24 Желтоқсан, 2010

Тәуелсіздік мерекесімен құттықтау

1120 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың атына ел тәуелсіздігінің 19 жылдығымен құттықтаулар келіп түсуін жалғастыруда, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі. Ресей Федерациясының Пре­зиденті Дмитрий Медведев өз құттықтауында былай деп жа­зыпты: «Қазақстан басшы­лы­ғының халықаралық аренадағы дәйекті бағыты, жауапты да бастамашыл саясаты рес­пуб­ли­каны бүкіл әлемде жоғары беделге бөледі. Ресей мен Қа­зақ­станды достық пен тату көр­ші­ліктің бай тарихи дәстүрлері байланыстырады. Бүгінде біз­дің елдеріміздің стратегиялық әріптестігі Еуразия континентіндегі интеграциялық үде­рі­стерге оң серпін беріп отыр». Италия Президенті Джорджио Наполитано итальян хал­қының атынан барша қазақ­стандықтарға береке-бірлік тілеген: «Сізді сондай-ақ ЕҚЫҰ-ға төрағалықтағы, әсіресе, Астанада Саммит өткізудегі қол жеткен табыстармен құттық­та­ғым келеді. Бұл оқиға Сіздің елі­ңіздің бейбітшілік пен ха­лық­аралық қауіпсіздікке деген шынайы ұмтылысын көрсетіп берді». Австрияның Федералдық Пре­зиденті Хайнц Фишер Қа­зақстан халқына береке және бақытты болашақ тілеген. Қазақстандықтарға және тікелей Нұрсұлтан Назарбаевқа өз құттықтауларын Шығыс Аме­рика және Нью-Йорк митрополиті, шетелдегі Орыс пра­вославие шіркеуінің бірінші иерархы Илларион, Нидер­лан­ды Королевасы Беатрикс жолдаған екен. Латвия Республикасының Пре­зиденті Валдис Затлерс Қа­зақстан Президентіне жолдаған хатында: «ЕҚЫҰ-ға төраға­лық­ты атқарған мемлекет ретінде Қазақстанға Ұйымның міндеттері мен перспективасын анықтау жөніндегі белсенді жұмысы үшін тағы да өз ри­за­шылығымды білдіргім келеді, сондай-ақ Қазақстан Республи­ка­сының елордасы – Астана­дағы ЕҚЫҰ Саммиті кезіндегі жылы шырайлы қабылдаулар үшін алғысымды айтамын», деп жазады. Әзірбайжан Республи­ка­сы­ның Президенті Ильхам Алиев­т­ің құттықтау хатында: «Әзір­байжан-Қазақстан достығы бай дәстүрге ие, мемлекетаралық қарым-қатынастар өзара сенім мен қолдауға негізделген, біз­дің ынтымақтастығымыз, екі жақты түрде де, халықаралық ұйымдар аясында да, біздің ха­лықтарымыздың мүдделеріне, біздің елдеріміздің өркендеуіне үнемі қызмет етеді және ай­мақта бейбітшілік пен тұрақ­ты­лықтың сақталуына үлес қо­сатын болады», – деп атап өтілген. Сондай-ақ Тәуелсіздік кү­ніне байланысты құттықтау Куба Республикасы Мемлекеттік Кеңесі мен Министрлер Кеңе­сінің Төрағасы Рауль Кастро Рустен келіп түсті.