиіс. Ал Қазақстанның тікелей ұйымдастыруымен өткелі отырған бұл саммит – Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы тарихындағы жоғары деңгейдегі 7-ші басқосу. Саммитке келетін ресми делегацияның саны мен сапалық құрамының өзі бұл шараның саяси, әлеуметтік, экономикалық маңы­зын арттыра түседі. Бұл төрағалық Қа­зақстан мамандарының еуропалық дипломатия тәжірибесімен жақынырақ танысуына, тәжірибе алмасып қана қоймай, оңды тұстарынан тәлім алуына мүмкіндік берді. Жыл басынан бері Еуропадағы беделді ұйымда жұмыс істейтін қазақстандықтардың саны артты. Қазақстан төрағалы­ғының тағы бір ерекшелігі, ұйымның бюджеті соңғы бес жылдан бері бірінші рет уақытында қабылданып үлгерген. Бұл жағдайды да Қа­зақ­стан бас­шылығының саяси ерік-жіге­рінің арқасында жү­зе­ге асты деп айтуға болады. Бюд­жет шы­ғындарының дер кезінде бекі­тілуі ұйымға қа­расты институттардың қар­қынды жұмыс іс­теуі­не мүмкін­дік береді. Жоғарыда көрсетілген ерекшеліктерді ескергенде 11 жылдан бері шақырылмаған, енді, міне, Астанада өткізілетін Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұй­ымының 7-ші саммиті Қазақ елі үшін ғана емес, 56 мүше мемлекеттер үшін де айтулы оқиға болатыны анық. Ресей Федерациясының Премьер-министрі Владимир Путиннің “ТМД мемлекеттері Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы төраға­лығына Қазақстанды ұсынар кезде оның Президенті Нұрсұлтан Назар­баев­тың әлем алдындағы күн санап өскен зор беделіне, көрегендігіне және іскерлігіне сенім артты. Біз осы уақытқа дейін Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы тарапы­нан екі жақты ұстаным қалыбын көр­гендей болып келдік. Мәселен, бір елдердің лаңкестері немесе қыл­мыс­керлері Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің батысеуропалық бө­лі­гін­дегілерден пана тауып жатады. Міне, осындай бір мәселеге екі көзқарас болмауын Қазақстан төр­аға­лығы қалыптастырады деп ойлаймын. Еуропадағы қауіпсіздік және ынты­мақтастық ұйымы төрағалығы кезінде Қазақстан бұл ұйымның беделін өсіргенін байқап отырмыз. Бұл сөз жоқ, әлемдік деңгейдегі дана саясаткер Нұрсұлтан Әбішұлының бағдарламалық іс-әреке­тінің жемісі. Нұрсұлтан Әбішұлы әр­қа­шан да адамзаттың қол жеткізген құндылықтарына жанашырлықпен қа­рай­ды және оны байыта түсуге күш салады. Астана Саммиті осындай бір кешенді істің бастауы болмақшы. Қазақстан Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының беделін өсірген ел болып тұр”, – деген сөзі Ел­басымыздың ұлы саясаткер, зор беделді тұлға адам екенін тағы бір мәрте дәлелдейді. Қорыта айтқанда, Қазақстан­ның ха­лықаралық дәрежедегі мұн­дай жо­ғары мәртебеге ие болуына елімізде жүргізілген саяси жаңғырту мен демократияландыру үдерістерінің табыстылығы, саяси тұрақтылық пен қоғамдық келі­сімнің өзіндік үлгісін әлемнің мойындауы деп білемін. Қазақстанның осындай дәрежеге жетуі Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың адамзат та­рихынан ойып тұрып орын алатын тұлғалар тобынан екенін жалпақ жа­һанға жария етті. Бір кезде болашағы бұ­лыңғыр бол­ған Қазақстандай тәу­елсіз елді жаңаша тұрпаттағы мемлекет ретінде қалыптастырып қана қоймай, оны бүкіл дүние жүзіне таныту, сөйтіп, өзге ел мойындайтын, есептесетін, құр­меттейтін мемлекетке айналдыру, шын мәнінде, үлкен де жаңашыл реформатордың, халқының қалаулы перзентінің ғана қолынан келеді. Бұл – тек қазақстандықтар ғана емес, жаһан жұрты да мойындаған шындық. Қазақстан төрағалығы да осы сөзіміздің айқын айғағы. Киікбай ЖАУЛИН, Атырау қаласы әкімінің орынбасары, саяси ғылымдар докторы. Атырау облысы.