«Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясының Алматыдағы штабында сайлаушылар Парламент Мәжілісі депутаттығына кандидатпен кездесті. Салтанатты іс-шара алдында еліміздің Әнұраны орындалды.
– Біздің алматылық партия мүшелері еліміздің өзге аумақтарындағы секілді сайлау науқанына жан-жақты дайындықпен келді. Партия өзі тарапынан жаңадан сайланатын Парламентке 19 үміткердің есімін атаған болатын, – деді сайлаушылар алдында сөз сөйлеген «Ауыл» ХДПП-ның Алматыдағы филиалының директоры Абдолла Сапаров. – Бүгін сіздер біздің Алматыдағы бас штабта алғашқы үміткерімізбен кездесіп отырсыздар.
Үміткердің аты-жөні – Дәурен Әділмырзаұлы Маралов, «Алтын диірмен» корпорациясы директорлар кеңесінің төрағасы. Халықаралық дәрежедегі экономист маман. Сайлаушылармен жүздесу барсында үміткер өзі және болашақ жоспары туралы, сондай-ақ, әлеуметтік мәселелерге байланысты қойылған сауалдарға жан-жақты жауап берді.
– Сіз не үшін сайлауға түсуге бекіндіңіз?
– Сайлау ең алдымен кез келген еліміздің азаматының, яғни үміткердің мүмкіндігін, саяси әлеуетін сынайтын емтихан. Адамның қоғамға қаншалықты қажет екендігінің анық көрсеткіші.
– Кімге арқа сүйейсіз?
– Ең алдымен – ауыл халқына. Республика тұрғындарының 45 пайызы ауылда тұрады. Олардың барлығы да «Алтын диірменнің» нанынан ауыз тигендер. Сол секілді өзім басқарып отырған 2000 адамдық ұжымды да сайлау алдындағы үлкен де қуатты күш санаймын.
Парламент Мәжілісінің депутаттығына кандидат Дәурен Маралов сайлаушыларға еліміздегі заң шығарушы жоғарғы органның тыныс-тіршілігінен жақсы хабардар екені туралы да нанымды әңгіме айтып берді. Сол себепті де алғаш ұсыныс түскен кезде көп ойланбастан сайлау науқанына қатысуға тас түйін дайын болған. Үлкен өндірістің жас басшысы саяси үлкен науқанда Парламент мінберіне қол жеткізсе, Қазақстанның болашағы – қоғамдық дамудың жаңа сатысын жаңғырту жас ұрпақтың қолында екенін дәлелдемек.
Жиында ел мен жер, ана мен бала, ауыл шаруашылығы өнімдері мен нан тағамдары, жел мен су, тіпті, топырақ эрозиясына дейін әңгіме көтерілді. Сайлаушылардың көкейін мазалаған барлық сұраққа Дәурен Маралов тұшымды жауап қайтарды.
Алғашқы тұлпарын үлкен додаға желпіндіріп қосқан ауылдықтар салтанатты шараны «Атамекен» әнін орындап аяқтады.
Талғат СҮЙІНБАЙ,
«Егемен Қазақстан».
АЛМАТЫ.

Путин Пасха мерекесіне байланысты уақытша бітім жариялады
Әлем • Бүгін, 11:14
«Таза Қазақстан»: Полиция 3 мыңнан астам заңсыз қоқыс үйіндісін жойды
Экология • Бүгін, 10:47
Волонтерлік және азаматтық бастамаларды дамытуға 1 млн теңге грант беріледі
Волонтер • Бүгін, 10:35
Ақтау қаласы маңынан оқ-дәріге ұқсас зат табылды
Оқиға • Бүгін, 10:30
Саясаткер: Таяу Шығыстағы тұрақсыздық Орталық Азияға да әсер етуі мүмкін
Қазақстан • Бүгін, 10:24
Алматыдағы «Эмиль» дәмханасына қосалқы салынған нысан сот шешімімен сүрілді
Оқиға • Бүгін, 10:10
Таразда синтетикалық есірткі таратқан 43 жастағы азамат ұсталды
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 10:02
Халықаралық іздеуде жүрген Қазақстан азаматы Грузиядан экстрадицияланды
Заң • Бүгін, 09:51
Табиғат • Бүгін, 09:45
Каспий теңізінің жағалауында тәртіп бұзған шетелдік блогерге айыппұл салынды
Аймақтар • Бүгін, 09:40
Қазақстанның бес қаласында қолайсыз метеожағдай күтіледі
Ауа райы • Бүгін, 09:30
Бүгін 1 доллар қанша теңгеден саудаланып жатыр?
Қаржы • Бүгін, 09:20
Қытай аумағында жер сілкінісі тіркелді
Әлем • Бүгін, 09:13
Ғалам ғажаптары • Бүгін, 09:10
Көрме • Бүгін, 09:05