Әр адам да ел көргісі, жер көргісі келетін болар. Көңілге жайлы демалыс орындарында демалғысы, табиғаты тамаша жерлерді аралағысы келетін шығар. Кім саяхаттағысы келмейді дейсіз? Бірақ, кім-кім де түптің түбінде бәрібір туған жерін, туған елін аңсап тұрады. Рас, әлемде табиғаты әсем, көрікті жерлер көп болғанымен, бәрібір туған жердің ауасына, туған елдің қадіріне ештеңе жетпейді. Елін, халқын сүйетін жүрек туған жерге тартып тұратыны даусыз. Жұмыс бабымен өзге елден табыс тауып, бақуатты болуы мүмкін, алайда, жат жерде, жат елде бақытты өмір сүрген жан кездесе қоймас. Кеше Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Нұр Отан» партиясының ХVІІ съезінде «Байлық та, бақыт та, өмір де өз еліңде. Сырттан бақыт іздегеннің ісі баянды болғанын көргенім жоқ, қанша миллиардер болсаң да, қызықтың барлығы өз еліңде, өз бала-шағаңның жанында», –дегенін тікелей эфирден тыңдай отырып, мұның рас екеніне көз жеткіздім.
Шынында да, біздің елімізде бәрі де бар: кәсіптің сан түрін ашушыларға мемлекеттік қолдау да, Шымбұлақ, Бурабай секілді табиғаты көркем демалыс орындары да жеткілікті. Мемлекетіміз тәуелсіздігін алғалы бері шағын және орта бизнестің өркендеуіне түрлі жеңілдіктерді көрсетіп келеді. Егін егіп, төрт түлік мал өсіремін деушілерге сан-алуан субсидиялар түрінде көмек беріледі. Тіпті, хан сарайындай коттедж тұрғызамын деушілердің де қолын ешкім қағып отырған жоқ. Солай десек те, мемлекеттің қолдауымен елден тапқан табысын отандық экономиканы өркендетуге инвестиция ретінде салудан гөрі сыртқа шығарғысы келетіндер де әлі бар секілді. Енді шетелдегі қаржың мен мүлкіңді жария етіп, бизнесті өз Отаныңды өркендетуге бағытта дегенді түсінетін уақыт жеткен секілді.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Барлығын шетелге апарып, қаржыны тығып сонша не болды? Соның барлығын алып келіңдер деп заңдастыруды жасап отырмыз. Айыптамаймыз, кешіреміз, ешкімді қудаламаймыз. Алып келіңдер де, елдің ішінде болып жатқан жекешелендіруге қатысып, бір үлкен нысанды сатып алыңдар да, содан табыс тауып, халыққа жұмыс бересіңдер және елдің экономикасын көтересіңдер», – деуінің дәл қазіргі сәтте маңызы тіптен ерекше екеніне шүбә жоқ. Өйткені, әлем елдеріндегі қаржылық дағдарыстың дендеп тұрған шағында ел азаматтары өздерінің отаншылдығын шеттегі дәулетін ел экономикасына инвестиция түрінде салуымен де таныта алар еді. Сөйтіп, бір жағынан отандық бизнестің кең қанат жаюына да, екіншіден, еліміздің экономикалық өркендеуіне де үлесін қосады.
Тегінде, «Өзге елде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол» деген халық даналығы әркімнің де ойында жүргені жөн. Бақытқа да, байлыққа да, барлық қызыққа да өз елімізде ғана кенелгенімізге не жетсін!
Самат САҒЫНДЫҚОВ,
«Ембімұнайгаз» АҚ қызметкері,
«Нұр Отан» партиясының мүшесі.
Атырау облысы.

Қазақстанда қай бағыттағы жолдар жабық?
Қазақстан • Кеше
22 ақпандағы валюта бағамы жарияланды
Қаржы • Кеше
Сарапшылар қауымдастығы жаңа Конституция жобасының негізгі ережелерін талқылады
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Егемендікті нығайтудағы кешенді тәсіл
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Жазушы Смағұл Елубаев жаңа Ата заңның халыққа жақындай түскенін айтты
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Роза Рымбаева ел тұрғындарын референдумда дауыс беруге шақырды
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Қазақстан құрамасы фристайл-акробатикадан Олимпиаданың финалында сынға түсті
Олимпиада • 21 Ақпан, 2026
Тұңғышбай Жаманқұлов: Мемлекет пен халық үшін жаңа Конституцияның мәні зор
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Үш қазақстандық гимнаст Әлем кубогы кезеңінің финалына шықты
Спорт • 21 Ақпан, 2026
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Президентке қасиетті Рамазан айының басталуына орай құттықтау жеделхаттары келіп түсті
Президент • 21 Ақпан, 2026
Күзет қызметін бақылау комитетінің төрағасы тағайындалды
Тағайындау • 21 Ақпан, 2026
Азаматтардың 78%-дан астамы жаңа Конституцияны қолдайды
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Сот әкімдікке арнайы өтініш жасады
Аймақтар • 21 Ақпан, 2026