Кемел келешекке даңғыл жол бүгіннен басталатындығы және де оған үлкен дайындықпен қатар, жан-жақты ізденістің және іскерлік пен біліктіліктің қажет екендігі айтпаса да түсінікті. Уақыттың жоғары талабы үдесінен шығуды басты мақсатқа айналдырған “Альянс Банкі” АҚ 2013 жылғы Даму стратегиясына сәйкес тұтынушыларға ұсынылатын қызмет сапасын жақсартып, болашақта әмбебап қаржы институты ретінде дамуды жоспарлап отыр. Сөз реті келгенде атап айтарлығы, Альянс Банкінің өз клиенттеріне ұсынып отырған жаңа өнімдерінің саны уақыт өткен сайын көбейіп, оның сапасы да арта түсуде.
Көпшілік назарын аударып отырған сондай жаңа да ерекше өнімдердің бірі – мультивалюталық “Альянсдепозит”. Сала мамандарының айтуынша, “Альянсдепозит” атты жаңа өнімнің өзге өнімдерден ең басты артықшылығы – бұл әркімнің бақытты өміріне қажетті әрі қолайлы жағдайды қамтамасыз етеді. Бір құптарлығы, “Альянс Банкі” АҚ қаржы институты үнемі өз тұтынушыларының жоғары талабынан шығуға ұмтылып, бұл бағытта бірқатар ұтымды іс-шараларды дәйектілікпен жүзеге асыруда. Сондықтан да депозитте қаражатты орналастыру шартының тұтынушылар үшін ұтымды және тиімді екендігін дәлелдеп жатудың қажеті жоқ екендігі сөзсіз. Бұл мәселеде есте болатын тағы бір жәйттердің бірі – Альянс Банкінің клиенттері депозитке салымды ұлттық валюта – теңгемен ғана емес, сонымен қатар АҚШ доллары, еуро және Ресей рублі түрінде де ашуына әбден болады.
Сондай-ақ, мұның өзі депозиттегі қаражатты толықтыруға және депозиттен ақшаны қалаған кезде алуға, сонымен қатар Интернет-банкинг арқылы депозиттік ақшаны басқаруға да тікелей қатысты. Алғаш рет ақша салған кезде банк әрбір клиентке VІSA/MasterCard электрондық карточкасын сыйға тартады. Альянс Банкінің мультивалюталық салым – “Альянсдепозитті” одан әрі жетілдіре түсуі өз нәтижесін берді. Сөйтіп, Альянс Банкі салымшылары үшін жаңа әрі ұтымды мүмкіндік туды.
Енді банк клиенттері, барлық тұтынушылар салымды ресейлік рубльмен де сақтай алады. Сонымен атап айтарлығы, Альянс Банкі Қазақстанда тұңғыш рет ақшаны бірден төрт түрлі валютамен орналастыру мүмкіндігі бар депозитті енгізді. Жаңа өнімнің банк салымшыларына берер пайдасының біршама мол болатындығы сөзсіз. Оның басты себебі, салымшылар өз депозитінің ішіндегі валюта байланысын басқара алады, ал мұның өзі валюта курсының өзгеруіне байланысты әртүрлі қауіп-қатерлерді айтарлықтай азайтуға мүмкіндік береді.
Мультивалюталық “Альянсдепозит” салымының мерзіміне келсек, оның өзі алты айдан 36 айға дейінгі уақытты құрайды. Ал, енді депозиттегі қаражатты салымшының өз қалауы бойынша кез келген уақытта толықтырып отыруына ешқандай шектеу қойылмайды. “Альянсдепозит” келісімшартын уақытынан бұрын бұзған жағдайда салымның сақталу мерзімі – отыз күннен асқан жағдайда сыйақы ставкасы салымның сақталу мерзіміне орай негізгі ставка көлемі бойынша есептелінеді.
Конвертациялаудың ең төменгі сомасы ұлттық валютамен – 75 000 теңге, АҚШ валютасымен – 500 доллар, 500 еуро және 15 мың ресейлік рубль мөлшерінде болмақ. Жинақтау банкіне аударылған қаражат “Қазақстан Республикасындағы екінші деңгейлі банктерде орналастырылған депозиттердің міндетті түрдегі кепілдемесі туралы” ҚР Заңына сәйкес міндетті түрде кепілдендірілген нысан болып есептелінеді. Сонымен, Альянс Банкінің жаңа өнімі – мультивалюталық “Альянсдепозит” көпшіліктің ертеңгі күнге сенімін арттырып, тұрмыс-тіршілігін және болашағын да көркейтуге айтарлықтай ықпал етпек.
Бақыт БАЛҒАРИНА.
Алматы.