24 Желтоқсан, 2010

16 мың адам Қазақстан азаматтығын алады

346 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Сәрсенбі күні Ақордада Мемлекеттік хатшы – Сыртқы істер министрі Қанат Саудабаевтың төр­ағалығымен Қа­зақ­стан Республикасы Президенті жанындағы Азаматтық мәселелер жөніндегі комис­сиясының кезекті мәжілісі өтті. Комиссия отырысы барысында әлемнің түрлі елдерінде тұ­ратын Қазақстан азаматтығын алғысы келетін адам­дардың мәселелері қаралды. Бүгінгі комиссияның отырысы әлемдік деңгейдегі оқиға – Астанада өткен ЕҚЫҰ Саммитінен кейін және Жаңа жылдың алдында өткізілуде. Елбасы Н.Назар­баевтың басшылығы арқа­­сында Қазақстан 19 жылдың ішінде әлеуметтік-эконо­ми­ка­лық және демократиялық дамуда көңіл тасытатын биіктерге жетті. Халықаралық қоғамдастықта беделді орынға ие болды. Оның айғағы – Мемлекет басшысының бастамашылығымен еліміздің беделді Ұйымға төрағалық етуі және 11 жылдық үзілістен соң Астанада Ұйымға қатысушы елдер мемлекеттер және үкіметтер басшыларының саммитін өткізу болды, деді оты­рыста Мемлекеттік хатшы – Сыртқы істер министрі. Сондай-ақ, ол Қазақстанның қарқынды дамуының тағы бір айғағы – көптеген елден біздің ел азаматтығын алуға ниет білдірушілер санының артып отырғанын, бұл ел эконо­ми­ка­сы­ның мықты қуатын білдіретінін атап өтті. Мұндай жандар өз өмірлерін біздің елмен байланыс­тыр­ғысы келеді. Сон­дықтан, осы комиссия отырысынан кейін біздің отандастары­мыздың қатары көбейетін болады, деді Қ.Саудабаев. Еліміз Тәуелсіздік алғаннан кейінгі жылдарда Қазақ­стан­ның азаматтығын 600 мыңнан астам адам алса, олардың ба­сым бөлігінің азаматтық алуға деген өтініштері соңғы жылдардың еншісіне тиесілі екен. Комиссия отырысының қорытындысында 16 мыңнан астам өтініш қаралды. Қ.Саудабаевтың айтуынша, Елбасының арнайы Жарлығы қабылданғаннан кейін, осы мәселеге тікелей мүдделі мемлекеттік органдардың міндеті отандас­тар­мыз­дың біздің ортаға тезірек бейімделуін жылдам және жау­ап­кер­шілікпен жүзеге асыру, сондай-ақ, олардың Қа­зақ­стан­ның дамуына өз тараптарынан да үлес қосуларына мүмкіндік жасау болып табылады. Ләйла ЕДІЛҚЫЗЫ.