«Нұр Отан» партиясы Алматы қалалық филиалының фракциясы осылай шешті
Алматы қаласында 1 ақпаннан бастап мемлекеттік балабақшаларда бір бала үшін төленетін ақы құны 15 мың теңгеден аспайды. Бұл жөнінде депутаттар Алматы қаласы мәслихатының 50-ші сессиясында бірауыздан қаулы қабылдады.
Естеріңізге сала кетейік, «Нұр Отан» партиясы Алматы қалалық филиалының фракциясы 2016 жылдың 22 қаңтарында мемлекеттік балабақшаларды шаруашылық есептен мемлекеттік тапсырысқа көшіру жөнінде бастама көтерген еді. Бұдан былай, мемлекеттік балабақшаларға баратын екі жастан бес жасқа дейінгі 17 000 бүлдіршін үшін тек тамақтану құны ғана төленетін болады. Осы мақсатқа жергілікті бюджеттен өткен жылдың қорытындысы бойынша үнемделген қаржыдан 3 млрд.теңге бөлініп отыр.
– Бізде тұрмысы төмен отбасыларының проблемаларын шешу мүмкіндіктері бар. Соның арқасында бүгін балабақша құнын көтерудің орнына 17 мың бүлдіршін үшін төленетін ақыны төмендеттік. Нәтижесінде, әрбір отбасы 20 000 теңгеге жуық ақшаны үнемдейтін болады, – деді сессияда қала әкімі Бауыржан Байбек.
Естеріңізге сала кетейік, бұрындары балабақшаға бару ақысының айлық есептік көрсеткіші 27 780 теңге болатын. 2016 жылдың басында бұл көрсеткіш 2 121 теңгеге өсіп, алматылық ясли-бала бақшалардың ақысы 31 815 теңге болуы тиіс еді.
Бұдан өзге, мемлекеттік балабақшалардың 3 600 тәрбиешісінің орташа жалақысы 48 мың теңге болса, енді оларға 30 пайыз үстеме төленеді.
Гүлзейнеп СӘДІРҚЫЗЫ,
«Егемен Қазақстан».
АЛМАТЫ.

Азия чемпионаты: Сабыржан Аққалықов өзбек боксшысынан басым түсті
Бокс • Бүгін, 12:02
Төрехан Сабырхан Азия чемпионатының финалында Иордания боксшысынан жеңілді
Бокс • Бүгін, 11:40
Алаяққа алданған жағдайда ақшаны қайтару мүмкін бе?
Қоғам • Бүгін, 11:30
Оразбек Асылқұлов Азия чемпионы атанды
Бокс • Бүгін, 11:27
Путин Пасха мерекесіне байланысты уақытша бітім жариялады
Әлем • Бүгін, 11:14
«Таза Қазақстан»: Полиция 3 мыңнан астам заңсыз қоқыс үйіндісін жойды
Экология • Бүгін, 10:47
Волонтерлік және азаматтық бастамаларды дамытуға 1 млн теңге грант беріледі
Волонтер • Бүгін, 10:35
Ақтау қаласы маңынан оқ-дәріге ұқсас зат табылды
Оқиға • Бүгін, 10:30
Саясаткер: Таяу Шығыстағы тұрақсыздық Орталық Азияға да әсер етуі мүмкін
Қазақстан • Бүгін, 10:24
Алматыдағы «Эмиль» дәмханасына қосалқы салынған нысан сот шешімімен сүрілді
Оқиға • Бүгін, 10:10
Таразда синтетикалық есірткі таратқан 43 жастағы азамат ұсталды
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 10:02
Халықаралық іздеуде жүрген Қазақстан азаматы Грузиядан экстрадицияланды
Заң • Бүгін, 09:51
Табиғат • Бүгін, 09:45
Каспий теңізінің жағалауында тәртіп бұзған шетелдік блогерге айыппұл салынды
Аймақтар • Бүгін, 09:40
Қазақстанның бес қаласында қолайсыз метеожағдай күтіледі
Ауа райы • Бүгін, 09:30