03 Желтоқсан, 2010

Жұлдыздар тағы да жарқырады

395 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Өткен аптада “Меценаттар клубы” тағы да жұлдыздар шоғырын жақты. Облыстағы Атым­тай жомарттар биыл оныншы рет әдебиет пен өнердегі таланттарға, мәдениет саласының қызмет­кер­леріне “Қазына” және “Шабыт” сыйлығын табыс етті. Үстіміздегі  жылы “вокал”, “хореография”, “жур­налистика”, “әдебиет”, “ауылдағы мәде­ниет жаршысы”, “театр”, “бейнелеу өнері” сияқты аталымдар бойынша отыз адам қомақты қаржылай сыйлықтарға ие болды. Он жыл ішінде “Меценаттар клубы” екі жүзден астам шығармашылық иесін және отыз шақты  өнер ұжымын қаржылай сыйлықпен марапаттапты. Оған жүз миллион теңге шамасында қаржы жұмсалған екен. Нәзира ЖӘРІМБЕТОВА, Қостанай.