24 Желтоқсан, 2010

Астана әлем көз тіккен алаңға айналды

564 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін
Әлемдік бірліктің жаңаша бастауы Астана төрінде басталды. ЕҚЫҰ-ның Саммиті ХХІ ғасырдың басты оқиғасы бола отырып, әлемдік даму стратегия­сы­на айналған 56 мемлекеттік басқосуы қа­зақ тарихына алтын әріппен жазы­ла­ры сөзсіз. Бүкіләлемдік тарихқа көз жү­гірт­сек, мұндай жұлдызды сәттер са­наулы ғана. Қазақ топырағында әлемдік дең­гей­де­гі өткізілген бұл басқосуды бүкіл әлем ерекше назарда ұстағаны белгілі. Алай­да шаттық пен күдік қатар өрбігені тағы мәлім. Ал Астана Саммиті Елбасы ой­лағандай, үлкен жетістікпен, зор та­быс­пен аяқталып, болашаққа жол сілтеді. Батыс пен Шығысты ортақ келісімге келтіру қай заманда да оңайға соқ­па­ғаны белгілі. ЕҚЫҰ-ның алдында тұр­ған зор міндет Еуроатлантикалық және Еуразиялық кеңістік арасындағы мәсе­ле­лерді шешуде үлкен қадам жасалуы зор жетістік болып табылады. Қазақстан Республикасының әлем­дік қоғамдастықтағы беделі одан сайын арта түсті. Әлемдік ақпарат көздері Қа­зақ елінде өткен тарихи форум туралы, оны ұйымдастырған ел Президенті Нұр­сұлтан Назарбаев туралы пікірлері мен құттық­тау­ларын қарша боратты. Иә, кім не десе о десін, шын мәнінде бүгінде кез келген Қазақстан азаматы өз елі үшін және өз елін басқарып отырған Нұр­сұлтандай кемеңгер көшбас­шы­сы­мен мақтана ала­ды. Нұрсұлтан Назар­баев «Әлемдік қо­ғамдастықты түбе­гейлі жаңарту стра­тегиясы және өр­ке­ниеттер серіктестігі» деп аталатын кіта­бында «Өркениеттер шиеленісуі» болуы мүмкін. Сол себепті планетааралық, ең бас­тысы, қарама-қайшылықтар сілкінісіне жол бермеу керек, деп жазған бо­ла­тын. Астана Саммиті әр елдің алдына жарқыраған бағдаршам іспетті не істеу керек, қалай қарай жүру қажет деген нақты сұрақ қоя білді. Орта жолда тоқтап қалып, қалай, қай бағытпен жүруін білмей қайраңда қалған ел аз ба тарихта. Міне, осы тұрғыдан қа­ра­ғанда, елімізге, сүйікті Отанымызға қы­зыға да қызғана қараушылар бар­шы­лық. Әрине, елімізде өткен ЕҚЫҰ-ның VІІ Саммиті біз үшін маңызды, қуа­ны­шы да өте зор. Бұған жеткен жол да ұзақ болды. Алдағы уақыттарда Қазақстан мем­лекетінің алдында әлемге үлгі болар­лықтай атқарар істер тұр. Жеңіс қашанда бірлік пен ерліктің арқасында келері сөзсіз. Ел бірлігін сақтау, ұлтаралық татулықты ұлықтау әр қазақстандықтың қасиетті парызына айналуы тиіс. Бүгінде Қазақ елінің тарихи миссиясы тәуелсіз Отанымызды әлемдік аренада саяси және әлеуметтік-экономикалық күрделі құбылыстар ортасынан сүрінбей алып өтіп, жер жаһан таныған қуатты елге, батыс пен шығысты жалғайтын алтын көпірге айналдыру болып табылады. Мұндай тарихи міндетті еліміздің сенімді Көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев бастап атқарып шығатынымыз күмәнсіз. Әлемдік қоғамдастықта әділ саясат қажет. Саясатты шағын топ жасайды, бірақ көпшілік пікір айтады. Ф.­Д.Руз­вельт: «Саясатта кездейсоқтық деген болмайды, ол – баспен ойлап, қолмен істелетін нәрсе», деген екен. Астана Саммитінде қол жеткізілген қорытынды құжат – Елбасының еңбегінің жемісі. Жер шарындағы 6 млрд.-тан астам халықтың қайсысы бейбіт өмірді қаламайды дейсіз?! Ал Астана Декларациясының барша әлемге бейбітшілік пен қауіпсіздік, сенім мен достық ұрығын шашқаны анық. Әлімғазы  Есжанов, Ораз Жандосов атындағы  орта мектептің тарих пәні мұғалімі. Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Сөгеті ауылы.