06 Ақпан, 2016

Қостанайға «көктем» келді

373 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
06-02-2016-PagodaҚОСТАНАЙ. 6 ақпан. Қостанайда күн күрт жылып кетті. Жұма күні түнімен жаңбыр жауып, ертеңіне қарға ұласты. Ауаның температурасы 0-ден жоғарылап, +5 градусқа дейін жетті. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Жергілікті синоптиктердің айтуынша, жылы ауа ағысы біртіндеп аязды ығыстырды. Ауа тепературасы 0-ден жоғарылағаннан кейін қалың қар еріп, үй шатырларынан сорғалап су ағып тұр. Күннің мезгілсіз жылынуы ашық мұз айдынының да белгілі нормасын бұзды. Сенбі күні мұзда конькимен сырғанаудан өтетін жарыс амалсыз тоқтатылды. Көшелерде еріген қар мен мұздан жолдардың көктайғақтануы да күшейіп тұр. Бірақ ауа райын болжаушылар айтқандай, Қостанайға бұрылған «көктем» көп тұрақтамайтын секілді, апта басынан аяз қайтадан күшіне мінетін түрі бар. Тиісті орындар жолдарда көктайғақтың күшейе түсетінін әлден ескертіп отыр. Нәзира Жәрімбетова Дерек, сурет: egemen.kz.