Бас прокуратураның құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің төрағасы М.АХМЕТЖАНОВПЕН әңгіме.
– Марат Мұратұлы, Елбасы құқық қорғау органдарының назарын ведомство ішіндегі мүддеден азаматтардың құқықтары мен мемлекеттің мүдделерін қорғауға аудару жөніндегі жұмыстарды жеделдете жүргізуді тапсырғаны белгілі. Осы бағытта қандай шаралар қолға алынып жатыр? – Елбасы тапсырмасын орындау мақсатында қазір көптеген шаралар іске асырылуда. Соның бірі – құқық қорғау органдарының жұмыс айқындылығын қамтамасыз ету. Мәселен, Бас Прокурор бастамасымен аталған заң бұзушылықтарға жол бермес үшін Астана қаласы мен Павлодар облысының ішкі істер органдарында азаматтардың арыздарын электронды есепке алу жөнінде тәжірибе басталды. Бастапқы жобаның нәтижелерін Президент Әкімшілігі мақұлдады, осыған байланысты мұндай тіркеу облыс орталықтарының және республикалық маңызы бар қалалардың ішкі істер органдарына да ендірілу үстінде. – Мұндай электронды интерактивті режім бірнеше мәселелерді бір уақытта шешуге мүмкіндік бере ала ма? – Әрине, мәселен, он-лайн тіркеу жүйесіне тіркелген азаматтық-құқықтық дауларға жататын өтініштер мен хабарламаларды жан-жақты жедел анықтаудың мүмкіндігі зор. Жалпы өтініштерді электронды тіркеудің тиімді жағы тұтастай есептік-тіркеу тәртібіне прокурорлық қадағалаудың күшеюі болып отыр. Соның арқасында қабылданатын процессуалдық шешімдер үшін жауаптылық күшейеді, азаматтар мен заңды тұлғалардың өтініштері мен хабарламаларын қараудың қағазбастылығы қысқарады, жауапты қызметкерлердің жұмысбастылығы азаяды, қаржы полициясы қызметкерлерінің тараптармен процессуалдық емес байланыстары кемиді. Сондай-ақ қаржы полициясы органдарының бастамасы бойынша жүргізілетін кәсіпкерлерді тексерулердің саны, кәсіпкерлік қызметке орынсыз араласушылық қысқарады, олардың тергеуіне жатпайтын қылмыстар бойынша жүргізілетін тексерулер де азаяды. Бұған қоса, ведомстволық бақылау жақсара түседі деп ойлаймыз. – Арыздарды электронды тіркеудің қазіргі нәтижесі қандай? – Қазіргі кезде қылмыс жөніндегі арыздарды электронды тіркеудің ендірілуі есептік-тіркеу тәртібінің нығаюына әсер етті. Мәселен, ішкі істер органдарында қарау мерзімдерін сақтау және олар бойынша процессуалдық шешімдерді қабылдауда оң үрдістер байқала бастады. Бірқатар облыстарда өтініштерді қараудың жылдамдығы артты, яғни 3 тәулікке дейінгі мерзімде қарастырылған өтініштер саны ұлғайды. Сондай-ақ, республиканың жекелеген аймақтарында қарауда жатқан өтініштер саны азайды. Демек, енді ішкі істер органдарында сынақ жүргізудің нәтижесінде қаралмаған өтініштер саны қысқарып және жедел қызмет көрсету байқалса, қаржы полициясы органдарында бастапқы жобаның нәтижесінен-ақ кәсіпкерлік қызметке негізсіз араласушылық фактілерінің төмендеуін күтудеміз. – Бұл арада бақылаушы органдар қандай міндет атқара алады? – Қосымша тексерістер аясында бақылаушы органдар қаржы полициясының өтініштері мен тапсырмалары бойынша кәсіпкерлерге тексерулер жүргізе алады. Осыған байланысты, бұрын атап өткенімдей, егер түскен арыздардың тең жарымының құрамында қылмыстың болмауына байланысты оларға қылмыстық істі қозғаудан бас тарту көзделсе, кәсіпкерлердің қызметіне мұндай араласу әрқашан орынды бола ма деген мәселе туындайды. Электронды өтініштер он-лайн режімінде түскен сәттен бастап азаматтық-құқықтық дауларға жататын арыздар мен хабарламаларды тіркеу мен қосымша тергеуді жүргізуді талап етпейтін рапорттардың негізсіз тіркелуін жедел анықтауға мүмкіндік туады. Сонымен қатар, тексерулерді тағайындау туралы актіні тіркеу кезінде электронды құжаттарды алдырту арқылы қылмыс туралы өтініштің нақты болуын тексеру жүзеге асырылады. – Сонымен қараша айының бірінен бастап электронды талон бойынша қанатқақты жоба іске қосылды. Енді ол туралы жұрт не білуге тиіс? – Аталған жоба ішкі істер органдарында қылмыс және басқа да оқиғалар бойынша өтініштерді қабылдау жөніндегі талонның электронды түрі ретінде сынақтан өткізілмек. Өтінішті тіркегеннен кейін кезекші бөлімнің жедел қызметкері талонға қайталанбас нөмір басады. Осы нөмір арқылы өтініш беруші интернет желісіне еніп біздің www.pravstat.kz сайтымызды ашып өтініштің қаралу барысын бақылай алады, яғни кез келген уақытта қажетті ақпарат алуына мүмкіндік бар. Бұл өтініш берушілерді ішкі істер органдарына қайта-қайта сұрау жолдаудан арылтады және орын алған қылмыс пен оқиғалар туралы арыздарының қаралатындығына сенім молаяды. Сонымен қатар, Бас Прокурордың бастамасы бойынша тек құқық қорғау органдарының ғана емес, барлық мемлекеттік органдардың жұмысындағы айқындылықты қамтамасыз ету, азаматтар өздерінің берген өтініштерінің қаралу барысы туралы толыққанды мәліметтерге қол жеткізулері мақсатында, 2010 жылдың 15 қарашасында Көкшетау қаласының жекелеген мемлекеттік органдарында «Айқын» қанатқақты жобасы жүзеге асты. Тәжірибе 2011 жылдың 1 сәуіріне дейін жалғасады. – Әңгімеңізге рахмет. Әңгімелескен Венера ТҮГЕЛБАЙ.Павлодарда көшпелілер ойындарының бәйге жарысына іріктеу өтеді
Дүниежүзілік Көшпенділер Ойындары • Бүгін, 18:13
Мемлекет басшысы Жозеп Боррельмен кездесті
Президент • Бүгін, 17:46
Қазақстан халқының саны туралы деректер жаңартылды
Қоғам • Бүгін, 17:30
Алматыда қоғамдық көлікте жол жүру ақысы қымбаттайды
Аймақтар • Бүгін, 17:05
Оралда әйелді қорлап өлтірген күдікті ұсталды
Оқиға • Бүгін, 16:40
Өзбекстан ерлер құрамасы сапынан бірінші боксшы жарыс жолынан шығып қалды
Олимпиада • Бүгін, 16:25