23 желтоқсанда Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасары Т.Донақовтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Құқықтық саясат жөніндегі кеңестің кезекті отырысы болып өтті.
Кеңес отырысында ұлттық заңнаманы жүйелендірудің жай-күйі мен келешегіне қатысты мәселелер қарастырылды, Әділет министрлігінің 2010-2020 жылдар кезеңіне арналған Қазақстан Республикасының Құқықтық саясат тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі 2010 жылғы жоспарының орындалуы бойынша жұмыс қорытындылары туралы есебі тыңдалды.
Сондай-ақ кеңес отырысында Құқықтық саясат жөніндегі кеңестің ағымдағы жылғы жұмысы қорытындыланды және Кеңестің 2011 жылғы жұмыс жоспарының жобасы мақұлданды.
Құқықтық саясат жөніндегі кеңестің өткізген отырысының ұсыныстары Қазақстан Республикасындағы заңнаманы және құқық қолдану қызметін әрі қарай жетілдіруде ескерілетін болады.
«Егемен-ақпарат».