03 Желтоқсан, 2010

Қоныс тойын күтіп жүр

447 рет
көрсетілді
6 мин
оқу үшін
Данияр мен Айжан көп жылдар бойы біздің көрші үйде пәтер жалдап тұрды. Қазір қалада пәтер жалдау оңай еместігін әркім біледі. Әрине, жас балалары бар көршілерімізге қомақты со­маны төлеуге әке-шешелері де қарайласып тұрды. Жуырда олар Айжанның ата-анасының үйіне көшіп барыпты. “Қысылсақ та бірнеше жыл әке-шешемізбен бірге тұра тұруға шешім қабылдадық. Пәтер жалдауға кеткен ақшамызды “Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне” салып жатырмыз. Осылай қаражат жинамасақ баспанасыз жүре беретін түріміз бар”, – деп түсіндірді осы жағдайды отағасы. Тар жерге барып тығылу таныстарымызға да оңай болған жоқ. Өз беттерінше өмір сүріп үйренген адамдарға үш бөлмелі Айжанның әке-шесінің үйінде інісі, әжесімен бірге тұруға тура келді. Бірақ, оларға жеке пәтер сатып алудың мұнан өзге жолы жоқ еді: екеуінің орташа жалақысына коммерциялық ипоте­калық несие алу мүмкін емес болатын, оның үстіне мұндай жалақыға банктер де несие бермес еді. Ал тұрғын үй сатып алу үшін “Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің”   заемдары­нан арзан несие жоқ. – Біз Айжан екеуміз ойласып, үш жыл бойы пәтердің жарты ақшасын банкте жинақтап, қалған қаражатты банктен қарызға алып, оны шетінен қайтаруға келістік. Қалай болғанда да 20 жыл бойы екі есе шығындалмаймыз. “Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің” тұрғын үй заемы бойыншы сыйақы үстемесі жылына 5 пайыздай болады, несиелеу мерзімі – 25 жылға дейін екен, – деді Данияр. – Мұндай қадамға әбден ойланып барғаның байқалады, – дедім. – Иә, алдымен бәрін сұрастырып білдім. “Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінен” несие алғандармен сөйлестім. Олардың көпшілігі біз сияқты – тұрақты жұмысы болғанымен, жалақысы орташа адамдар екен. Бәрі риза болып жүр. Бір танысым жер телімін сатып алып, үй салып жатыр екен. – Мен заемды тек пәтер сатып алуға немесе үй салуға ғана алуға болады деп ойлайтынмын.  Оны үйді жөндеуден өткізуге, құрылысқа, тіпті ескі пәтерді сатып, кеңейту үшін алуға болатынын білмеппін. Шынында да солай ма? Даниярдың айтуына қарағанда, “Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің” клиенттеріне мемлекет сыйақы төлейді екен. Сыйақы көлемі салым сомасының 20 пайызын құрайды, бірақ, тек 200 айлық есептік көрсеткіштен кем емес жинақтарға  ғана сыйақы төленеді (2010 жылы АЕК 1 413 теңгеге тең). Осылайша 282 600 теңгеден бастап сыйақыландырылатын сыйақының ең жоғары көлемі  56 520 теңгені құрайды.  Мыса­лы, клиент жыл бойы банктің сыйақысымен қоса есептегенде 400 мың теңге көлемінде  қаржы жинақ­таса да, сыйақы 282 600  теңгеге есептелініп төленеді. Қалған 117 400 теңге келесі жылы сыйақыландыруға қалдырылады. Мемлекеттің бұл қадамы салымшыларды қолдауды көздейді. Эконо­микалық мәні жағынан бұл сыйақы субсидияға жақын. Мәселен, биыл сыйақының ең жоғары көлемі 56 мың теңгені құрайды дедік. Егер салым­шы тұрғын үй құрылыс жүйесіне дәл 31 желтоқ­санға қарай 200 айлық есептік көрсет­кіш көле­мін­де қаражат жинақтаса, онда сый­ақы келесі жылдың 1 қаң­тарынан бастап есептелінеді. Бірақ, клиент келісім-шартты мерзімінен бұрын бұзған жағдайда, егер 5 жылдан кем емес жинақ­тамаса, онда мемлекет сый­ақысын түгел қайтарып береді. Мұнан бөлек, салымшыларға табыс салығын төлеуде жеңілдіктер беріледі. Оған қоса үстемелер қайта қаралмайды – ол несиелеудің барлық кезеңіне тіркелген. – Мұның бәрі жақсы-ау, бірақ кепілдік жағы қалай болады? Менің білуімше, онсыз тіпті “Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі” де несие бермейді. Өз үйің жоқ. Әлде кепілдікке әке-шешелеріңнің пәтерін қоймақсыңдар ма? Олар бұған қуана қоймас... Өзінің жеке баспанасы жоқ болғандықтан бұл сауал Даниярды аз мазаламаған-ды. Сондықтан ол Банк менеджерімен кездескенде кепілдікке не қою жөнінде сұрастырып білді. Яғни, сол сатып алған тұрғын үйі кепілдікке қойылады. – Ал сенің алған несиең пәтер алуға жете ме? Өйткені, банктер  жылжымайтын мүлік бағасы арзандағандықтан тұрғын үй сомасының белгілі бір бөлігін ғана береді емес пе? – Есіңнен шығарма? Мен маған қажетті қаражаттың жартысын банкте жинақтап үлгеремін ғой. Алатын пәтерімнің жарты бағасын несиеге алсам жетіп жатыр. Міне, осылай, мен Айжан мен Даниярға сәттілік тілеп, қоштастым. Енді амандық болса, бірнеше жылдан кейін олар өз үйлеріне көшеді. Кетіп бара жатып Данияр маған былай деді: “Бәрінен бұрын неге өкініп тұрғанымды білесің бе? Егер мен осыдан 5 жыл бұрын, үйлене салып, “Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне” ақша құя бастағанымда, осы күні өз үйімде отырар едім. Қазір пәтердің бағасы түсіп тұр!..”. Айнаш ЕСАЛИ. Қосымша ақпараттарды “Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі” АҚ төмендегі телефондар бойынша білуге болады: Алматы қ. – 279-25-55, 377-18-45, Қызылорда қ. – 26-26-64,  Көкшетау қ.  –25-63-04,  Талды­қорған қ. – 24-79- 72,  Тараз қ. – 42-58-60,  Шым­кент қ. – 21-33-62,  Павлодар қ. – 34-08-99,  Өс­кемен қ. – 47-54-72, Қарағанды қ. – 43-62-52,  Қос­танай қ. – 53-38-20,  Орал қ. – 54-36-36,  Атырау қ. – 32-04-00,  Ақтау қ. – 43-96-91,  Астана қ.  – 40-72-77, 36-19-07,  Ақтөбе қ. – 55-72-21,  Петропавл қ. 42-79-94, Семей қ. 52-22-90, немесе www.hcsbk.kz сайтында