31 Желтоқсан, 2010

Мереке күндері ауа райы қандай болады?

567 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
«Казгидромет» РМК-нің хабарлауынша, 2011 жыл­дың 1-2 қаңтары күндері күн ашық, аязды болады. Тек батыс өңірлерде батысеуропалық цик­лон­ның ықпалы сақталып, жаңбыр мен қар жауады, батыстан соққан желдің жылдамдығы секөнтіне 15-20 метрге дейін жетеді. Осы күндері рес­публиканың солтүстігінде, орта­лығы мен шығы­сында ауа тем­пе­ра­турасы түнде минус 30-35, қиыр шығыста 40 гра­дусқа дейін төмендейді,  күн­діз 20-28 градус аяз бола­ды. Ал оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірде ауа тем­пературасы түнде минус 13-23, күндіз 8-15 гра­дусты көрсететін болады. Маңғыстау, Атырау, Батыс Қа­зақстан облыстарында түнде 2-10 градустай, Каспий теңізі жағалауында 0-5 градус аяз болып, күндіз 2-7 градусқа дейін жылына­ды, тек кейбір жерлерде ғана термометр 3 градус жылылықты көрсететін болады.