21 Желтоқсан, 2010

Жаңа...

357 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
...МӘДЕНИЕТ ҮЙІ ЕСІГІН АШТЫ Теміржолшыларға қарасты мә­де­ниет үйі ірге көтергеннен бері бірде-бір күрделі жөндеу көрмеген екен. Петропавл қала­лық әкім­ді­гінің қол астына өтіп еді, жұтынып шыға келді. Осы­дан 8 ай бұрын «Жол картасы» бағдарламасына енгізіліп, «Альфа-Север» ЖШС өзі­не жүк­тел­ген міндетті ойда­ғы­дай атқарды. Нысанның іші-сыр­тын қалпына келтіруге 130 миллион, абаттан­дыру жұмыстарына 70 миллион теңге жұмсалды. Суық, ыстық су жүйелері ауыстырылып, сахна жаңа үлгі бойынша безендірілді. Оның ашылу салтанатына об­лыс әкімі Серік Біләлов, Парламент Сенатының депутаты Ана­толий Башмаков қатысып, қайта жаң­ғырған мәдениет оша­ғының жағ­дайымен танысты. Сый-сия­пат­тар тарту етті. Жаңа отауда «Асыл мұра» ансамблінің тұсауы кесілді. Өмір ЕСҚАЛИ. Петропавл. * * * ...ӘМБЕБАП САУДА ОРТАЛЫҒЫ Жетісулық орта және шағын бизнес өкілдері тұтынушының талап-тілегін зерттеп, бастама­шы­л­дық­пен еңбек етуде. Қара­сай ауда­нындағы аталған сала қыз­­мет­кер­лері өткен мерзімде ха­лыққа 14 млрд. теңгенің қыз­ме­тін көрсетіп, еңбектерін еселей түскен. Ақжар ауылында кәсіпкер Бо­лат Жұмағалиевтің бастама­сы­мен «Арзан-3» әмбебап сауда ор­талығы ашылды. «Самұрық-Қа­зы­на» қо­ры­ның қолдауымен стан­дартқа сай, көп қабатты сауда орталығы қысқа мерзімде салынып, онда азық-түлік, киім-кешек, тұрмысқа қажетті зат­тар­дың бәрі қамтылып, тұрғын­дар­дың алыстан арбала­ған­ша, жа­қын­нан қажетін алуына мүм­кіндік жасалды. Ақжарлықтар қажетті тауар­ларын алумен қатар, жаңа жұмыс орындарының ашылуына да қуа­нышты. Күмісжан БАЙЖАН. Алматы облысы. * * * ...ҚОСЫМША ҒИМАРАТ САЛЫНДЫ Соңғы жылдары Қарғалы ауда­нын­дағы Петропавл орта мек­те­бінің бас ғимаратының қа­бырға­ла­ры жарылып, қауіпті бола бас­та­ған-ды. Ғимаратты қал­пы­на келтіру жұмыстары дер кезінде қолға алынды. Қабыр­ғаларға темір белдеу жүргізіліп, сақтандыру шара­лары жасалды. Жақында мектепке қосымша салынған жаңа ғимараттың ашы­лу салтанатында сөз сөйлеген Қарға­лы ауданының әкімі Айбек Сағиев білім ошағының кеңеюі­мен құт­тық­­тады. Құрылысты пайдалануға берген «СтройКомРесурс» ЖШС облыстық бюд­жеттен бөлінген 48 500 мың теңге қаржыны толық игеріп, біраз жыл тұрып қалған құры­лысты мерзімінде аяқтады. Мек­тептің екі қабатты қосымша ғи­мараты 220 оқушыға арналған. Онда негізінен 1-4 сынып оқу­шылары оқиды. Сатыбалды СӘУІРБАЙ. Ақтөбе облысы.