Сенат Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Ғылым және әлем істері жөніндегі Пагуош конференциясының (Пагуош ғалымдар қозғалысы) Бас хатшысы Паоло Котта Рамусино мен осы ұйымның атқарушы директоры Сандра Ионо Батчерді қабылдады, деп хабарлады осы палатаның баспасөз қызметі.
Пагуош қозғалысы бейбітшілік, қарусыздану, қауіпсіздік және ғылыми ынтымақтастық жолындағы ғалымдардың, саяси және қоғамдық қайраткерлердің ірі халықаралық ұйымы болып табылады. Ұйым атауы 1957 жылы Канаданың Пагуош қаласында алғашқы конференциясы өткен жерге байланысты қойылса, Рассел-Эйнштейн манифесі қозғалыстың негізгі құжатына айналды. Ұйым қарусыздану және қауіпсіздік саласындағы көптарапты негізгі келісімдерді: Ядролық қаруды атмосферада, ғарыш кеңістігінде және су астында сынауға тыйым салу туралы шарт; Ядролық қаруды таратпау туралы шарт; Зымыранға қарсы қорғаныс жүйесін шектеу туралы шарт; Биологиялық және химиялық қару түрлеріне тыйым салу туралы конвенция; Еуропадағы кәдімгі қарулар туралы шарт және басқа құжаттарды әзірлеу мен қабылдауда маңызды рөл атқарды. 1995 жылы ұйым Нобельдің бейбітшілік сыйлығына ие болды.
Қозғалыс өкілдерінің пікірінше, Қазақстан ғалымдардың 2017 жылы мерейтойлық кездесуін өткізу үшін ең лайықты орын болып табылады, өйткені, Қазақстан халқы ядролық сынақ зардаптарын өз басынан өткерді, ал қазіргі кезде Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жетекшілігімен мемлекет ядролық қарусыздану мәселелері бойынша жетекші ел болып мойындалды.
Қ.Тоқаев Пагуош қозғалысы ядролық қарусыздану және оны таратпауға, сондай-ақ, шиеленістерді реттеуге ғалымдардың қосқан қомақты үлесі үшін Қазақстанда құрметке ие екенін атап өтіп, ұйым басшылығының сапарына жылы шырай білдірді. Қ.Тоқаевтың айтуынша, әлемдік қоғамдастық Президент Н.Назарбаевты ядролық қаруға қарсы қозғалыстың көшбасшысы деп санайды, сондықтан Қазақстанда Пагуош конференциясын лайықты өткізу мәселелері Үкіметте пысықталатын болады.

Қазақстан құрамасының қысқы Олимпиададағы жолы: Жылдар мен нәтижелер
Қысқы спорт • Бүгін, 17:56
Nomad Academy шәкірттері ел біріншілігінде топ жарды
Теннис • Бүгін, 17:49
Ақсу жастары облыс әкімімен жаңа Конституция жобасын талқылады
Ата заң • Бүгін, 17:48
Дастан Сәтпаев алдағы маусымда жаңа нөмірмен алаңға шығады
Футбол • Бүгін, 17:39
Отандық құрылыс материалдары өндірісі саласын қандай тәуекел күтіп тұр?
Экономика • Бүгін, 17:31
2025 жылы ел экономикасы қалай дамыды?
Экономика • Бүгін, 17:25
Мемлекет басшысы Грузия Премьер-министрімен телефон арқылы сөйлесті
Президент • Бүгін, 17:14
Ақтауда «МузАРТ» тобының қатысуымен жаңа Конституцияны қолдауға арналған форум өтті
Ата заң • Бүгін, 17:11
Ұлытау облысында Ұлттық банк филиалының жаңа ғимараты ашылды
Аймақтар • Бүгін, 17:10
Сарапшылар Конституция жобасын түсіндірді
Ата заң • Бүгін, 17:05
Референдум және жаңа Конституция: Халық көп жиналатын орындарда ақпараттық жұмыс жанданды
Ата заң • Бүгін, 17:01
Балаларына вакцина салғызудан бас тартатындар көбейді: Себебі неде?
Қоғам • Бүгін, 16:55
Елімізде дәрі-дәрмек бағасы қымбаттады және тапшылық байқалуда: Себебі неде?
Қоғам • Бүгін, 16:52
Аймақтар • Бүгін, 16:42
Қостанайда ауылшаруашылық техникаларының көрмесі өтті
Аймақтар • Бүгін, 16:30