11 Желтоқсан, 2010

Қазақстандық баспахана –­ ­халықаралық байқау жеңімпазы

537 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Таяуда  Париж  қаласының Сэн Жермен дэ Пре алаңындағы  «Шап­таль»  залында ТМД  елдері  кә­сіпорындарын  жоғары са­па­лы та­уарлар мен қызметтер көр­сет­ке­ні үшін бе­рілетін «Фран­цуз­дың Өнер­кәсіпке ықпал жа­сау ассо­циа­ция­сының  алтын медалі» құр­метті награда­сы­мен ма­ра­паттау рә­сімі бол­ды. Биылғы жылы Қа­зақ­­станның, Ресейдің жә­не Ук­раи­­наның 15 кә­сіп­ор­ны осынау ха­лық­ара­лық конкурстың лау­реат­­­тары  атан­ды. Со­лар­дың ішін­­де Астана қа­ла­сын­дағы «Из­дательство БМ» баспаханасы да бар. Өнеркәсіпке ықпал жасау ас­со­циациясы 1801 жылы Наполеон Бонапарттың декреті бо­йын­ша құрылған. Оның алғашқы президенті белгілі химик және мемлекет қайрат­ке­рі Жан Антуан Шап­­таль. Өзі қызмет еткен 200 жыл ішінде Ас­со­циация көптеген кәсіп­орын­дардың мо­дер­ни­за­ция­лануына және жар­­қын ғылыми жаңалық­та­рдың өмірге келуіне жағдай жасады. Олардың қа­та­рында ки­не­матографты ойлап тапқан аға­йын­ды Лю­мьер­лер, химик және биолог Луи Пастер, қы­­зу лампасын ойлап табушы Жорж Клод жә­не бас­қалар бар. Ассоциация әркезде де өнер­кәсіп пен экономикадағы прогреске жағ­дай жасай оты­рып өз кәсіпорындарын да­мытушыларды та­уып, ол­ар­ға қолдау көр­се­туге ұмтылады. «Егемен-ақпарат».