24 Желтоқсан, 2010

Қос нысан қатарға қосылды

413 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Айыртаулықтар қос қуа­ныш­­тың куәсі болды. Аудан орта­лығы Сау­малкөлде жиырма жыл бойы иесіз тұрған 78 пә­терлі  тұрғын үй қалпы­на келтірілді. Күрделі жөндеу жұ­мыс­тарымен «Омис-строй» ЖШС айналысып, бюджеттен бө­лінген 244 миллион теңгені тиімді жұмсай білді. Оның ашылу салтанатына қатыс­қан облыс әкімі Серік Біләлов пәтер кілттерін  соғыс және еңбек ардагерлеріне, бюджеттік сала қыз­меткер­леріне табыс етті. Алда облыс бойын­ша 17 көп қабатты үйлерді күр­де­лі жөндеуден өткізу міндеті тұр. Ауданда  жаңа элеватор да іске қосылып, 40 адам жұмыспен қам­тыл­ды. «Айыртау-Астық» фир­масы­ның жетекшісі Алмас Бүбінеевтің ай­туынша, өндірісті кеңейтуге 855 милион теңге қаражат жұмсалған.  Сөйтіп, астық қабылдау  сыйымды­лы­ғы 15 мың тоннаға жеткізілген. Келесі жылы  сыйымдылық екі есеге ұлғайтыл­мақ­шы. Кәсіп­орында ше­тел­дің озық құ­рал-жабдықтары орна­тылған. Сөй­тіп, Қызылжар өңірінде элва­торлардың жалпы сыйымдылы­ғын 200 мың тон­наға дейін артты­руға мүмкіндік туды. Өмір ЕСҚАЛИ. Солтүстік Қазақстан облысы, Айыртау ауданы.