25 Желтоқсан, 2010

Қосымша пойыздар жүреді

447 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
24 желтоқсаннан бастап 2011 жыл­дың 4 қаңтарына дейін «Жо­лау­шылар тасымалы» АҚ Жаңа жыл қарсаңындағы мереке күн­де­рін ескере келе, халықтың тасы­мал­ға деген сұранысын қанағат­тан­дыру үшін Алматы мен Астана қалалары арасында жүретін Алма­ты-2-Астана бағытында қаты­най­тын №35/36 қосымша жүрдек по­йы­зын іске қосады. Бұл темір жол көлігі мына кесте бойынша жүретін болады: – 2010 жылдың 24,26,28 жел­тоқсан күндері мен 2011 жылдың 2 қаңтарында 20 сағат 54 минөтте пойыз Алматы-2 вокзалынан жол­ға шығады. Астанаға 18 сағат 44 ми­нөтте келеді. – 2010 жылдың 25,27,29 жел­тоқ­санында және 2011 жылдың 3 қаң­тарында пойыз Астанадан 22 са­ғат 05 минөтте жүреді. Темір жол көлігі Алматы-1 вокзалына са­ғат 21-ден 38 минөт кеткенде келеді. Алматы-2-Астана бағытында қа­тынайтын №35/36 пойыз 11 вагоннан құралған: 7 купелік, 1 СВ-вагон және 3 плацкарт. Бұл қосымша пойыз мереке қар­саңында және мейрам күндері 3 мыңнан астам жолаушыны діт­теген жеріне жеткізуге мүмкіндік береді. Бұған қосымша, сұраныс көп болатын бағыттарға жолаушылар пойызына қажетінше қосымша вагондар тіркеледі. «Егемен-ақпарат».