Жалпыұлттық социал-демократиялық партия атынан Парламент Мәжілісі депутаттығынан үміткер, партияның облыстық филиалының төрағасы Мирамбек Камалов бір топ ақтөбеліктермен кездесті. Кездесу барысында ол партияның сайлауалды бағдарламасына жан-жақты тоқталып, оның басым бағыттарын тарқата әңгімеледі.
Оның айтуынша, ЖСДП аталмыш сайлау додасына партияластарымен қатар, танымал азаматтық қоғам өкілдерін жұмылдыра отырып түсіп отыр. Тізімде сондай үміткерлердің болуын үлкен қолдаудың нышаны ретінде бағалады. Ол партиялық тізімге ЖСДП атынан 23 үміткер енгізілгенін, олардың орташа жасы 54,7 екенін, түгелдей жоғары білімді екенін алға тартты. Сайлауалды бағдарламада еліміздегі бірқатар көкейкесті мәселелерді шешуге ұйытқы болу көзделетінін жеткізді.
Мәжіліске өткен жағдайда партияның азық-түлік пен дәрі-дәрмекке бағаның өсуіне, коммуналдық қызмет тарифтерінің көтерілуіне жол берілмеуіне, ішкі резервтерді іздестіру нәтижесінде еңбекақы мен зейнетақыны көтеруге, мемлекеттік қызметті оңтайландыруға ықпал етуге ұмтылатынын атап өтті. «Қазір сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары қарқын ала бастады. Біз партияның сайлауалды бағдарламаларын түсіндіретін газет, плакат және парақшалар түріндегі үгіт-насихат материалдарын таратуды бастадық. Сондай-ақ, шалғай аудандардағы сайлаушылармен кездесулер өткізілуде. Жақында ғана Ойыл, Темір аудандарында болдық, ЖСДП-ның сайлауалды бағдарламасын түсіндіріп қайттық. Мұндай жұмыстарды барлық аудандарда өткізу көзделуде. Күні кеше ғана қаладағы бір топ ардагермен жүздесіп, алдағы сайлауға байланысты келелі кеңес құрылды. Ең басты басқосу үстіміздегі жылы наурыз айының ортасына таман ЖСДП төралқа мүшелерінің қатысуы-
мен өтетін шара», – деді М.Камалов.
Жалпыұлттық социал-демократиялық партия атынан Парламент Мәжілісі депутаттығынан үміткер, партияның облыстық филиалының төрағасы М.Камалов сөзінің соңында партияның сайлауалды бағдарламасында халықаралық социал-демократия идеясының озық тұстарын сұрыптап пайдалана отырып, қоғам игілігі қағидаттарына негізделген бірқатар шаралар кешені ұсынылатынын көлденең тартты.
Кездесуде сөз алған қала тұрғыны А.Жайсаңбаев, «М-Техчсервис» ЖШС-нің операторы Бекболат Қалаубайұлы Жалпыұлттық социал-демократиялық партияның сайлауалды бағдарламасына байланысты өзіндік ой-тұжырымдарын ортаға салды.
Кездесуде бұдан басқа да мәселелер төңірегінде әңгіме болды.
Сатыбалды СӘУІРБАЙ,
«Егемен Қазақстан».
Ақтөбе облысы.

Путин Пасха мерекесіне байланысты уақытша бітім жариялады
Әлем • Бүгін, 11:14
«Таза Қазақстан»: Полиция 3 мыңнан астам заңсыз қоқыс үйіндісін жойды
Экология • Бүгін, 10:47
Волонтерлік және азаматтық бастамаларды дамытуға 1 млн теңге грант беріледі
Волонтер • Бүгін, 10:35
Ақтау қаласы маңынан оқ-дәріге ұқсас зат табылды
Оқиға • Бүгін, 10:30
Саясаткер: Таяу Шығыстағы тұрақсыздық Орталық Азияға да әсер етуі мүмкін
Қазақстан • Бүгін, 10:24
Алматыдағы «Эмиль» дәмханасына қосалқы салынған нысан сот шешімімен сүрілді
Оқиға • Бүгін, 10:10
Таразда синтетикалық есірткі таратқан 43 жастағы азамат ұсталды
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 10:02
Халықаралық іздеуде жүрген Қазақстан азаматы Грузиядан экстрадицияланды
Заң • Бүгін, 09:51
Табиғат • Бүгін, 09:45
Каспий теңізінің жағалауында тәртіп бұзған шетелдік блогерге айыппұл салынды
Аймақтар • Бүгін, 09:40
Қазақстанның бес қаласында қолайсыз метеожағдай күтіледі
Ауа райы • Бүгін, 09:30
Бүгін 1 доллар қанша теңгеден саудаланып жатыр?
Қаржы • Бүгін, 09:20
Қытай аумағында жер сілкінісі тіркелді
Әлем • Бүгін, 09:13
Ғалам ғажаптары • Бүгін, 09:10
Көрме • Бүгін, 09:05