11 Желтоқсан, 2010

Дарабоз батыр

1237 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Елордада «Атамекен «Қа­зақ­­стан картасы» этно-ме­мо­риал­дық кешеніне Қара­керей Қа­бан­бай батырдың ес­керт­кіш-макетін қою­ына орай «Батыр баба ерлігі – Тә­уел­сіздік тірегі» атты дөң­гелек үстел өтті. Елбасы Н.Назарбаевтың: «Ар­ мен намысты өмірден де қым­бат тұтқан, өз жерінде жүз­деген ұлт өкілдерін туғанындай қабылдап, бауырына басып, біріктірген қа­зақ­тар – алғыс ал­ған текті ха­лық», – деген сө­зінде үлкен мән жатыр. Елі мен жері үшін жанын аямаған текті бабаларымыздың ерен еңбегі хал­қымыздың қазақ болып қа­лыптасу жолында қос­қан үлесі айрықша. Солардың бірі әрі бірегейі Қабанбай Қожа­ғұ­лұлы еді. Отанын шексіз сүйген ол елі­не қауіп төнгенде, жанын шү­берекке түйіп, бүкіл өмір жо­­лын қазақ халқының азат­ты­ғы мен тыныштығына арнады. Дөңгелек үстел барысында Қа­­банбай батыр кесенесінің шы­­рақшысы, тарих ғы­лым­да­ры­ның кандидаты Камал Әб­дірахман «Қа­­банбай батыр – ұлы қол­басшы» деген та­қы­рып­та ба­тыр­дың өмір жолы мен жасаған ерліктері жайлы баяндай келіп, 2012 жылы Қабанбай батырдың туғанына 300 жыл то­латынын, Үкі­мет басшысы мен қала әкімі ба­тырдың ес­керт­кішін орнатуға оң қабақ та­нытып отырғандығын мә­лім­де­ді. Айта кетелік, бүгінгі күні елі­мізде Мақаншы, Үшарал, Семей және Талдықорған қала­ла­­рында батырдың тұлғасын сом­­­дайтын ескерткіштер бар бол­са, «Атамекен «Қазақстан кар­тасы» этно-мемориалдық ке­­шеніне қо­йылған ескерткіш бе­сінші болып осы ес­керт­кіш­тер­дің қатарын то­лықтырып отыр. Одан өзге, Түр­кияның Ыс­тамбұл қаласы Атакөй ау­да­нында да батырға арналған ес­керт­кіш бар екендігін айта кеткен жөн. Жиын соңында астаналық Әл­кей Марғұлан атындағы №40 орта мектебінің оқу­шы­ла­ры Әй­герім Жанқұтова Қа­бан­бай ба­тыр дастанынан, ал Хангелді Қо­жан­­бай Н.Ай­т­ұлы­ның «Ту» поэ­ма­сынан үзінді оқыды. Жұлдыз БАЙДІЛДА.