07 Ақпан, 2016

Қазақстан әлем чемпионатының қола жүлдесіне таласады

256 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
07-02-2016-bandy 03АСТАНА. 7 ақпан. Допты хоккейден Ресейдің Ульяновск қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы финалға шыға алмады. Жартылай финалда ұлттық құрамамыз Ресейден 6:16 есебімен ойсырай жеңілді. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Ойын барысында Қазақстан сапынан Рауан Исалиев, Павел Дубовик және Дмитрий Завидовский бір-бір голдан соқса, Сергей Почкунов хет-триктің авторы атанды. Келесі жартылай финалдық ойында Швеция мен Финляндия кездесіп, финндер 3:2 есебімен басым түсті. Енді Финляндия мен Ресей чемпиондық атақты сарапқа салса, Қазақстан Швециямен қола жүлдеге таласады. Еламан Қоңыр. Дерек: egemen.kz. Сурет: rsport.ru. 07-02-2016-bandy 04